Қаржылық талдаудың мақсаты – кәсіпорнның қаржылық жағдайына баға беру және алынған қорытындылар негізінде қызметті жақсарту үшін кеңес беру.
Қаржылық талдаудың тапсырмалары аналитикалық берілгендерді қолданушылардың қызығушылығымен анықталады.
Басқарушылық талдау мәліметтері кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік саясат сұрақтары үшін маңызды орын алады , яғни технологияның жаңаруы максималды табысқа жетудің механизміне жету. Сондықтан да басқарушылық талдау қорытындылары сыртқа шығарылмайды және де ішкі кәсіпорын механизмін оперативті түрде өзгерту үшін қажет.
Басқарушылық талдау фирмалардың жетекшілері үшін ақпараттар береді, оның мынадай ерекшеліктері бар:
Ол өзіне мыналарды енгізеді: сауда-шаруашылық қызметінің көлемдік көрсеткіштерін талдау; оларға әсер ететін тауарлар мен факторларды сату құрылымын талдау; кірістерді, шығыстарды, пайдаларды талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |