Басқарушылық талдау – кәсіпорын қызметінің барлық ақпараттарын қолданады және соның ішінде арнайы тұлғаларға арналған шектелген ақпаратты да қолданады. Ішкі талдау кәсіпорын аумағында кәсіпорын қызметін басқару мұқтаждықтары үшін жүргізіледі.
Ішкі қолданушыларға кәсіпорынның әр түрлі дәрежедегі басқарушылар жатады. Басқарушылық талдау мәліметтері кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік саясат сұрақтары үшін маңызды орын алады , яғни технологияның жаңаруы максималды табысқа жетудің механизміне жету. Сондықтан да басқарушылық талдау қорытындылары сыртқа шығарылмайды және де ішкі кәсіпорын механизмін оперативті түрде өзгерту үшін қажет.
Қаржылық және басқарушылық талдауға бөлудің тағы бір себебі ол – белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |