5 Азаматтық құқық негіздері Жоспар

Loading...


бет1/3
Дата01.03.2021
өлшемі27.69 Kb.
  1   2   3

5-6.Азаматтық құқық негіздері

Жоспар:

  1. Азаматтық түсінігі. Қос азаматтық.

  2. Азаматтықты алу мен тоқтату.

  3. Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты

Дәріс мәтіні:

Азаматтық - тұлғаның  нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді:  мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.


Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Аустралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) 

Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады
Азаматтық қоғам - көп сатылы экономикаға, заң үстемдігіне, саяси жүйенің демократиялығына негізделген қоғамдық құрылым мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың экономикалык т.б. белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы
Азаматтық менсінбеу - ол басқа біреулердің бар болуын біле отырып, бірақ оларды ерекше назар аудару объектілері деп есептемейтін жеке адамнын көрсету тәсілі. Мысалы, адамның көздері біреуге қарауы мүмкін, бірақ оны тікелей көрмеуі немесе тез таюы мүмкін, егер көзқарастардың түйісу мүмкіндігі болса. Азаматтық менсінбеу «Интеракция» және «Интеракция рәсімінің» болуын көрсетеді. Гофман бойынша бұл - әлеуметтік интеракцияның жалпы процестерін басқару

Қос азаматтық — Бипатри́д (лат. bis- екі рет және гр. -πατρίς, ілік септік πατρίδος — отан, туған жер) — халықаралық құқықта, бір уақытта екі немесе одан көп азаматтығы бар физикалық тұлға, мемлекеттердің әрқайсысы өз азаматтық міндеттерін орындауды тұлғадан талап етуі мүмкін. Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады.

Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті Билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің азаматы. Ал ол мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалу мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды. Тағы бір мәселе әскери қызмет атқаруға қатыстылықтан туындайды.Бипатрид өз Отанын қорғауға міндетті. Ал оның отаны – екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің біреуінің ғана жағына шығуы керек. Мұндай ахуал қос азаматтығы бар адамның алдына елеулі мәселелер тартуы мүмкін.

ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес  азаматтық:



  • тууы бойынша;

  • ҚР-ның азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

  • ҚР-ның халықаралық шарттарында  көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;

  • осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

Егер Сіз басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ  адам болсаңыз, онда Сіз өтініш беріп:

  • ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының;

  • ҚР-ның Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ҚР Президентінің Жарлығының;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының;

ҚР-ның шет елдегі мекемелерінің ҚР-ның азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулықтың нормаларына сәйкес ҚР-ның азаматтығына қабылдана аласыз.

 «Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес ҚР-ның азаматтығына:



  • Қазақстан Республикасында кемінде бес жыл тұрақты тұратын адамдар (азаматтық алу туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасында тұрудың бес жылдық мерзімі үздіксіз болуы керек) немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған (кемінде 3 жыл);

  • Бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, жақын туыстарының бірі - Қазақстан Республикасының азаматтары: бала (асырап алынған баланы қоса алғанда), жұбайы (әйелі), ата-аналарының бірі (асырап алушылар), әпке, ағасы, атасы; немесе әжесі, Қазақстан Республикасында болу мерзіміне қарамастан.

«Азаматтық туралы» Заңның 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен қабылданады:

Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:



  • тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар;

  • тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.

Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау  құқығы жоқ және ҚР-ның азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне  өтінішхат  беруі тиіс. Өтінішхат ҚР президентінің атына беріледі. Өтініште азаматтыққа қабылдау себептері көрсетілуі тиіс.
Ішкі істер органдарының ҚР-ның азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына Ішкі істер органдарының ҚР азаматтығымен байланысты  мәселелерді қарау бойынша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:


  • белгіленген нысан бойынша сауалнама-өтініш;

  • өмірбаян;

  • өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;

ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

1 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;

басқа мемлекеттің құзыретті органмен берілген бұрынғы азаматтығы  жоқтығы немесе  тоқтатылғаны туралы анықтама.

Аталған құжаттардан басқа:

ҚР Президентінің  2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығымен оларға қатысты азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін кәсіптер мен талаптар тізбесінің  талаптарына жауап беретін  адамдар   - бейінді мемлекеттік органның өтінішхатын;

ҚР-на тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар үшін – оралман куәлігі  және бұрынғы азаматтығынаан бас тарту туралы өтініші;

ҚР-ның азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте ҚР-ның азаматымен некеде тұрса, онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.

ҚР-на тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі ҚР-ның азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың ҚР-ның азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.

Аудандық (қалалық) ішкі істер органдары  азаматтыққа қабылдау туралы мәліметтерді облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаменттеріне тапсырады, ал олар  құжаттарды тексеріп, олар бойынша тұжырымдама жасап, Ішкі Істер министрлігіне табыстайды. ІІМ ол мәліметтерді өз тұжырымдамасымен бірге ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды.   





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...