5-10 сынып оқушылары арасында өткізілген жиналыс №2 хаттамасы
21.04.2022 №1 жалпы орта мектеп КММ
Қатысқандар: 80
Күн тәртібінде: «Діни экстремизм мен терроризмнің адын алу жолдары»
Тыңдалды: Жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысын жиналыс төрайымы Х. Чалданова ашты. Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма төрт жылға толды. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы екендігі тарихтан мәлім. «Терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан‑лоққы мен зорлық‑зомбылық» дегенді түсіндіріп айтты. Кейін сөзді ауылымыздың бас имамы Куваниш ағаға берді. «Діни экстремизм мен терроризмнің адын алу жолдары» атты баяндама оқып, «Діни экстремизм» дегеніміз - жаппай санада «экстремизм», «діни экстремизм» және «терроризм» ұғымдары агрессиялықтың, жеккөрушіліктің, қатігездік пен алауыздық ұғымдарын тасымалдаушы синонимдер болып табылады. Ендеше, дін мен діни экстремизм ұғымдарының ара-жігін ажыратып алғаннан кейін қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған Ислам діні мен Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар жөнінде тоқталғанымыз жөн. Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады.
Сөз түйіні, Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатады. Жаратушы сөзімен қарасақ, бір адамға қиянат жасап, құрбан ету күллі адамзатқа бағытталған амал ретінде түсіндіреледі. Сонымен Исламның қақтығыс, лаңгестік, зорлық-зомбылықты, өктемдікті айыптаған, керісінше қоғамдық тұрақтылық, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздаған дін екендігіне көзімізді жеткіземіз.Терроризмнің ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм, экстремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды деп сөзін қорытындылады.
Қаулы:
«Діни экстремизм мен терроризмнің адын алу жолдары» атты баяндама тыңдалып, танысты деп есептелінсін.
Жиналыс төрайымы: Х. Чалданова
Жиналыс хатшысы: Х.Нишанова
Достарыңызбен бөлісу: |