Scanf() енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру спецификациясының көбін пайдаланады.
scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады. Мысалы:
scanf("%d%f", &x,&y); Кейбір айырмашылықтарын атап өтейік.
%е және %f спецификациялары енгізу кезінде бірдей болып табылады;
short типті бүтін санды енгізу кезінде %h спецификациясы қолданылады.
ЕСКЕРТУ. Айнымалы адресін беру үшін адрестерді жазғанда, айнымалы адресін анықтау үшін & символы қолданылады. Ал жолдық (қатарлық) айнымалыны енгізгенде, & символы жазылмайды.
Жол енгізуден бір мысал келтірейік.
/* Жол енгізу мысалы */ main()
{
char name [15];
clrscr();
printf("\n‚Ввод имени \n");
scanf("%s",name);
printf("Автором программы является %s\n",name);
}
name атты символ массиві енгізілгенде, адресті анықтайтын & символы жазылмайды, өйткені массивтің аты name массив адресін анықтайды.