41. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мен мәдени нысандар


-1950 жж. қазақ ұлт зиялыларының саяси қуғын-сүргінге негізсіз ұшырау себептері



бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі31.1 Kb.
#361317
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
41-50
англ
49. 1940-1950 жж. қазақ ұлт зиялыларының саяси қуғын-сүргінге негізсіз ұшырау себептері
Тәуелсіздік жолындағы күрескерлер тарихының тамыры тереңде. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихы Ресей отаршылдығынан бастау алатыны белгілі. Оның хронологиялық шегі – үш ғасырды (ХҮШ-ХХ ғғ.) қамтиды. Бұл кезеңде патшалық билік те, кеңестік билік те «ұлы державалық» ұстанымда болды. Әріге бармай-ақ, ХХ ғасырдың басында азаттық күрестің жаңа формаларын ұсынған Алаш қайраткерлерінен бастап жетпіс жылдық кеңестік жүйеге бірінші болып соққы берген желтоқсандықтардың күрескерлік қызметін шартты түрде былайша кезеңдеуге болады:
1-кезең. Алаштық кезеңдегі күрескерлер (1917-1937)
2-кезең. Соғыс қарсаңындағы күрескерлер (1940-1950)
3-кезең.Тоқырау жылдарындағы күрескерлер (1960 -1970)
4-кезең. «Қайта құру» кезеңіндегі күрескерлер (1985-1990).
2 кезең Соғыс қарсаңы және соғыстан кейінгі күрескерлер (1940 – 1950 жж.).
1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында сталиндік қуғын-сүргіннің үшінші толқыны өзінің жалғасын тапты. 1946 жылдың тамыз айында «Звезда» және «Ленинград» журналдарының ұжымы, драма театрлардың репертуарлары, «Болшая жизнь» кинофильм туралы БК(б)П қаулылары осыған жол ашты. Саяси-идеалогиялық қысым әдебиеттен бастап музыка, жаратылыстану, қоғамдық ғылымдарды түгел қамтып, 1953 жылы «дәрігерлер ісімен» аяқталды. Бұл науқандар Қазақстанда да жаңғырып, ескі феодалдық қоғамды дәріптеуге, буржуазияшыл ұлытшылдарға қарсы күреске әкелді. Осы бағытта ҚК (б) П орталық комитетінің 1947 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысының жағымсыз рөлі ерекше болды.
1940-1941 жж. Батыс Қазақстанда Ғарифолла есімді азамат ұлттық мәселелерді көтерді. Кеңестік мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы байқалды. Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда (сталиндік кезең, партиялық қатаң қадағалау) дамыды. Қоғамдық ғылымның одан әрі дамуына интеллигенцияны, жаңаша ойлап, жаңа жолдар іздейтін зиялы қауым өкілдерін қудалаудың жаңа кезеңі басталды.
Қазақстан Компартиясы ОК үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі Ілияс Омаровты «Е.Бекмахановтың көзқарастарын жақтағаны» мен «түсініксіз ұстанымда» болғаны үшін айыптады. 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын Қазақ әдебиеті оқулықтарының барлық басылымдарын алып тастауға» бұйрық берілді. Надандық жеңісі салтанат құрды. 1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» күрделі еңбектің авторларының бірі, дарынды тарихшы Е.Бекмаханов, 1946 жылы КСРО ҒА-да докторлық диссертациясын қорғап, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы үшін айыпталып, 25 жылға сотталғаны белгілі.
Көрнекті қоғамтанушы ғалымдар – А.Жұбанов, Қ.Жұмағалиев, Б.Сүлейменов, Е.Ысмайыловтарға саяси айыптар тағылды. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қ.Сәтбаев пен заңғар жазушы М.Әуезов қудаланды. Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Одан кейінгі жылдары қазақ әдебиетінде І.Есенберлин, Б.Момышұлының шығармалары елдің ұлттық сана сезімін оятты.
Кеңес өкіметі мен КОКПОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені