41. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мен мәдени нысандар



бет1/7
Дата23.11.2022
өлшемі31.1 Kb.
#361317
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
41-50
англ

41. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мен мәдени нысандар
ІІ дүниежүзілік соғыстың қамтыған географиясы ауқымды, зардабы өте ауыр болды. Аяқталғалы 75 жыл өткен бұл сұрапыл соғысты, оның шеңберінде болған түрлі оқиғаларды бүгінгі уақыт биігінен бағалау үрдісі бой көрсетті. Сондықтан оған қатысты бұрыннан қалыптасқан ұстаным, түсініктерге өзгерістер ене бастады. Соғыс оқиғалары туралы жаңа деректердің шығуы, қатысушы мемлекеттердің сол кезеңдегі мәліметтерді жариялай бастауы, әрине, бұрынғы қалыптасқан түсініктерді өзгертпей қоймайды. Десек те, бұл соғыстың адамзатқа орасан зор шығын әкелгені, жер үшін, ел үшін жан берісіп, жан алысу болғаны, оған қатысушылардың төгілген қаны, ерлігі, маңдай тері жадымыздан өшпек емес... Соғыс жылдары Қазақстанға жүз­деген зауыт пен фабрика көші­рілді. Бұл Ресей, Украина, Беларусьтың оккупацияланған аймақтарындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар болатын. Кеңес әскерін қамтамасыз етуде Қазақстан шешуші рөл атқарды деп зор мақтанышпен айтуға болады. Қазақстанның соғыс жылдарындағы шеккен зардабы да өте жоғары. Қазақстаннан майданға шақырылғандардың жартысы отбасына оралмады. Хабарсыз кеткен қа­зақтарды іздеу әлі де жалғасуда. Аз ғана ардагерлеріміз қалды. Сондықтан бүкіл ғылыми қауымдастық тарихи жадыны сақтауға және олардың батырларына деген құрмет пен мақтаныш сезімін жас ұрпаққа жеткізуге өз үлестерін қосуы керек. Өз тарихымызды білмей – болашаққа жол жоқ!


42. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың Мәскеу үшін шайқастағы ерліктері
Мэскеуді неғұрлым тез арада басып алуды Гитлер соғыстың тағы да жеңістің кілті деп білді. Міне, сондықтан да Мәскеуге карай вермахтың ең негізгі күштері бағытталып, ең маңызды, шешуші шайқастар басталды. Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазакстанда жасақталған эскери құрамалар ерекше ерлік көрсетті. Олардың бірі - 316 атқыштар дивизиясы болатын. Дивизияның күрамында Алматы,Жамбыл жэне Оңтүстік Қазақстан облыстарының, ішінара Қырғызстанның еңбекшілері де болды. Дивизияның командирі болып, аты аңызға айналған 25-Чапаев дивизиясының 87 катарында шайкасқан генерал-майор И.В.Панфилов тағайындалды. Дивизия оөлімдері қысқа мерзім ішінде әскери даярлықтан өтіп, 1941 жылдың 18 тамызында майданға аттанды. 316-атқыштар дивизиясы алғашкыда солтүстік-батыс багытка жөнелтіліп, кейіннен қалыптасқан жағдайға байланысты Мэскеуді корғауға жіберілді. Волоколамск түбіндегі ұрыста дивизия ерекше көзге түсті. Алты күн бойы жаудың үздіксіз шабуылдарына тойтарыс бере отырып, 80-ге дуық танкісін қиратты жэне мыңдаған солдаттар мен офицерлерінің көзін жойды.
Дивизия өзінен төрт есе басым жаумен кескелескен үрыстар жүрзіп, жаудың екінші танк, 29 механикаландырылған, 11 жэне 110-шы жаяу әскер дивизияларын тас-талқан етті. 316-атқыштар дивизиясы 1941 жылы 17 қарашада майдан даласындағы әскери міндетін абыройлы атқарғаны үшін КСРО Жоғары Кеңес Президиумының шешімімен Қызыл Жұлдық орденімен марапатталып, сол күні Қорғаныс Халық Комиссариатының бұйрығымен 8-ші гвардиялык дивизия болып қайта қүрылды. Дивизия соғыс жылдарында жаудың 43 ұшағын, 387 танкісін, 451 қаруын, 828 пулеметі мен баска да көптеген қаруы мен соғыс техникасын колға түсірді. 1941- 1945 жылдары немісфашист басқыншыларына қарсы шайқастардағы ерлігі үшін күраманың 14 мыңнан астам солдаттары, сержанттары мен офицерлері көптеген ордендермен жэне медальдармен Марапатталған. Майданға қатысқан алғашқы әскери құрамалардың бірі — 312-атқыштар дивизиясы. Дивизияны полковник А. Ф. Наумов басқарды. Кейін ол генерал-майор атағына иеленді. 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеков разъезіндегі шайқаста фашист басқыншыларынан Мәскеуді қорғау кезінде генерал Панфиловтың дивизиясындағы 28 жауынгер немістің шамамен жиырмадай танкісін жойып және немістердің шабуылын тоқтатып, мәңгі өшпес ерлік жасады. Мәскеу түбіндегі шайқас шешуші шайқастардың бірі және Ұлы Отан соғысындағы маңызды оқиға болды. Төрт сағат бойына панфиловшылар артиллерияның және бомбаның бораған отымен әуеден жаудың танкілерін және жаяу әскерлерін тоқтатты. Олар қарсыластарының бірнеше шабуылын қайтарды және 50 танкінің 18-ін жойды. Алайда жасақтағы жауынгерлердің басым көпшілігі қаза болды, қалғандары қатты жараланды (көп уақыттан бері барлық 28 адам өлді деп есептелді). Әрине, Мәскеуді қорғау кезінде Қызыл Армия бөлімшелерінің арасында ерліктің және қаһармандықтың өзге де мысалдары болды, Мәскеу түбіндегі шайқаста мыңдаған кеңес жауынгерлері өмірін қиды (генерал-майор И. В. Панфиловтың өзі-де), ал батыр-панфиловшылардың ерлігі тарихта қалды және соғыста ерекше жұмылдыру рөлін атқарды, батырлардың ерлігі мен күші туралы аңыздар қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені