4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 7-сынып Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі27.92 Kb.

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 7-сынып

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»





Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай мәселелерін көтереді? Сызбаны толтырып, жазыңыз.


Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.



Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.




2-тапсырма. Оқшау сөздерге тест тапсырмаларын орында.

1. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол, сірә, бүгін келмейді.     

В) Кел, балалар, оқылық!    

С) Мен дүкенге бардым.  

Д) Піскен алма жерге түсті.  

Е) Паһ, шіркін!

2. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер!

В) Екібесіміз-он.    

С) Отыз-алтығақалдықсызбөлінеді.  

Д) Ертең де, бүгін де бара алмаспын.   

Е) Расында, олкелеалмады.

3. Одағайды табыңыз.
А) Менің ойымша

В) Амал нешік, көнеміз.      

С) Қап, үлгірмедім.      

Д) Жолдастар, тынышталыңдар.      

Е) Сонымен қатар

4. Оқшау сөздердің түрлерін анықтаңыз.
А) Қыстырма сөз, қаратпа сөз, одағай.   

В) Шылау, үстеу.  

С) Жалғаулықтар, демеуліктер.
Д) Жұрнақтар, септіктер.   

Е) Қыстырма сөз, қос сөз.

5. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Үлкенді сыйлау-асылқасиет.  

В) Тұрмысқұр, балам.   

С) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.   

Д) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.   

Е) Жаман айтпай, жақсы жоқ .



Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әдеби шығармадан үзіндіде көтерілген мәселе мен автор көзқарасын талдайды

1

Мәтіннің негізгі ойын көрсетеді;

Сол кезеңнің мәселелерін көрсетеді:

1-мәселе;

2-мәселе;

Автордың ойын анықтайды;

Өз пікірін білдіреді;



1
1

1

1



1

Оқшау сөздердің қызметін түсінеді, ажырата біледі.

2

Тест тапсырмаларын орындайды:

1

2



3

4

5


1

1



1

1

1



Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...