4-тақырып. Экономикалық жүйе түрлері және олардың даму заңдылықтары

Loading...


Дата28.03.2020
өлшемі18.46 Kb.
18/03/20

4-тақырып. Экономикалық жүйе түрлері және олардың даму заңдылықтары

 

1.       Экономикалық  құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас



2.       Экономикалық жүйе және оның элементтері

3.       Экономикалық жүйенің түрлерін жіктеу

 

 

1. Жүйелі көзқарас күрделі ұйымдастырылған объектіні зерттеудегі әдістердің жиынтығын көрсетеді. Мұндай көзқарас бөлек жүйелер ішіндегі ұлттық экономиканың түрлерінің үлкен жиынтығын және ірі блоктарды бөліп қарауға және олардың қызметін белгілеп, олардың арасындағы қайтарылымды байланыстарын анықтауға мүмкіндек береді.



Жүйе деп, ұйымдасқан тұтас бірлікті құрайтын, өзара байланысты элементтердің немесе бөлшектердің жиынтығы немесе комбинациясы аталады.

Жүйелер қарапайым және күрделі болады. Күрделі жүйе әр деңгейдегі жүйелер ішінде біріккен өзара іс-қимылдағы элементтерден тұратын көп деңгейлі конструкцияны көрсетеді. Егер күрделі жүйені басқару бір орталыққа жинақталса, ол орталықтандырылған деп аталады, егер басқару  орталығы бірден көп болса, ондай басқару – орталықтанбаған деп аталады.

  Күрделі жүйенің айрықша белгілері:

1.Өзара іс-қимылдағы және өзара байланыстағы элементтердің көп көлемде болуы.

2.  Оның алдына қойылған мақсаттарға бағытталғаи жүйемен орындалатын қызметтерінің күрделілігі.

3.  Бөлек блок - ішкі жүйелерге жүйелерді бөлшектеу мүмкіндігі.

4.  Тармақталған ақпараттар желісін және ақпараттардың белсенді ағымдарын басқарудың болуы.

5.Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл және кездейсоқ факторлардың ықпалы жағдайында қызмет істеуі.



2. Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды.

Экономикалық жүйені үш ірі блок құрайды:

1.  Өндіруші күш (өндіріс құралы және жұмыс күші).

2.      Өндірістік қатынастар (адамдар арасында қалыптасатын қатынастар, бөлу, материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну және айырбастау).

3.      Қондырма саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы.

Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады.

  Ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы.

            Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы.

 

3.Экономикалық жүйелер шешетін негізгі мәселелер:  Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе осы мәселелерге қалай жауап беруімен ерекшеленеді. Экономикалық жүйені мынадай түрлерге бөледі:

-       ескі технологияға негізделген, қол еңбегі кең тараған, көп экономиканың тәртіпті және ғасырлық салт-дәстүрлері қалыптасқан, әлсіз дамыған елдерде кең тараған дәстүрлік жүйе. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа тарап нені, қалай, кім үшін өндірілетіні солармен анықталады. Уақытпен белгіленген және арнаулы ресімдермен қолданылатын дәстүр өндірісті, айырбастауды, бөлуді және табысты тұтынуды анықтайды;

-       әміршіл – бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімді мемлекет қабылдайды. Мемлекет диктаторлық болып табылады, оның жеке меншігі өндірістің барлығына және жерге тараған, қабылданған экономикалық шешімдер орталықтанған міндетті жоспарлауға негізделеді;

-       нарықтық экономикада шаруашылық шешімдерін әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды. Ол еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке және жеке меншікке негізделген. Нені өндіру қажет, ол, мына немесе басқа тауарға сұраныс беретін тұтынушымен анықталады. Қалай өндіру қажет, оны өндірістің ұстанымы мен табыстың жоғары болуын есептейтін өндіруші шешеді. Кім үшін шығарылуы қажет, кімнің ақшасы бар, соның пайдасына өндіруші шешеді;



-       аралас экономика - негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнайтын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйесімен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекет рөліне байланысты, аралас экономиканың моделі бөліп көрсетіледі. Мәселен, жапон моделі дамыған жоспарлауымен ерекшеленеді. Жоспар индикативті сипат-тамада болады, бірақ, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда айтарлықтай рөл атқарады. Аралас экономиканың швед моделі мемлекеттің экономикалық саясатында әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді.

  1. Күрделі жүйенің айрықша белгілері

  2. Экономикалық жүйе және оның элементтері


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...