4 дәріс Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл білімімен байланысы



бет6/10
Дата20.01.2023
өлшемі33.74 Kb.
#417531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
d444546ee771799375d77e62bdfa7636bca4ac7c (1)
Сабақ жоспары 6А, Исламбек Реферат
Жекелік ұғымдар - нақты тілдік объектілер жөніндегі ұғымдар болады. Мысалы, дауысты дыбыс, меңгеру, сөз тудырушы жүрнақтар. Жалпы ұғым мен жекелік ұғымдардың арасыңца диалектикалық байланыс болады. Мысалы, жалпы ұғым - сөздердің байланысы, оған кіретін жекелік ұғым - сездердің салаласа байланысы және сабақтаса байланысы.
Жалпы ұғым - сөз, жекелік - сөз формалары, мысалы:
- жалпы ұғым - түбір, жекелік ұғым - негізгі түбір және туынды түбір;
- жалпы ұғым — қосымша, жекелік ұғым — жалғау және жұрнақ;
- жалпы ұғым - жалғау, жекелік ұғым - көптік жалғауы; септік жалғауы, тәуелдік жалғауы, жіктік жалғауы т. т.
Себеп-салдарльгқ байланыстар - объектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы себептік қатынастарды білдіреді. Бұл байланыстарды тереңірек ашу тілдік құрылыстың ғылыми дәрежесін айқындатады.
Заңдылықгар - тілдік объектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы неғүрлым негізгі, әрқашан қайталанып отыратын, біршаца тұрақты байланыстар мен қатынастарды білдіреді.
Теориялар - философияда табйғат немесе қоғам саласындағы дамудың негізгі заңдылықтарын білдіретін, адамдардың қоғамдық-ендірістік және ғылыми әрекетінің тәжірибе жиынтығы ретінде қарастырылады.
Түсініктер - тілдік объектілердің сезім бейнелері (ой суреттері). Бұл суреттердің жасалуына байланысты түсініктер ес және елес түсініктер болып бөлінеді:
Ес - объектіні тікелей қабылдау арқылы немесе сәйкес көрнекілік арқылы пайда болады.
Елес түсінігі - объектіні тікелей емес қабылдаудан туған бейне болады. Елес арқылы оқушы сол сипатталған заттың бейнесін елестететін болады.
Фактілер тіл пәнінде алуан тұрлі: дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
1. Дағды - әрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі.
2. Іскерлік (икемділік) - әрекет тәсілі болып есептеледі. Ол арқылы оқушы алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырмаларын орындауга қолданады, жаңа білім алады. Іскерлікті пайдалану әр уақыт ойлануды қажет етеді, онда автоматтық болмайды.
Мектептегі ана тілі пәнінің мазмұнында іскерлік басым болады. Іскерлікті пайдалана отырып, оқушылар әр тұрлі ойлау әрекетін қолданады - анализ, синтез, жинақтау, абстрактылау, салыстыру -бұлардың бәрі оқушылардың ойлауын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет