ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша ресми ісқағаздарының өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Ресейдің әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірлердегідей, хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда болды.
Ресми ісқағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай 3 топқа бөлінді. 1-ші топ. Патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар
(указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен, өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді.
1-ші топ. Заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б.
2-Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар.
2-ші топ. Жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері.
ІІ. Кеңес үкіметі құрылған кезең
1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.
Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті;
Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;
Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қаулысы;
Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы 11 маусымдағы «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау хаты.
1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған.
Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;
Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссариатының 1924 жылғы
21 маусымдағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;
Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;
Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты;
1934 жылғы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар. Бірақ көп ұзамай-ақ, қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым- қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:
1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы Қаулысы;
Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылғы сәуір айындағы «Ұлттық мектептерді қайта құру туралы» Қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағ ұлттық мектептер «буржуазиялық-ұлттық идеологияның ошағы, балаларды Кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел таратылып жіберді).
Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 1989 жылы қол жеткізілді:
1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;
1989 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы (Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);
1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарламасы».
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең
1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға,оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
2001 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
“Ресми іс қағаздары” термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Стиль-латын сөзі қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы деген мағынаны береді. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық тəсілдердің қолданылуы принциптерін айтамыз. Қолданылу ерекшеліктеріне қарай жалпыхалықтық тілдің ауызша жəне жазбаша түрлері болады. Ауызша сөйлеуде əртүрлі сазды үн шығады. Жазбаша тілде ой қағазға жазылып жеткізіледі. Яғни, жазу тілдің көзге көрінетін белгілері (дыбыс құрамы, сөз тіркесі) арқылы адам ойын жеткізу тəсілі ғана. Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолдану нормасын көздейді. Стиль дегеніміз- өмірдің белгілі бір қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі. Ауызекі сөйлеу стилі мен көркем сөз стилінде жалпы халықтық тіл байлығы пайдаланылады. Стильдердің түрлері көп. Олар:
1. Ғылыми-көпшілік əдебиеттер стилі;
2. Публицистикалық стиль;
3. Көркем əдебиет тілінің стилі;
4. Ауызекі сөйлеу тілі стилі;
5. Ресми іс қағаздар тілінің стилі. Ресми іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стилі, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Кез-келген ресми құжат қоғамдық жəне еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады. Ресми құжат-тұтас құрылым, сондықтан онда:
1. Мазмұнның қысқа əрі тұжырымды түрде баяндалуы тиіс;
2. Тұжырымдардың дəл, нақты түрде болуы тиіс;
3. Сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
4. Терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлі сақталуы тиіс;
5. Бірнеше варианттағы терминдердің мүмкіндігінше мемлекеттік терминология тарапынан бекітілген немесе сондай-ақ жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары (нормаға айнала бастаған) тұлғасы пайдаланылуы тиіс;
6. Көнерген сөздер қазақ тілінде ескіріп, ойналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.