4. Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі. Модуль/пән атауы


Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары



бет3/6
Дата02.01.2023
өлшемі32.81 Kb.
#405386
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Н 4
Геология, Геология, Көркем еңбек 4-тоқсан 3-сынып, мат. анализ, 6 Конспект лекций (1), ICT тест 2022, 10сынып алгебра ,бжб, Демография ЦА (1), лек тургындар географиясы, 4 ОР
Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
1731 жылғы 2 қаңтар – … қараша. Хандар Әбілқайыр мен Сәмекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға жазған хатынан:
Ұлы мәртебелі императрица, Сіздің жарлығыңыз бойынша бізге жіберілген Мәмет мырза Тевкелеев бізге ұлы мәртебелі императрица

  • Сіздің жарлығыңызды жариялады. Ол бойынша мен, Әбілқайыр хан, өз боданымдағы қайсақтарыммен бірге ұлы мәртебелі императрица

  • Сізге және ұлы мәртебелі ұрпақтарыңызға бодан болып, төменде жазылған тармақтарды қызмет етуге қабылдадым. Ең алдымен, аса қасиетті және ұлы державаның иесі ұлы патша императрицамыз – Анна Иоанновнаға бүкілресейлік және басқаларының, тағы басқа сол сияқтылардың самодержицасына уәде етіп, ант береміз….

  • Біздің ұлы патша императрицамызға және ұлы мәртебелі Сіздің ұрпақтарыңызға әрқашан адал әрі әділ қызмет етуге уәде беремін.

  • Ұлы мәртебелі императрица – Сіздің бізге, қайсақ ордасына, қызмет етуге жарлығыңыз келген кезде Ресей бодандары – башқұрттармен және қалмақтармен бірге, соның ішінде айтылған жерге біз өз әділдігімізбен барамыз.

  • Қайсақ ордасы жайық казактарына, башқұрттарға, қалмақтарға және Ресейдің барлық бодандарына дұшпандық шабуыл жасамайды және оларға залал келтірмейді, олармен тату-тәтті тұрады.

  • Ресей бодандары Астраханьнан және басқа жерлерден көпес керуенімен біз, қайсақтар арқылы қай жаққа баратын болса немесе керуен бізге, қайсақтарға, келетін болса, біз оларға еш жаманшылық жасамаймыз және оларды жаман адамдардан қорғаймыз және оларды қажетті жерлеріне жеткізіп саламыз.

  • Тұтқынға алынған Ресей бодандары біздің қайсақ ордасынан қайтарылады, ал алдағы уақытта тұтқын алынбайды және башқұрттардан және Ресейден алынған тұтқындардың біздің дінімізге өткендерінен басқалары қайтарылады және ұлы мәртебелі императри- ца – Сізге біздің жыл сайын адал қызмет етуіміз үшін ұлы мәртебелі сіздің құлдарыңыз башқұрттарға қарсы және жасағыңызға 4000 түлкіден жіберіп тұруға уәде беремін, осыған сендіріп, мен, Әбілқайыр хан, осы параққа өз мөрімді бастым және өз елшім Бақа батырды жібердім.

1143 жылғы режеп айының 17-сі күні,
1732 жылғы қаңтардың 2-сі күні жазылған.
«XVI–XVIII ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 38-бет.
1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші:
Сібір қырғыздары орналасқан жерлерде алтын кен орындарын барлаумен және олардан кен өндірумен, сондай-ақ басқа да металл кендерін іздестірумен және өндірумен айналысқым келіп, мен жоғары мәртебелі Сізден маған осымен қоса табыс етіліп отырған құны 90 тиын гербті қағаз парағына Заңдар жинағының 2432 және 2443-баптарына, Кен жарғысының VII томына және 1854 жылғы 2443-бабына, 19 мамыр- да Сібір комитетінің жоғары дәрежеде бекітілген ережесіне сәйкес рұқсат етілген Қаржы министрлігінің куәлігін алуға өтініш жасау үшін осындай кәсіпшілікке алдын ала рұқсат етуіңізді барынша тағзым ете отырып сұраймын.
Осы өтінішке жүзбасы Тәттімбет Қазанғапов өз аты жазылған мөрін басты.
«XVIII–XIX ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 419- бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы