4. Атқарушы билік органдары әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде

Loading...


бет1/2
Дата29.10.2020
өлшемі68.59 Kb.
  1   2
4.Атқарушы билік органдары әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде-Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен.\r\n\r\nӘкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.\r\n\r\nӘкімшілік құқықтың субъектілері әкімшілік құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни әкімшілік әрекет қабілеттілікті иеленген кезде әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің әкімшілік құқық қабілеттілігін нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік әкімшілік құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, әкімшілік-құқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық құқықтан айырылады). Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың әкімшілік құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектілген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. 

5.ҚР мемлекеттік қызметінің ұғымы және принциптері- мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:


      1) заңдылық;
      2) қазақстандық патриотизм;
      3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
      4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
      5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
      6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
      7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
      8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
      9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
      10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
      11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
      13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
      14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
      15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
      2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

6.ҚҚО мемлекеттік қызмет өткерудің ерекшеліктері-  1. Қызметкерлерді республиканың өзге өңірлерінде қоғамдық тәртіпті қорғауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларды жоюға қатысуға тарту мерзімінің ұзақтығы үш айдан аспауға тиіс.

      2. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен баруы мүмкін.

Құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы бапта көзделген тәртіппен және негіздерде атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін.

      2. Мыналар:

      1) қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы;

      2) қызметкерді осы Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза тәртібімен немесе аттестаттау нәтижелері бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату;

      3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу;

      4) басқа мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару мерзімінің аяқталуы;

      5) атқарып жүрген лауазымы бойынша өкілеттіктер мерзімінің өтуі;

      6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.

      3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      Ерекше мән-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзiмді құқық қорғау органының басшысы екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
7.Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мазмұны және құрылымы.ҚР шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері- ҚР сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі ҚР ның Конституциясымен, қолданып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады. Азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің бірнеше түрі бар. Біріншіден, оның күрделі сипаты бар яғни адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары. Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мыс.арыз жазу құқығы), не тек міндеттер ғана ( мыс.жол жүру ережесін сақтау) , не құқықтар мен міндеттер болады( мыс.шағым бару құқығы және айыппұлды төлеу міндеті). Үшіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады. (мыс. аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды). Төртіншіден, әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді(мыс. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді( мыс. Автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.

біздің мемлекет алдында оның аумағына келуші шетел азаматтары қандай құқықтар мен міндеттерге ие бола алады деген мәселелер кешені пайда болды. Бұл мәселе тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызға да ие екені даусыз. Бұл мәселелерді шешуде, әрине, кез келген мемлекет халықаралық-құқықтық нормаларға сүйенетіні сөзсіз, сондықтан да халықаралық құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған кез келген ішкі заңнама нормаларынан басым күшке ие болатыны белгілі. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында көрініс тапқан: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады» [2]. «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заңи күші бар 19 маусым 1995 жылғы Жарлығы азаматтардың үш санатын бөліп көрсетеді:



  • Қазақстан азаматтары;

  • Шетел азаматтары;

  • Азаматтығы жоқ тұлғалар [3].

Олардың бір-бірінен ерекшелігі басқа мемлекеттердегі ерекшеліктермен ұқсас десе де болады. Қазақстанның азаматы ретінде тиісті құжаттық дәлелдемелері бар тұлғалар танылса; Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.

Қазақстан азаматтары құқықтар мен бостандықтардың ең көп көлеміне ие болса, ең аз құқықтар мен бостандықтар көлеміне азаматтығы жоқ тұлғалар ие екені айтпаса да түсінікті жайт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағында: «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады» [2], - деп көрсетілген.

ҚР аумағында заң бойынша шетел азаматтарына келесідей құқықтар беріледі:


  • еңбек қызметiне және демалысқа;

  • денсаулық сақтауға;

  • әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

  • тұрғын үйге;

  • тұрғын үй мен өзге де мүлікке меншік етуге;

  • авторлық құқыққа ие болуға;

  • білім алуға;

  • қоғамдық бірлестіктерге қатысуға;

  • мәдениет жетістіктерін қолдануға;

  • некеге тұруға және оны бұзуға;

  • шетел азаматтары үшін ашық Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға;

  • ҚР заңнамаларымен бекітілген тәртіпте тұрғылықты жерді еркін таңдауға;

  • шетел азаматтарына ар-ождан бостандығы кепілдендіріледі;

  • тұрғын үйге, ар-намысына және қадір-қасиетіне қолсұғылмаушылық [3].

Шетелдіктер өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға қатысты туындаған барлық міндеттерін атқарады, алымдар мен салықтар төлейді, ҚР-да әскери қызметке тартылмайды, мемлекеттік өкілетті және өзге де сайланбалы органдар мен лауазымдарға дауыс бере алмайды және сайлануға құқығы жоқ, сонымен қатар ҚР референдумдарына қатыса алмайды.
8.Әкімшілік мәжбүрлеу,мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретінде- Әкімшілік мәжбүрлеу-арнайы өкілетті субьектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы ьолып табылады.

Әкішілік мәжбүрлдеудің бірнеше белгілері болады:

-Мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі.

-Әкімшілік құқықтың нормаларымен регламенттелген.

-Сыртқы психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал ету актісі.

-Ықпал жасау тиісті шаралар арқылы жүзеге асырылады.

-Жағымсыз сипаттағы құқық шектеу.

-Арнайы уәкілдік берілген субьект.

-Қолданудың негіздемесі-құқық бұзушылық немесе басқадай құқық мазмұны бар ауытқулықтар жасау.

-Белгілі бір мақсаттарға жеткізу.

-Қорғаушылық түрдегі құқықтық қатынастардың шеңберінде.

Осы белгілерден кейін, әкімшілік мәжбүрлеу шараларын атап өтуге болады.Құқық шектеулердің сипаты мен ерекшелігі бойынша бірнеше түрлерге бөлуге болады: а)психикалық б)физикалық в)материалдық г)ұйымдастырушылық.



Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез – құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, бұл оның жекеленген түрлеріне белгілі дифференциация жасамайды. Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігі оларды қорғау мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдану қажеттілігімен байланыстырады. Мәжбүрлеудің осы түрлері бір-бірінен өз мазмұны бойынша, негіздері бойынша, жүзеге асырылы тәртібі бойынша ажыратылады. Қалыптасқан практика бойынша мемлекеттік мәжбүрлеудің 4 негізгі түрі бар: қылмыстық – құқықтық; азаматтық-құқытық; тәртіптік; әкімшілік-құқықтық. Әкімшілік мәжбүрлеу – бұл құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату, әкімшілік теріс қылықтар үшін жауапкершілікке тарту немесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың, лауазымды тұлғалардың заңды міндеттерін орындауға итермелейтін, мәжбүрлеуден тұратын заңмен белгіленген шараларды мемлекеттік басқару органдарының (соттардың, судьялардың), сонымен қатар осындай мемлекеттік биліктік өкілеттіліктерді делегирлеген жағдайда – қоғамдық ұйымдардың қолдануы.
9. Әкімшілік мәжбүрлеудің мәні және ерекшеліктері- Әкімшілік мәжбүрлеу – біртекті ұғым емес, керісінше құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында өкілетті құқық қолданушы субъектілермен қолданылатын мәжбүрлеу ықпал етудің әкімшілік – құқықтық амал – тәсілдердің, құралдардың жиынтығынан құралатын күрделі ұғым. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негізі болып, ереже бойынша, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау немесе әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қандайда болмасын қауіпті салдарлардың туындауының алдын алу үшін, ескерту үшін пайдаланатын, құқық нормасында көзделген ерекше жағдайлардың (мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия, табиғи апаттар немесе басқа да табиғи апаттар) басталуы болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының кешені алуан түрлі. Олардың барлығын мақсаттары бойынша, негіздері бойынша және қолданылу тәртібі бойынша бөлуге болады, осы аталғандардың барлығы әкімшлік мәжбүрлеу шараларын топтау үшін объективті алғы шарттар болып табылады.Қандайда болмасын шаралардың мәжбүрлеу жүйесіндегі орны ең алдымен, оның сәйкес қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсіліне байланыстырлыған оның мақсатымен анықталады. Негізгі белгілері:

1) Мемлекеттік басқару сфераларында қалыптасқан қоғамдық қатынастарды қорғау үшін арналған мемлекеттік мәжүрлеудің ерекше түрі. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары мемлекеттік – биліктік сипатта болады.

2) Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негіздері болып, ереже бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық мазмұны немесе әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қандайда болмасын қауіпті салдарлардың туындауының алдын алу, ескерту үшін пайдаланатын, құқық нормасында көзделген ерекше жағдайлардың (мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия, табиғи апаттар немесе басқа да табиғи апаттар) басталуы болып табылады.

3) Оны қолдану қызметтік бағынушылық қатынастарымен байланысты емес. Әкімшілік билік субъектісі мен құқық бұзушы бір еңбек ұжымының мүшелері болып табылмайды, құқық бұзушы қызмет бабы бойынша оған әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданатын тұлғаға бағынышты болмайды. Егер тұлға ұжымда қызметтік – әскери, еңбектік немесе өзге де мемлекеттік тәртіпті бұзған жағдайда, оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылар еді.

4) Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануды реттейтін актілерді көптеген мемлекеттік басқару органдары шығаруға құқылы: Парламент, Президент, Үкімет, маслихаттар, әкімшіліктер. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін санкциялар тек заңдармен немесе заңды күші бар Президенттің жарлықтарымен белгіленеді.

5) Әкімшілік мәжбүрлеуді нормативті – құқықтық актілермен белгіленген топтағы осыған өкілеттілігі бар органдар мен олардың лауазымды тұлғалары ғана қолданады. Осындай органдардың толық тізімі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 17 тарауында берілген.

6) Мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге шараларын (қылмыстық, азаматтық іс жүргізу) қолданудың іс жүргізушілік тәртіптерімен салыстырғанда әкімшілік мәжбүрлеу шараларының қолданудың іс жүргізушілік тәртібі өте қарапайым, күрделі процедура тән емес. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері іс жүзінде болған мән – жайлардың әдеттегі дәлелді жағдайында шешіледі, күрделі дәлелдеу материаклдарын талап етпейді, сондықтан да күрделі іс жүргізушілік регламенттіде қажет етпейді. Әкімшілік – іс жүргізушілік әрекеттер жеделдігімен, салыстырмалы қарапайымдылығымен және үнемділігімен ерекшеленеді.

10. Әкімшілік-ескерту сипаттағы шаралар.Әкімшілік мәжбүрлеу шаралардың саралануы кімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік басқару сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу шаралары. Бұлар көбінесе құқық бұзушылықтармен байланысты емес, яғни құқық бұзушылық болмаған кездерде, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлері үшін төнген қауіпті жою үшін пайдаланылады. Бұл шаралар айқын көрсетілетін ескерту, алдын – алу сипатта болады. Олардың мәжбүрлеушілік сипаты оларды өкілетті органдар (лауазымды тұлғалармен) әкімшілік – құқықтық нормалардың шегінде бұйырылған әрекеттерді орындауға немесе қандайда болмасын әрекеттерден бас тартуға міндетті екінші тараптың келісімінсіз қолдануында көрінеді. Басқару органдарының (лауазымды тұлғалардың) әкімшілік – ескерту (алдын алу) шараларын қолдану бойынша өкілеттіліктері заңдарда немесе заң күшіндегі әкімшілік –құқықтық нормаларда анық белгіленген, тіпті қай субъекті қандай шараны қолданатындығына дейін нақты анықталған. Ереже бойынша бұл бақылаушы – қадағалаушы органдар және олардың өкілдері (полиция қызметкерлері, санитарлық қадағалау органдары, кедендік және өзге де органдар). Осы облыста халық бақылаушылары да осындай тиісті өкілеттіліктер көлемі берілген.

Әкімшілік – ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары:

- тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін;

- құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру;

- мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау;

- көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде);

- желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;

- тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;

- эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу);

- бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау;

- мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу);

10.


11.Әкімшілік-құқықтық режимінің түсінігі, түрлері мен белгілері- Құқықтық режим - заңдылық реттеуі мөлшерін, шектеулер мен жеңілдіктердің болуын, субъектілердің құқықтық дербестілік дәрежесін көрсетеді.  Әрбір құқықтық режим шеңберінде құқықтық реттеудің барлық тәсілдері қолданылады (міндеттеу, рұқсат беру).   Әкімшілік құқықтық режимдердің негіздерінде келесі принциптер жатады. Билік бөліну принципі. Әкімшілік құқықтық режимнің негіздерін заңшығарушы билік бекітеді, ал оның өмірде жүзеге асыруын атқарушы билік қамтамасыз етеді, дәл осы мақсат үшін , белгілі бір мемлекетттік - өкілеттілік билік мөлшері бар, атқару аппараты құрылады. Құқықтық режимдерді жүзеге асыру үшін , заң шығарушы билік, жалпы өкілеттілігіне ие мемлекеттік басқару органдарға заң шығарушылық функцияларды бекітеді. Әкімшілік өкілеттілік заңмен шектеледі. Заң реттеудің шегін белгілейді. Жалпы құқықтық режимдерге  өзінің мазмұнына байланысты - ерекше құқықтық реттеуі түрін қажет ететін қоғамдық қатынастардың белгілі бір топ түрлерін реттейтін құқықтық салаларының режимдері жатады. Салалық құқықтық режим дегеніміз - осы саланың прициптеріне негіздеген - салалық құқықтық режимдері әдістерінің жиынтығын айтады. Туынды құқықтық режимдер - жалпы құқықтық режимдердің ерекшеленген (икемделген) түрі болып табылады. Жалпы құқықтық режимдерден олар ұйымдардың  конституциялық мәртебелерінің өзгерілуімен, қосымша рұқсаттар немесе шегерулерді орналасуымен айрықшаланады. Туынды әкімшілік құқық режимдерды үлкен топқа бөлуге болады. Олар жәй және төтенше. Төтенше әкімшілік құқықтық режимдар - азаматтардың конституциялық құқықтар мен бостандықтарының, ұйымдардың шаруашылық әрекеттерінің шектелуі мен, төтенше өкілеттілігіне ие мемлекеттік органдардың құрылуымен, бұрын болған мемлекеттік органдарға ерекше өкілеттіліктерді берумен, азаматтарға  және ұйымдарға қосымша міндеттерді жүктеуімен сипатталады. Заң төтенше режимдардың 3 түрін белгілейді: олар төтенше, әскери және ерекше жағдайлардың құқықтық режимі. Әкімшілік- құқықтық режимдардың негізін  конституция және заңдар құрайды. Төтенше режимдер - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік әрекетін, шаруашылық әрекеттің жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады. субъектілердің құқықтық мәртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді. Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі», сонымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін реттейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органы, ішкі әскер және т.б. заңдармен айқындалады. Соғыс жағдай режимі. Соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим болып табылады. Қазақстан Республикасының Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы Заңына сәйкес соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты   Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау болып табылады. Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы N 1873 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңiстiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңiзге), сондай-ақ iшкi суларына кiру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында әртүрлi жұмыстарды, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi жүргiзу тәртiбi болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
12.Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы, оның қылмыстан және тәртіптік қылықтан айырмашылығы- Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызға жүруге тағы с.с.), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұсқау келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген белгілердің (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық ппайда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері (элементтері) болып: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы табылады. Құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Объективтік жағы әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекетке немесе әрекетсіздіккке саяды. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жааған адам танылады. Субъектілерді сипаттайтын белгілерді 2 топқа бөлуге болады: азаматтық жауаптылыққа қабілеті бар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның 16 жасқа толуы жалпыға жатады, ал арнайы топқа кәсіби қызметі, лауазым жағдайы, бұрынғы құқық бұзушылық фактілері, құқықтық мәртебенің ерекшеліктері (әскери қызметші, шетелдік т.с.с.) жатады. Әкімшілік құық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол маскүнемдік немесе абайсыздық нысанында көрінісін табады.





  • 2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
    Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
    3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк тұрғысынан қолданылуы

    1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
    2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
    3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
    4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
    4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы
    1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады.
    2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген іс-әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың басталған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.




  •  

Зиянның мардымсыз болуы. Егер жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың нәтижесінде аз зиян келтірілсе, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілді орган әкімшілік жаза тағайындаудың орнына ауызша ескертумен шектелуі мүмкін.

Келтірілген залалды өз еркімен өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған тұлға, сотпен, органмен (лауазымды тұлғамен) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, егер өз еркімен келтірілген залалды өтесе немесе өзге жолмен құқық бұзушылықтың нәтижесінде болған зиянды өтесе.

Өзге негіздер. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға әкімшілік жауапкершіліктен рақымшылық жасау актісінің шығуына, жағдайдың өзгеруіне, науқастануға, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылады.

Әкімшілік жауапкершілікке, әкімшілік құқық бұзушылық жасау мезетінде ақыл-есінің кемдігі жағдайында болған, яғни өзінің сырқаты жағдайына байланысты іс-әрекеттеріне жауап бере алмаған және өз қимылдарын басқара алмаған тұлға тартылмайды.


Сонымен, әкімшілік жауапкершілік дегеніміз — құқық бұзушыға оның әкімшілік құқық, бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның оған жазалау шараларын қолдануы сипатына ие болған заңды жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып — әкімшілік құқық бұзушылықтың (әкімшілік терісқылықтық) жасалуы жатады. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бұл негіздер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көрсетілген. Кәмелеттік жасқа толмау жеңілдететін жағдай болып ескеріледі.[1]

  •  

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:

ескерту жасау;

әкімшілік айыппұл салу;

әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;

әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;

жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

әкімшілік қамауға алу;

шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.[1]


  •  

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:

ескерту жасау;

әкімшілік айыппұл салу;

әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;

әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;

жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

әкімшілік қамауға алу;

шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.[1]



  •  

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
42-бап. Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары

1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.



3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.


  •  

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың, есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.
1). Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті

  •  

Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.
Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.
Әкімшілік процестің қағидалары.
Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:
1) заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.
Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.
2)Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
3)Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;
4)Жариялық қағидасы – ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.
5)Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;
6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.
7)Процестің безвозмездности қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;
8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.


  •  

-бап. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасымен реттелетін
қатынастар
Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасы осы Кодекспен олардың құзыретіне жатқызылған әкімшілік дауларды қарау мен шешу барысында соттардың сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2-бап. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар және әкімшілік даулар туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы Кодекспен айқындалады. Әкімшілік іс жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының әкімшілік іс жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары әкімшілік іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Егер әкімшілік іс жүргізу барысында азаматтық немесе қылмыстық құқық нормаларына сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
3-бап. Әкімшілік іс жүргізуде басым күші бар құқықтық
нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
31 мая

Патрульдiк қызметтi ұйымдастыру мен өткеруге бақылау жасау қызметтік міндеттерді орындаудағы жеке құрамның қызмет өткеру тәртiбiн нығайтудың, жауапкершілігін жоғарлатудың құралы болып табылады.
Патрульдік қызметті ұйымдастыру мен өткеруді тексеру кезінде:
1) қабылданған шешiмдер мен қалыптасқан жағдайға сәйкес жеке құрамның және техникалық құралдардың дұрыс орналастыруы және қолданылуы;
2) нарядтар үшiн өткізілетін нұсқау берудiң сапасы;
3) нарядтардың нақты және жедел басқарылуы, оларға жедел жағдайдың өзгерістері туралы ақпараттарды уақытында жеткізіліп отырылуы;
4) нарядтардың қызмет өткеру сапасы, қылмыспен және қоғамдық тәртiп бұзушылықпен күрес белсендiлігi;
5) нарядтардың, iшкi iстер органдарының басқа қызметтерi мен бөлімшелерінің және қоғамдық құрылымдардың арасындағы өзара iс-қимылдардың қамтамасыз етілуі;
6) нарядтардың заңдылық пен тәртіпті сақтауы;
7) қызметтік құжаттардың дұрыс жазылуы мен жүргізілуі анықталады.
Сонымен қатар, патрульдiк нарядтарды тексеруге құқық беретiн нұсқамен көрсету арқылы тура бастықтың уәкiлдеген адамдары тексере алады.

  • Темір жол көлігі жұмысшылары қызметтік міндеттерін орындау кезінде жолаушылар поездарына ілесіп жүруді қамтамасыз ететін патрульдік полиция бөліністерінің жасақшаларына жан-жақты көмек көрсету қажет. Осы мақсатта:
    1) вагондарда тәртіп сақтау жөнінде шаралар қабылдау, жол жүруде жеке заттарды және бұйымдардың тиісті сақталуын ұйымдастыру мақсатында жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    2) барлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы поезд бастығына, қала маңына қатынайтын поезд вагонының аға жолсерігіне және полиция жасақшаларына тез арада хабарлауы тиіс. Егер полиция жасақшалары ілесіп жүрмейтін болса, онда жақын жердегі КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-нің кезекші бөліміне тиісті ақпарат беру;
    3) қылмыс орнына полиция жасақшасы немесе көліктегі ішкі істер органдарының жедел-тергеу тобы келгенге дейін жағдайды және қылмыс іздерін сақтау, қылмыскерлердің белгілерін, зардап шегушілер мен куәгерлер, ұрланған заттар туралы мәліметтерді нақтылау, бұл ақпаратты полиция жасақшасына беру, олар жоқ болған жағдайда поездың жүру бағыты бойынша жақын орналасқан КІІД, ЖІІБ, ЖІІб, ЖПП-нің кезекші бөліміне беру;
    4) республика ішілік бағыттағы штаб вагонындағы 35 және 36 орындар және жоғары комфортты поездардан ("Patenes Talgo S.A" және басқалары) 19 бен 20 орындар жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшасына ұдайы бөлінсін, сондай-ақ қызметтік қажеттілік туындаған жағдайда ведомстволық байланыс құралдарын пайдалану құқығын ұсыну;
    5) бағыт парағы негізінде қызмет көрсету учаскесі шеңберінде көліктік полиция қызметкерлеріне тегін жол жүруді қамтамасыз ету;
    6) жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшаларына қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде міндеттерді орындауда қажетті көмек көрсету;
    7) полиция нарядтарына тексеру үшін қызметтік құжаттарды, сондай-ақ жасалған (жасалып жатқан) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, сондай-ақ қару, оқ-дәрі, жарғыш заттар, жару құрылғылары немесе психотроптық заттар, ерекше құндылығы бар заттар, заңсыз пайдаланатын авторлық және аралас объектілер, Қазақстан Республикасында айналымы шектелген контрофакті өнімдер, порнографиялық сипаттағы материалдар

  • Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

    құқық беретін құжаттардың немесе коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жайды жалға алу шартының электрондық көшірмесі;

    күзет сигнализациясын орнату актісінің электрондық көшірмесі;

    қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету шартының электрондық көшірмесі;

    объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі;

    7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

    құқық беретін құжаттардың немесе кілтпен жабылатын сөрелері, сейфтері немесе металл шкафтары бар, күзет сигнализациясымен жабдықталған жеке үй-жайларды жалға алу шартының электрондық көшірмесі;

    объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі (заң тұлғалар үшін);

    күзет сигнализациясын орнату актісінің электрондық көшірмесі;

    қару сақталатын объектіні (үй-жайды) тәулік бойы күзету шартының электрондық көшірмесі;


    16) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

    17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

    18) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;

    19) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ кримина



  • 1. Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.

    2. Осы Заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Осы Заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады.

    1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.

    Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.

    2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

    Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.

    3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.

    4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады



    Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:

    1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;

    2) жек


  • Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі полиция жасақшаларының міндеттері:
    1) жолаушылар поездарында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
    2) қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, оларды жасаған немесе іздестірудегі адамдарды (қашқындарды) анықтау, табу және ұстау, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;
    3) жолаушылар мен поезд бригадалары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылардың жеке басын анықтау;
    4) темір жол көлігі жұмысшыларымен бірігіп (станция, вокзал бойынша кезекшілермен, поездардың бастықтарымен, қала маңы поездары вагондарының аға жолсеріктерімен) поезд жүріп келе жатқанда жолаушылардың отыруына және түсуіне, азаматтардың басқышта, тіркемеде, төбелерде және вагондардың жұмыс істемейтін тамбурларында жол жүруіне жол бермеу шараларын қабылдау;
    5) поезд соңғы станцияға келген соң вагондарды қарап, тексеру жүргізу, олардан бөгде адамдарды түсіру, заңды негіз болған жағдайда оларды тексеру және хаттама толтыру үшін желілік ішкі істер бөліміне (бұдан әрі - ЖІІБ), желілік ішкі істер бөлімшесіне (бұдан әрі - ЖІІб), желілік полиция пунктіне (бұдан әрі - ЖПП);
    6) поезда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабарламалар мен арыз алған кезде оқиға болған жерге уақтылы келу және құқық бұзушыларды іздестіру және ұстау шараларын қабылдау, зардап шеккендерге көмек көрсету;
    7) қылмыстың ізі бар заттарды және басқа да заттай айғақтарды сақтау мақсатында оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз ету;
    8) куәгерлер мен жәбірленушілерді (тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері мен жұмыс орны, телефон нөмірі), жасырынған қылмыскерлердің, ұрланған заттардың белгілерін, қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтау және осы мәліметтерді жақын жердегі КІІД-нің, ЖІІБ-нің, ЖІІб-нің, ЖПП-ның кезекші бөлімдеріне беру;
    9) оқиға болған жердің сызбасы мен тексеру хаттамасын толтыру, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу;
    10) қылмыстарды тез арада ашу және қылмыскерлерді ұстау үшін басқа да күттірмейтін қажетті іс-әрекеттер жүргізу;
    11) ден қою шараларын қабылдау үшін поезд бастығын, қала маңына жүретін поезд вагонының аға жолсеріг

  • Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.

    2. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.

    1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылатын қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


    Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

    1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;

    2) қоғамдық тәртіпті сақтау;

    3) қылмыстылықпен күрес;

    4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;

    5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.

    Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:

    1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

    2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

    3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

    4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
    7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;

    8) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іс




21 сұрақ. Әкімшілік іс жүргізудың мәні және түрлері

Әкімшілік іс жүргізудің мәні адамның және азаматтың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізудің түрлері:

1.. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау:


      1) уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
      2) нақты адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;
      3) Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңына сәйкес жүргізілген тексеріс нәтижесі, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жасаған құқық бұзушылығы;
      4) күдіктінің, айыпталушының әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздемелер бойынша қылмыстық ізге түсу органдары тоқтатқан қылмыстық істердің материалдары;
      5) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары, аң аулау  шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының ереглік қызметі жасаған актілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын хабарламалар;
      6) Автоматты режимде жұмыс істейтін және жол жүрісі қауіпсіздігі саласында көлік құралы қозғалысының жол жағдайын, жылдамдығы мен бағытын, сондай-ақ жол жүрісінің басқа да қатысушыларының іс-әрекеттерін фото-, бейнежазба арқылы тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
бекіту туралы
ғылым министрлігі
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
бағалауға арналған
тоқсан бойынша
мамандығына арналған
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік әкімшілік
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған әдістемелік
жиынтық бағалаудың
әдістемелік кешені
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
Қазақстан тарихы
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
мерзімді жоспар
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша
тоқсанға арналған
арналған ортақ
қатысушыларына арналған
Қазақ әдебиеті
жиынтық бағалауға
қағидаларын бекіту
Мектепке дейінгі
орналасуға жалпы
арналған жиынтық

Loading...