30. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Қазақстан халық

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі64.13 Kb.

30.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Қазақстан халық

шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар

31. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяс ахуал. «Бекмаханов ісі».

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15.02.1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 06.05.1966, Алматы) — тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов

Туған күні—15 ақпан 1915

Туған жері—Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, ҚазКСР

Қайтыс болған күні—15 қыркүйек 1966 (51 жас)

Азаматтығы1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "ХЫХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.

1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды.

32. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау

33. Н.Хрущевтың «жылымық» жылдарындағы Қазақстан

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды.

34. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар.

Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар.

Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды. Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды. Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.

35. 1965-1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы

1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.Ғылыми-техникалық прогресс. Бұл шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, экономикадағы хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты поэмасын жазды.

1965 жылғы шаруашылық  реформасы бойынша жасалған қадамдар  техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды  жетілдіру жөніндегі мәселелерді  шешуге ынталандырды. Кәсіпорын  қызметін шамадан тыс бақылау  жойылып, шаруашылық дербестігі  ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай  сыйлық, несие тәрізді экономикалық  тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды  материалдық жағынан  ынталандыруға баса назар аударылды.

1966 жылы Қазақстанда  жоспарлаудың жаңа тәртібіне  11 өнеркәсіп орны, оның ішінде  Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде шешім қабылданды. 1967 жылдың соңында онымен 193 көсіпорын, яғни республикадағы барлык енеркәсіп орындарының 10%-ы жұмыс істеп, онда барлық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі қамтылды, олар жалпы өнеркәсіп өнімдерінің үштен біріне жуығын өндірді. Келесі екі жылда 13 министрлік пен ведомство өз кәсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді толық аяқтады. 1970 жылға карай көсіпорындардың 80%-ынан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді. Қолға алынған шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын жандандыра түсті.



36. 1960-1970-ші жылдардағы қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің

ұлттық жаңғырудағы рөлі.

XX ғасырдың 60-шы,70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілткен «Жас тұлпар» ұйымы болды. Бұл қозғалыс жастұлпарлықтардың өмір жолы, жастардың Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күресі ғана емес, бұл қазақ қауымының үлкен бір тарихи белесі. Бүгінгі жастарымыз, болашақ ұрпақтарымыз мақтанышпен айтар, үлгі-өнеге алып, жадында сақтар, ұлт рухының асқақтығын көрсетер тарихи алтын кезең. Қазақ халқының «кіндік кезеңінде» 1963 жылдың қараша айында Мәскеу қаласында «Жас тұлпар» ұйымының ресми құрылып, тарих сахнасына шығуы – осындай рухани қажеттіліктен туды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қолданған интернационалистік идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын жай біліп отыра берген жоқ, оған ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін қарсы қоюға ұмтылыс жасады.Өмірдегі қасіретті өнердегі көркем дүние арқылы көпшілікке жеткізу қазақтың сүйекке сіңген ата салты. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозға­лы­сының көш басында Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов, Алтай Қадыржанов,Әнуар Сарт­баев,Болат Хисаров,Темірхан Бектібаев, Серік Байкенов, Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев, тағы басқалары болды. Жастұлпарлықтардың бәрі дерлік өз ойларын жетер жеріне жеткізе алатын, сөздері өткір, топ жарған Ресейде оқитын қазақтың жайсаң ұлдары мен қыздары еді. Қорқыт ата, Асан ата, Бұқар жыраудай ұлтымыздың алтын діңгектерінің жалғасы Алаш зиялылары болса, солардың барлықтарының ой-армандарын өздеріне ту қылған жаңа ұрпақ тарихқа «Мен қазақпын!» деп атойлап кірді. Орнында бар оңалар.Тәуекел түбі жел қайық,өтерсің де кетерсің.Нар тәуекелге бармасқа амалдары жоқ. Күш-жігер, ар-намыстары кеуделерін қысқан қазақ жастары күреске шықпай тұра алмады. Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларындай басшысы дана, қоғамы дара,ел еңсесі биік,ердің бағы жанып, ұлты бақытты болатын кезеңді аңсады. Ұлттық мүдде, болашақ ұрпақ қамы болатын ой-арман Мәскеу, Ленинград және басқа Ресей қалаларында оқитын қазақ жастарының басын біріктірді. Олар жас болса да ұлт тағдыры үшін өздерінің жауапкершіліктерін сезді. Қазақ қоғамының өткен асылдарын жоғалтпай, өркениет көшінен өзіне тиесілі орын алуын көкседі. Адамзат тарихында не істелсе де ұлттық мүдде үшін істелетінін көрсетті. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол Ұлы арманды халқына жеткізуге талпынған «Жас тұлпар» ұйымы болды. Әр заман әркімнің алдына өз сұрақтарын қояды.Өмір,тәжірибе, мақсат та әртүрлі болады. Жастұлпарлықтардың Отанының тағдырына байланысты мақсаттары айқын болды.Тұманды күнгі дүниедей әлдебір буалдыр ұғымға малданып жүре беретіндердің саны көбейген заманда олардың саяси аренаға шығуы Ұлттық рухымыздың барлығының көрінісі. Қазақтың бойында қашан да ұлттық рух сөнбеген. Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімшелерін ашудан басқа үш бағытта жұмыс жасады. Бірінші бағыт, Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету. Ұйымшылдық, бауырмашылық және қолқабыс мәселелері. Екіншісі, қысқы-жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралап, елмен танысу, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші бағыт, бұл – ұлт мәселесі. Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы.

Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты.



37. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын

әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі.

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды



38. Әкімшілік басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі

Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.

Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда.

Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалд

Қазақстанның аграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардың бірі – деп К.А. Берденова, С.И. Иманбердиеваның "Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана” деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80-жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы қөзқараспен талдау жасалынған [4]. Бұл жұмыс жаңа тарихи принципі тұрғысында жазылып, 60-80-жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық саласында етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл - әкімшіл әдіспен ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардың толық біржақты үстемдігіне негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық механизм қажет еместігін айқындап берді. Әйтседе авторлардың зерттеуінде тотолитарлық жүйе кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге және олардың себептерін толық ашу жеткіліксіз деуге болады.

39. Орталықтың этнодемографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграция, тілдік

кемсітушілік, «тіркеу»

40. Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани

Кеңес елінде 20 жылдардың ортасында күшейген әміршіл-әкімшілдік жүйе 30-40 және 50 жылдар басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде тән болды. Елде Сталинның жеке басына табыну бел алды. Қандай да болмасын табыстардың бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар «халық жауларына» таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына кері әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Компартия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды. Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Халық санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттілігін түсіну барған сайын пісіп жетіле бастады. Бірақ қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың кешенді бағдарламаларына көшуге қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Оның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.

40-50 жылдар басында социализм идеологиясы өзінің шарықтау шегіне жетті. Міне осындай жағдайларда қоғамдық ғылымдар партия комитетінің қатаң бақылауымен дамыды. Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мұнан әргі жағдайына ВКП(б) Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы (1946 жыл 14.08.) қаулысы теріс әсер етті, ол басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан патия комитеті де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Қаз.Компарт. Орталық Комитеті пленумының ( 1947 жылғы наурыз) қаулысында төменгі партия комитеттеріне: «Тарих жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауларға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, ВКП(б) Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындау» тікелей жүктелді. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Жас, талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д Греков, Н.М. Дружинин т.б. көрнекті Кеңес тарихшылары кірді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам десе, басқа біреулері «Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап» деп сынады. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми айтыстар тұғызды. Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 ж.ж. Қазақстан» (1947) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепциясының дамытылған түрі-саяси зиянды деп жарияланды. 1950 жылы «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады.

Білім беру ісінің дамуы. Ғылым Академиясының құрылуы. Соғыс халыққа білім беру жүйесіне және мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайына ауыр тиді. Олардың кадрлық әлеуеті де өте қатты әлсіреді. Мектеп, техникум, жоғары оқу орындары, клуб және кітапхана ғимараттары бірқатар жылдар бойы жөнделмеді және олардағы құрал-жабдықтар тозып бітті. 50-ші жылдардың қарсаңында республикадағы оқу үйлерінің үштен бірінің өз ғимараттары болмады. Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 80% лайықталмаған ғимараттарға орналасты, олардың көпшілігі сабақ өткізуге жарамсыз болатын. Республикадағы мәдени-ағарту қызметкерлерінің 70%-дан астамы және мұғалімдердің 30% толық емес орта білімді ғана еді.

60-шы жылдар басында ҚазССР Ғылым академиясының 55 ғылыми мекемесінде, оның 25-і ғылыми-зерттеу институттары, 39 академик, 34 мүше-корреспондент, 6 мыңнан астам қызметкер, олардың 640-ы ғылым докторы мен ғылым кандидаты, жұмыс істеп жатты.

Ғылым академиясының біраз жаңалықтары әлемдік деңгейге сай келді. Мысалы, Қ.Сәтбаевтің жетекшілігімен геология институтындағы бір топ ғалымдар Кеңестер Одағында тұңғыш рет Орталық Қазақстанның болжам-металлогендік картасын жасап шықты, нәтижесінде түсті, қара, сирек металдардың ірі кен орындары ашылды әрі өнеркәсіптік тұрғыдан дұрыс бағаланды.

Ал, қоғамтанушы ғалымдардың ірі табысы ретінде Әль-Фарабидің, Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, Жамбыл Жабаевтың мұраларын зерттеу мен жарыққа шығаруды айтқан ләзім. 6 томдық Қазақ әдебиетінің тарихы, 5 томдық «Қаз ССР тарихы», 3 томдық «Қаз ССР мемлекеті мен құқықтарының тарихы», 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», диалектикалық логиканың өзекті мәселелері бойынша философтардың жарияланымдары қалың көпшіліктің жоғары бағасына ие болды. Қаз ССР Ғылым академиясы қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалымдары 80-ші жылдардың екінші жартысында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру жолында, халықтың тарихи санасындағы «ақтаңдақтарды» жоюға, А.Байтұрсынов, Қ.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев тәрізді тұлғаларды ақтау ісіне, ұлт-азаттық қозғалысы, ұжымдастыру, 1931-1933 жылғы аштық, сталиндік қуғын-сүргін, дәстүрлі қазақ мәдениеті, зиялылар тарихына қатысты жаңа зерттеулер жазуға айтарлықтай мол үлес қосты.

Дегенмен тоталитаризм ережелері үстемдік құрған тар кезеңде Қазақстан ғылымының жасампаз күші мен мүмкіндіктері толық ашылды деуге болмайды. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары қанат жайған буржуазиялық ұлтшылдықпен күрес науқанының қысымымен М.Әуезов, А.Жұбанов тәрізді ғалымдар республикадан тысқары кетуге мәжбүр болса, тарихшы Б.Сүлейменов, филолог С.Кеңесбаев, фольклоршы Қ.Қоңыратбаев, т.б. жұмыстан қуылды. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясының авторы профессор Е.Бекмаханов буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны насихаттады, реакционер сұлтандарды, хандарды дәріптеді деген айыптаумен 25 жыл мерзімге сотталды. 1951 жылы Қ.Сәтбаев ҚССР Ғылым академиясының президенті қызметінен босатылды. 1948-1952 жылдары барлығы 200-ден астам ғалым саяси сенімсіз немесе Қ.Сәтбаевтың жақыны деген айыптаумен академиясынан қуылды.



өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі

41. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері

Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған.

Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987) Өңдеу

Қайта құрудың бастапқы кезені:

-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.

-Алкогольге қарсы компания

-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты

-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу

т.б. қадамдарымен белгіленді.

1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.

Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)

1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.

1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.

Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.

Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.

Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.

Үшінші кезең (маусым 1989-1991).

Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.

Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды

42. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Республикамызды 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912-1993) болды. Ол КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі әрі үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Д.А. Қонаевтың қайраткерлігі мен адамгершілік қасиеттері де халыққа мәлім еді. Мемлекет қайраткері ретінде Д.А. Қонаев та сол әміршіл-әкімшіл жүйенің перзенті болды. Сондықтан да Қонаевтың саяси тағдырын Кремль шешті.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бары 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОК өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы Д.А. Қонев қызметінен алынды. Қазақ КСР КП ОК-нің І-ші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды (1986-1989).

Орталықтың мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. Өйткені қоғам өмірін қайта құрамыз, демократия мен жариялылық орнатамыз деп ұрандаған пратия басшылығының бұл саяси қадамына халық бірден қарсылық білдірді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Мұндай наразылық шерулері республиканың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.

Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.В. Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал Желтолқсан көтерілісінің басты себептері – Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүріне қысым жасап,ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердің жаппай жабылуы мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің болмауы да ауылдан қалаға келген жастар үшін ауыр психологиялық қысым болатын. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдар арасындағы қарамаа-қайшылықтар, яғни орталық партия басшылығының сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді.

43. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда

туындаған ұлттық шиеленістер

Х Х ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің “қайта құру” бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформатор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны ұсынушылар – академик-экономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдықтарын сатып алуға бөлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау өнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара 1990 ж. қарай құрал-жабдық және машина жасаудың азаматтық салаларының құрал-саймандарының 90% әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп, жеделдетуге алып барады деп сенді. Аграрлық салада да ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық өндірісін жеделдетеді деп есептеді.

Бірақ та, іс жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық қанды ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Өйткені товардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да заводтар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар мен фабрикалар алаңында, темір жол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты.Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз болды. Арендалық әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену, табылған табысты бөлу принципін өзгертпеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады.

Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.

Халықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда басталған ауған жанжалын тоқтату болып табылады. Кеңестер Одағы 1988 жылы өз әскерін Ауғаныстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғаныстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-дейіқаза тауып, 393-і мүгедек болып, 22-сі хабарсыз кетті. Бұл шаралар Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес-Қытай қатынасы жақсарды. Бірақта, КСРО әлі де болса бұрынғысынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп комплексін ұстап отырды. 1987 жылдан бастап ядролық сынақты қайтадан бастады.

«Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.


ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек – 69, Одақта әрбір 10 мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегіуші аудандарға айналды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті.

Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы ХҮІ съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Ә.Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Алғашқыда Орталық басшылығын Қазақстанның шикізаттық даму бағыты мен оның Д.А. Қонаев бастаған басшылығы қанағаттандырды. Бірақта «қайта құруға» сай жүзеге асырыла бастаған косметикалық реформалар республика басшылығын ауыстыруды қажет етті. Қазақстанның жоғарғы билік органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу жалғаса түсті. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады.Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының 1-ші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында “Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек” деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды жастар өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Бейбіт шеруді басып-жаншу кезінде тәртіп сақтау органдары заңдылықты өрескел бұзып темір таяқтарды, сапер күректерін, иттерді пайдаланды. Жастарды прокурордың шешімінсіз түрмеде ұстап, партия органдары құқық қорғау органдарына айыптау қорытындыларын тезірек шығару жөнінде қысым жасады.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті “Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы” арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінің түрі ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист – шектен шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны “Қазақ ұлтшылдығы” деп айыптауға дейін барды.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін Г.В. Колбиннің саясатының қатаң және валюнтаристік бағытына жол берілді. Басшылық жүйесінде үлкен кадрлық тазалау жүзеге асырылды, мәдениет пен баспасөзге бақылау күшейді, жоғарғы оқу орындарына студенттер Қазақстандағы ұлттардың алатын проценттік үлесіне сай қабылдана бастады. Орталыққа жіберілетін фондыларды азайту нәтижесінде қол жеткен өзгерістерге жалған сипаттама берілді.

Осылайша «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы және қоғамдық-саяси өмірді жоғарыдан жүзеге асырылған жеңіл-желпі шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан-айқын көрсетті. 1988 жылдан бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - әлеуметтік-экологиялық «инициатива» бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына соғысқа қарсы тұру, экологияны, бейбітшілікті қорғау, қоғамды демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы қозғалысы да елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары ерекше роль атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті мәселелерді көтерді.

Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне бастады. “Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!” деген ұран жанданды. Бұл мәселені бастапқы кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені, компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені, көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.

1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе – халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған “КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы” және “КСРО халық депутаттарын сайлау” жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көрінісін тапты.

Толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге республиканың құқылы болуы Қазақстанның өткен кезеңінде жіберілген ағаттықтарын түзетуге мүмкіндік туғызды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 30-40-жылдары және 50-жылдардың бас кезінде сотталған және жазаға ұшыраған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды.

«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 ж. көктемдегі сайлауға байланысты басталды. Сайлау науқаны кезінде нарықтық экономикаға және меншікке көшу үшін, ұлттық республикалар мен аймақтардың құқығын кеңейту үшін белсенді күрес басталды. Демократиялық процесстердің даму барысында көрнекті рөл атқарған 1989 ж. наурыз айында өткен КСРО халық депутаттарының І съезі болды. Осы съезде Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды.


Саяси өмірде болған өзгерістер ұлттық сананың оянуын туғызды. Мұның айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы халықтық қозғалыс болды. 1989 ж. ақпандағы республика жұртшылығының жиынында тұңғыш «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы салынды. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О. Сүлейменов басқарды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстан халқы тарапынан қолдау тауып, осы жылдың 6 тамызында Семей облысы Қарауыл ауылында өткен жиында КСРО мен АҚШ-тың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі жөнінде үндеу қабылдады. Одақтық үкімет Семей полигонындағы жарылысты азайтуға мәжбүр болып, 1989 ж. полигонда жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатты. «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 ж. мамырда Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державаларда қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатында «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өтті.

Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды.

Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайлануы республикада саяси-экономикалық мәселелерді шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді. Республика Жоғарғы кеңесі 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы комиссия құрды.Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген “Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын” 1989 ж. қыркүйекте қабылдауы маңызы зор оқиға болды.

Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.1990 жылы Қазақстанда “Азат” азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада “Алаш”, “Желтоқсан”, т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті.

Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың 70-ші – 80-ші жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді “жаңарту” әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.

44. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі – ұлттық мемлекеттің бастау көзі

Тағы да Желтоқсан … Тағы да қаһармандарымызды бір еске алып қоятын сəт.

1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Тарихи әділдік пе әлде, кездейсоқтық па?

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.

Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек артық болмас. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.[1]

Бірақ 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар.

Манаш Қозыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін сырлы құбылыс деп бағаласа, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетеді. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» — деп бағалайды.

Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романының бірінші кітабында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне баға берді. Алматыда ұлтшыл элементтер араңдатып салған оқушылар жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешіміне наразылық білдіргенін айтады. «Желтоқсан оқиғаларындағы» маңызды мәселелерді есте сақтау қажет дейді. «Ол екі бірдей жергілікті элиталарға (қазақ пен орыс) қарсы тұңғыш жаппай наразылық еді. Демонстранттар жақсы ұйымдасқан еді және өз жетекшілері ұсталғаннан кейін де орындарында қала беруі бағаланды» — деп сипаттайды. [2]

Желтоқсан құбылысын зерттеуге ат салысып келе жатқан көрнекті журналист Т.Данияров: «Желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызбен үндеседі», — деп санайды. «Желтоқсан ызғары» атты еңбектің авторы жазушы Т.Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын «Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс» деп таныды. 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс болып табылады. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок деп есептейді.

Дегенмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысты түйіні шешіле қоймаған әлі бірнеше мәселенің бар екенін атап өту керек. Биыл бұл «оқиғаға» бақандай отыз жыл толады. Әділет салтанат құруы үшін аз уақыт емес. Өкінішке орай, тарихшы ғалымдар тарапынан да, мемлекет тарапынан да әлі күнге өзіне лайықты бағасын алған жоқ. Желтоқсан шындығы әлі күнге «жабулы қазан» күйінде қалып отыр. Бұл не деген сөз? Яғни бұл мәселеде қандай да бір кедергілер бар деген сөз…

Біріншіден, 1986 жылдың жел¬тоқ¬санында Алматы қаласында болған оқиға әлі күнге толыққанды бағасын алған жоқ. Негізгі қалыптасып қалған ұғым, ол – Желтоқсан оқиғасы. Ал бұл атау сол жылдары ресми бекітілгенін де ұмытпаған жөн. «Желтоқсан оқи¬ғасы» деген формулировка совет га¬зеттері мен партия құжаттарында су¬реттеледі. Кейінгі, ресми құжаттарда да осындай атау бекітілді. Мысалы, КСРО Ком¬мунистік Партиясы Орталық ко¬митетінің 1990 жылғы 18 мамырдағы қаулысына байланысты қалыптас¬тырылғаны өздеріңізге мәлім. Кеңес билігі әу баста Алматыда болған оқиғаларды «қазақ ұлт¬шылдығының көріністері» деп ба¬ғалады. Орталық Комитеттің қаулысынан соң ғана Алматыда болған жай¬ларды «Желтоқсан оқиғасы» деп аталып келеді. Ал шын мәнінде «оқиға» деген не? Негізі Желтоқсан көтерілісіне оқиға деп баға беру қазақтың азаттық жолындағы шешуші әрекеттерінің бірі және бірегейінің бағасын түсіретін сияқты. 2008 жылы жарық көрген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «оқиғаға»: «Оқиға – болып өткен іс, елеулі құ¬былыс» деп баға берілген.

Сол себепті, бі¬реуіміз көтеріліс, біреуіміз оқиға деумен келеміз. Енді оқиғаға не себепті «кө¬теріліс» деп баға берген дұрыс дегенге тоқталса. Сөз жоқ, бұл жерде ең алдымен бұл ұғымның мәнін ашып алу керек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «көтеріліс», «ереуіл», «қозғалыс» ұғым¬дары да түсіндіріледі.

«Көтеріліс – халық бұқарасының яки белгілі бір көпшілік топтың саяси, әлеуметтік мәні бар құралды күресі, қарулы ереуілі».

«Ереуіл – жаппай дүрлігушілік, дүр¬мек, екінші мағынасы – саяси, ұйым¬дасқан түрде жұмысқа шықпай, бас кө¬терген қозғалыс».

«Қозғалыс – халықтың жаппай на¬разылығы».

Егер осы айтылғандардан өрбітсек, қозғалыс болу үшін халық жаппай на-разылық танытуы керек. Ереуіл де солай. Көтеріліс болу үшін қолда құрал, қару-жарақ болуы және ең бастысы, ұйымдастырушы мен басшы керек. Бұл жалпы қалыптасқан әдіс. Алайда, Альберт Эйнштейн институты «азаматтық көтеріліс» немесе «күш қолданбау кө¬те¬рілісі» деген ұғымдарды енгізді. Мұндай жағдайда көтеріліс жасаушылардың қол¬ға қару алуының да қажеті жоқ. Демек, Желтоқсан көтерілісін «Аза¬мат¬¬тық көтеріліс» немесе «Демок¬ра¬тия-лық қарсы шығу, толқу» деп те айтуға болады. [3]

Екіншіден, зерттеушілер мен оқу¬лық авторлары да бірізділікке түсуі тиіс. Біз жас ұрпақты отансүйгіш етіп тәр¬биелейміз десек, желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды үлгі етеміз десек, алдымен көтеріліске дұрыс және ортақ баға берген абзал. Өкінішке орай, әзірге біз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз.

Бұдан басқа желтоқсан көтерілісі төңірегіне келгенде әлі де болса самарқаулық пен салғырттыққа жол беріп келе жатқанымыз өтірік емес. Бір оқиғаның баяны, атауы, саны, салмағы әртүрлі кітаптарда әрқилы жазылып келеді. Ол аздай, Желтоқсанның болғанын жоққа шығару, тарихи маңызын бұрмалап, әлсіретіп көрсету сияқты екі ұдай іс-әрекеттер көбейіп кетті. Осы орайда біздің айтарымыз, қазір қазақтың тарихы ұлттық көзқараста жаңаша жазылуы керек деген талап қойылып, ұлттық тұрғыдан бағалау қолға алынып жатқанда, Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты әділетсіз бұрмаланған фактілер мен оқиғаларды қайтадан зердеден өткізіп, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді қайта қарап, түзету енгізіп, сонан соң оның нақты саяси-құқықтық статусын анықтап, тарихи бағасын беру, желтоқсаншылардың мәртебесін анықтау секілді тағы басқа толып жатқан мәселелерде бір мәмілеге тоқталатын уақыт жетті. Олай болса, Желтоқсан-86-ның тарихын зерттеп, зерделеп қайта жазуда, ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша бағалауда бірінші кезекте мынадай мәселелер негізге алынып, ескерілуі тиіс.

Желтоқсан көтерілісін қорытып, қайта бағалауда бізде туындап отырған негізгі қиыншылық — «Желтоқсан оқиғасының» іргелі ғылыми деңгейде зерттелмей отырғандығы. Әрине, өз беттерінше тиіп-қашып зерттеп, мақалалар жазып жүрген тарихшы-ғалымдар бар, бірақ іргелі монографиялық зерттеулер әлі дүниеге келген жоқ деуге болады. Соның кесірінен Желтоқсанның статусын анықтап, тарихи бағасын беру мәселесінде кешеуілдеп келеміз. Желтоқсан көтерілісінің тарихы іргелі ғылыми нысанға айналуы керек деп мәселе қойып отырғанымыздың себебі де сол. Бұл — кезек күттірмейтін негізгі мәселе.

Ол үшін не істеу керек? Желтоқсан құбылысын зерттеп, ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша байлам жасап, бағалау үшін оған мемлекет өзі тапсырыс беруі керек. Басқаша түсіндіргенде, тарихшылар мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеуі тиіс. Әлемдік тәжірибеде мұның мысалдары жетіп артылады. Мысалы, Германияның, Францияның, Ресейдің тарихын қараңыз, бәрі академиялық тұрғыдан іргелі зерттелген, мемлекеттің тапсырысы негізде қорытылып жазылған. Яғни бұған қаржыны мемлекет бөлуі керек. Кез келген іргелі зерттеудің соңы қаржыға барып тіреледі. Қаржысыз үлкен, іргелі істер аяқталмай қалуы мүмкін. Тіпті, кеңестік кезеңде жазылған, мемлекеттік сыйлыққа ие болған 5 томдық тарихымыз да мемлекеттің қолдауымен дүниеге келген болатын.



45. 1991 жылғы тамыз бүлігі

Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.



Әзірбайжан мен Тәжікстан республикаларының басшылары А.Муталибов пен K.Max - камовтар Тамыз бүлігіне қолдау білдірді. АҚШ Президенті Дж.Буш Тамыз бүлігін айыптады. Еуропа экономикалық қоғамдастығы Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетке қарсы шығып, заңды екіметті қалпына келтіруін талап етті. Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды

ҚБ-11

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...