3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі18.74 Kb.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-тапсырма

Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.

Қадыр Мырза Әлінің “ Домбыра” өлеңі. Бұл өлеңде қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы айтылған. Бұрыңғы кезде қазақ халқы болған жағдайды домбыра шертіп, күй арқылы жеткізген. Домбыраны ерекше қадірлеп, қастерлеген.


2-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

  1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?

Өлеңді Домбыра қасиеті немесе Қасиетті домбыра деп атауға болады. Себебі ұлттық аспабымыздың ерекшелігі, қасиеті туралы айтылған. Авторы ­­- Қадыр Мырза Әлі.

  1. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?

Домбыра ертеден қазақ халқында киелі аспап саналады. Өлеңде домбыраның қос ішегі, шанағы болатыны туралы айтылған. Бұл аспаптың ерекшелігі сонша мылқауды сөйлетіп, кереңді жылатады делінген. Ақиқатты ғана жеткізер ерекше аспап.

  1. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті

туралы?

Ертеден келе жатқан көне аспап, екі ішектің арқасында қаншама күй туындайды. Күй де жайдан жай шықпайды. Халықтың мұң мұхтажын, не болмаса қуанышын көрсету мақсатында туындаған.



  1. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?

Иә, әрине келісемін. Домбырамен күй шертілгенде адам тебіреніп тыңдайтындығын айтады.

  1. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай

түсінесіз?

Домбыра мен қазақ сөзі синоним іспетті. Домбырада сатқындық жоқ, ол ешқашан өзгермейді, айтқың келгенді бүкпесіз жеткізуге болады, сондай ақ тарихы тереңдегі аспап. Сондықтан да нағыз Қазақ домбыра.


3-тапсырма

Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?»

тақырыбында сөйлесіңіз.

Әлеуметтік желі қазіргі қоғамдағы белсенді тақырып. Екінің бірі, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қазір әлеуметтік желіні пайдаланады. Және соған тәуелді болып қалған. Әлеуметтік желі жастарға қалай әсер етеді? Әрине, әркімнің түйсігіне, сана-сезіміне байланысты. Дегенмен, әлеуметтік желінің тек жақсы жақтарын ғана пайдаланып қоймай, оны шектен тыс қолданып, денсаулықтарына зиян келтіріп жатқан жандар қаншама. Одан өзге тек қана қызық видео, фотолар көріп, әлеуметтік желінің пайдасын түсінбей, тек құр уақыт өткізіп және соған тәуелді болып бара жатқан сияқтымыз.


Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?

Ғаламтор алысты –жақын қылып, жылдам ақпарат алмасудың көзі. Кез келген жерде өзіңе қажеттіні таба аласың. Дегенмен зияны да жоқ емес, ғаламторды көп пайдалану адам көзінің көруіне кері әсерін тигізеді. Яғни денсаулыққа зиян.
Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма?

Қазіргі заман жастары ғаламторға өте тәуелді, күнінің жартысынан көп уақытын ғаламторды пайдалану арқылы өткізеді.


Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады?

Ғаламторға тәуелділік себебін анықтау қажет. Күнделікті өміріңде ғаламторды қолданатын уақытты 1 сағаттан азайту арқылы құтылуға болады деп ойлаймын.


Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?

Иә, білемін. Ғаламтор мәдениеті – ғаламторды белгілі бір уақыт аралығында ғана қолдану және ондағы ақпараттарды көшірмеу, тек қана өзіңе қажеттіні біліп алу.


4-тапсырма

Төмендегі кесте мен диаграммада берілген ақпаратты өз сөзіңізбен сипаттаңыз.

Кесте бойынша

Интернеттен ақпаратты іздеудің 3 жолы бар. Олар: www жүйесі ­­- web құжатты қарауға арналған бағдарламалық қолдану, іздестіру жүйелері ­ - www.google.kz, www.rambler.ru, www.yahoo.com , оқушыларға ыңғайлы жалпы іздестіру жүйелері, бұл туралы мектеп кезінен оқушыға түсінік қалыптастыру керек, сондай-ақ MS INTERNET EXPLORER браузердің қызмет мүмкіндіктерін жіктеу және браузер терезесімен таныстыру.



Диаграмма бойынша.

Мен уақытымның жартысынан көбін (70 пайызын ) әлеуметтік желіде отыруға жоғалтамын. Біршама уақыт (15 пайыздай) теледидар қараймын. Мектеп оқушысы болғандықтан арасында (10 пайыздай ) кітап оқимын. Қалған уақытымда (5пайыздай ) спортпен айналысамын . Достарыммен кездесуге уақыт жоқ, олармен көбінесе әлеуметтік желіде сөйлесемін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...