3 pisa – ОҚушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы


PISA жобасы тапсырмаларының ерекшеліктері



бет6/17
Дата11.04.2022
өлшемі1.35 Mb.
#220153
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
PISA дісі курс
Мусабекова Жансая психология, Копия 34 Богатый папа бедный папа, Копия 34 Богатый папа бедный папа, Копия 34 Богатый папа бедный папа, практика №1,2, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саясижағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары, Минералдардың физикалық қасиеттері, практическое 5 русс, Практика 9 русский. Алия Нуролла, бөж 3, СРО7, Kynyrtai Mira - 9тәжірибе, Kynyrtai Mira - 9тәжірибе, СӨЖ6-Қыңыртай Мира, 5079946591646 Лекция 05.06.2020
1.2 PISA жобасы тапсырмаларының ерекшеліктері
PISA тапсырмаларына келетін болсақ, тапсырмаларды зерделеп отырсам, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отыратын, логикалық тест тапсырмалары ашық немесе жабық күйінде берілген.

Оқушылардың білімді игеруіне байланысты деңгейлік тапсырмалар берілген және олардың орындау қабілеттеріне қарай қойылатын талаптар деңгейлері де әртүрлі.

Жоғары деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршіліек үрдістер құрылымы туралы кейбір түсініктері, заттардың қасиеттері мен физикалық құбылыстар туралы білімдері,Күн жүйесі мен Жер құрылысы, үрдістер мен құбылстар туралы білімдері,зерттеуді жүргізуге байланысты бастапқы түсініктерінің болуы,кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен байланысын түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс.

Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты тәжірибелік жағдайларды және негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды сипаттауға және олардың қоршаған ортамен байланысын анықтауы, адам биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, жалпыға танымал физикалық құбылыстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік жағдайларда білімін қолдану қабілетінің болуы тиіс.

Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар қарапайым білімді болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-құлық және физикалық сипаттарына байланысты кейбір қарапайым фактілерді білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу қабілеттерінің болуы, белгілері бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, қарапайым кестелерді толтыру қабілетінің болуы,нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға қысқаша жауаптар құрастыруы тиіс.

РISA есептерінің шарты: өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық; әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады [5].

Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз.

Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі – білімде.

Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту [6].

Оқушының түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті. Ал ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек.

Қазіргі мұғалім – педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. Өз пәнін сүйетін, АКТ-ны толық меңгерген, ізденімпаз, ұйымдастыру қабілеті жоғары, баланың жан дүниесін түсінетін жаңа кәсіби біліммен толықтырып отыратын, мәдениетті, әділ баға білетін, құзырлы мұғалім [7].

PISA зерттеулері бойынша мектеп математика саласындағы пәндік білімді түрлі жағдайда қолдануда қысқаша көбейту формуласын пайдалануды төмендегідей жобаның жүйесінде қолдануға болады.

Жоба жұмысының мақсаты: PISA халықаралық зерттеуі арқылы оқушыларға қысқаша көбейту формуласын пайдаланып есеп шығаруда сыни тұрғыдан ойландыруға үйрету, анықтамасын білуге ой салу, АКТ-ны пайдалану арқылы осы тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

Жоба жұмысының міндеті:

- Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

- Математика сабағында деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны оқушыны ойлануға, салыстыруға өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.

Қадамдары:

- PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы стратегиялары арқылы оқушыларға қысқаша көбейту формулаларды пайдалана отырып, есеп шығаруда сыни тұрғыдан ойландыруға үйрету, анықтамасын білуге ой салу;

- Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы анықтама мен есептердің шығару жолдарын салыстыру;

- Жаттығулар орындау. Пікір айтқызу, АКТ-ны қолдану.

Ой қозғау: Өткен сабақты еске түсіру.

Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып есеп шығаруда (сұрақ қою арқылы пікірталас: қысқаша көбейту формуласын дәлелдей, түрлерінің анықтамасына сүйене  отырып есеп шығарту)

Ойлан, жұптас, бөліс стратегиясы:

(Оқушыларға тест тапсырмасын РISA бағдарламасы бағытында шешу тапсырылып, бірін-бірі бағалату. (мысалы: “қандай ережеге сүйендің?, қалай шештің? неліктен? т.б”)

1.Ер адам ыдыстағы қымызды 14 күнде ішеді, ал әйелі екеуі осындай ыдыстағы қымызды 10 күнде ішеді. Осындай ыдыстағы қымызды әйелі жалғыз өзі неше күнде ішеді?

а) 24 күнде в) 25 күнде с) 30 күнде д) 34 күнде е) 35 күнде

2. Бөтелкесімен айран 30 тг тұрады. Айранның өзі бөтелкеден 26 тг қымбат тұрады. Бөтелке қанша тұрады?

а) 3 тг в) 2 тг с) 4 тг д) 5 тг е) 6 тг

Қойған негізгі идея:

Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену, барлық сала математикамен байланысты екендігін көрсету.

«Мен-саған, сен – маған» стратегиясы (сабақты қорыту)

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін сараптау барысында бір-бірлеріне сұрақтар қойып, талдайды,бағалайды

Күтілетін нәтиже: алған білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірмен байланыстыра пайдаланудың қандай деген жаңа сабаққа деген қызығушылығын тудыру.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектепте шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз.

Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты – оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы