PISA тест тапсырмалары
1-тапсырма. Дұрыс үшбұрыштың ауданы 15% үлкейтілді. Үшбұрыштың бұрыштарының шамасы қаншалықты өзгереді?
A. 15 % үлкейді
B. 15 % кішірейді
C. Өзгерген жоқ
D. 30 %үлкейді
E. 30 % кішірейді
Естігенімді ұмытамын,
Көргенімді есте сақтаймын.
Өз істегенімді меңгеремін (Конфуций)
2-тапсырма. Тұсқағаз
Болат өз бөлмесіндегі бір қабырғаның тұсқағазын ауыстырмақ болды. Ол қабырғаның ұзындығы 4 м, ені 2м 50 см. Тұсқағаздың суреттерін сәйкестендіру үшін әр тіліктен 20 см не жоғары шығару керек, не төмен түсіру керек.
Ескерту: Әр орамның өлшемі: 0,5 метр х 10 метр.
1-сұрақ. Тұсқағаз
Осы қабырғаға неше орам тұсқағаз қажет?
А. 2 В. 3 С. 2,5 Д. 4
Құзыреттілігі: елестету
Математикалық аймағы: сандар
Жағдаят: жеке
Деңгейі: орташа
Код 1: дұрыс жауап 3. Шешу жолы: 2,5*8+1,4=21,4 (толық екі орам 20 м тағы да 1,4 м керек сонда 3 орам қажет)
Код 0: басқа жауап
Код 9: жауабы жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |