3. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет1/3
Дата11.04.2022
өлшемі40.57 Kb.
#220171
  1   2   3
Байланысты:
Дене т реферат 1
000539b3-5557f6c3, 000539b3-5557f6c3, Документ Microsoft Word, тарбие сагат сагыткул апай., Тақырыпты ашу, 6 класс СОЧ № 3, 0004dcb9-ea22e954

Жоспар

1.Кіріспе

1.1. Жалпы дене мәдениетінің тарихы 

2. Негізгі бөлім
2.1. Дене мәдениеті тарихының кезеңдері 
2.2.  Алғашқы қоғамдағы дене тәрбиесінің шығу тарихының мәселелері


3. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.1. Дене  мәдениетінің  тарихы  –  тарих  ғылымның  жеке  саласы  болып 


саналады. Дене  мәдениетінің  тарихы  адам  қоғамындағы  -  өмір  сүрудің әр  – 
түрлі  кезендеріндегі  дене  мәдениетінің  дамуын  зерттейді  және  Дене 
мәдениетінің  аймағындағы,  таптық  –  антогонистік қоғамындағы  тиімді  әсер 
етуші  заңдылықтарды  оқытады.  Дене  мәдениеті  тарихы  пәнінің  мазмұнына 
дене  тәрбиесінің  құралдары,  қалпы,  әдістері,  идеялары,  дене  мәдениетінің 
ілімі, әдістемесі және жүйесі кіреді. 
Дене мәдениеті тарихы өзін тарихи білімдердің арнайы саласы деп, дене 
тәрбиесі мен спорт туралы ғылымның ерекше бөлімі ретінде қарастырылады: 
“Дене  мәдениеті  тарихы”  пәні  ежелгі  уақыттан  біздің  күнге  дейінгі  дене 
мәдениетінің  шығуы  мен  дамуын,  қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің  бір  бөлімі 
ретінде  қарастырылады.  Дене  мәдениетінің  тарихы  –  ғылым  ретінде  ХІХ  – 
ғасырдың  екінші  жартысында  қалыптаса  бастады,  ол  білімді  адамдардың, 
педагогтар  мен  дәрігерлердің  дене  тәрбиесіне  деген  қызығушылығынан 
туындады. 
Дене мәдениетінің тарихы – тарихи білімдердің арнайы саласы ретінде 
бірнеше  даму  кезеңдерінен  өтті.  Оның  осы  құрылымының  негізін  ғылыми 
кезеңдер құрайды. 
Дене мәдениетінің тарихы – мынадай кезендерге бөлінеді: 
Бірінші  кезең  –  ежелгі  дүниедегі  дене  мәдениеті  тарихы,  алғашқы 
құрылыс пен құлиеленуші кездердегі дене мәдениеті түрлерін қамтиды. 
Екінші  кезең  –  орта  ғасырлардағы  дене  мәдениеті  тарихы,  дене 
мәдениетінің  феодалдық  түрінің  шығуын,  гүлденуі  мен  құлдырауын 
қамтиды. 
Үшінші  кезең  –  жаңа  уақыттағы  дене  мәдениетінің  тарихы  –  бұл  кезең 
дене  мәдениетінің  буржуазиялық  түрінің  шығуы  мен  билеген  уақытын 
қамтиды. 
Төртінші  кезең  –  жаңалау  уақыттағы  дене  мәдениетінің  тарихы  –  бұл 
кезең дене мәдениетінің әлеуметтік жағдайдағы шығуы мен орнығу уақытын 
қамтиды.  [ 5.,17 ]
Ал, оның  пәнінің құрылымы:  
1.  Жалпы  дене  мәдениетінің  тарихы  –  барлық  қоғамдық  экономикалық 
формациядағы дене мәдениетінің даму заңдылықтары. 
2. Халықаралық спорттық қозғалыс тарихы. 
3. Қазақстандағы – отандық дене мәдениетінің тарихы. 
4. Дене жаттығуларының шығу мәселерінің тарихнамасы. 
Дене  мәдениетінің  бастапқы  шығуы,  құрылым  бойынша  да  мазмұны 
бойыншада  күрделі  мәселе.  Ол  келесі  сұрақтарды  қамтиды:  дене 
мәдениетінің объективті және субьективті факторларының шығуының өзара 
байланысы,  алғашқы  даму  кезеңіндегі  ерекшеліктері;  алғашқы  қоғамдағы 
дене тәрбиесінің; негізгі жақтары. 
Дене мәдениеті неден шықты? Адамдардың еңбек қызметінен бе немесе 
діни өкілдіктерден бе? Ол қоғаммен немесе аңдар дүниесімен қатынасты ма, 
биология  заңдарына  бағына  ма?  Әр  елдердің  білімділері  бұл  мәселелерді 
шешу үшін әр–түрлі пікірлер айтты.  
1) Тарихи ғылымдардың кейбір өкілдері өздерінше дәлелдеді, онда дене 
тәрбиесінің  бастаулары,  нақтырақ  айтсақ  дене  мәдениетінің  элементтері 
аңдарда бар, сондықтан биология заңдарына тәуелді деді. 
2)  Теориялық  ағым  бойынша  авторлары  дене  мәдениетінің  дамуы  діни 
өкілдегі  адамдардан  шықты  дейді.  Мысалы:  Э.Кайс  «Дене  тәрбиесінің 
қысқаша тарихы», (1927 ж.) кітабында деректер келтірілген. 
3) Атақты испан социологі Х.Ортега мен Гассет спорттың бастапқы жайы 
және  қоғам  өмірінде  еңбектің  бағынышты  рөлі  туралы  идеяны  дамытады 
және  мемлекеттің  дамуына  –  адамдардың  спорттық  қызметі  себеп  болды 
деген. Ағылшын философы, социолог Гербет Спенсер (1820 – 1903 жж.). Ол 
алғашқы  қоғамдағы  адамдардың  бірлестіктері  мен  ондағы  дайындықтары 
алғашқы  спорттық  клубтарда  болды  деп  тұжырымдайды,  олар  ордадан 
руларға өту баспалдағынан жанұя құруына себеп болды дейді. 
4)  Г.В.Плехановтың  көзқарасы  бойынша  адам  санамен  істелінген 
жаратылыс,  жалпы  биологиялық  заңдарға  бағынады  десе,  Е.А.Покровский 
(орыс зерттеушісі) ойындар мен дене жаттығулары баланың сыртқы өмірімен 
қарым – қатынасын дамытатын құрал деді. 
Дене  мәдениетінің  шығу  түсінігінде  үлкен  құнды  жұмыстарда 
Ф.Энгельстің  орны  бөлек.  Оның  «Жанұяның  шығуы  және  мүлік  пен 
мемлекет  тарихы»  еңбегінде  адам  қатарына  қосылу  заңдылықтары  алғашқы 
қоғамның  дамуы  және  құлдырауының  тарихы,  дене  тәрбиесінің  ру  мен 
тайпаның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы жазды, және  еңбек ету процесінен 
адамның  түр  әлпеті  өзгергендігін  дәлелдеді.  Оның  айтуынша  адам  адам 
болып  40  мың  жыл  аралығында  қалыптасқан.  Адам  иілімді,  епті  және  тұла 
бойы әдемі болды. Еңбек ету процесі уақытында негізінен аң аулауда жүгіру, 
лақтыру,  жорғалау  іс  -  әрекеті  сияқты  дене  сапаларын  дамытты  дей  келе 
адамның  әлсін  -  әлсін  еңбек  іс  -  әрекетінде  алынған  өзгерістері  ұрпаққа 
беріліп  тұқымқуалай  бастады.  Еңбек  процесі  кезінде  тәрбие  де  жанданды 
және еңбектің өзі адам пайда болғаннан кейін ғана дамыды дейді. 
Алғашқы  құрылыс  қоғамы  миллион  жыл  шамасында  болған,  оның  өзі 
кезеңдерге  бөлінді:  рулық  қоғамға  дейін,  алғаш  құрылыс  қоғамы,  алғаш 
құрылыс қоғамының таратылуы. 
Этнографиялық негіздердің мәліметі бойынша  бірнеше мысал келтіруге 
болады:  аңға  шыққанда  ыңғайлы  орын  алу,  ұзақ  уақыт  аңду  статикалық 
төзімділікті  талап  етеді;  аңшылар  суда  жүзетін  құсты  аулау  үшін  жақсы 
сүңгіп жүзуі керек, таудағы аңшылық ептілікті қажет етеді. 
Көптеген  алғашқы  құрылыс  халықтарында  өздерінің  салттары  болды  ол 
инициация деп аталынды, бір жас аралық топтан келесісіне өту, руға немесе 
тайпаға  қабылдану.  Инициацияда  жастарды  бақылау  үшін  рудан  алынған 
арнайы бөлінген үлкен жастағы адамдар болды: Көптеген инициациялардың 
мақсаты  жасөспірімдер  рудың  толық  мүшесі  етіп  қабылдау.  Инициацияға 
жасөспірімдер  қатты  дайындалды,  шынығуда  қатаң  тәртіп  сақталып, 
аңшылыққа  шығуды  үйренді.  Инициацияда  кең  ауқымда  дене  жаттығулары 
мен әртүрлі ойындар қолданылды. 
Матриархат  кезеңінде  ежелгі  адамдардың  ойындық  шығармашылық 
дамуы  басталды.  Жүнмен  нығыздалған  доп,  каучук  добы,  коньки  және 
сүйектен жасалған шаңғы, клюшка, қалақ (ракета) пайда болды. 
Патриархат кезеңінде жер өңдеу мен мал шаруашылығы еңбектің негізгі 
қалпы болып, өндіріс процессінде дене күші шешуші рөл атқарды. Бұл кезде 
қүрделі  ойындар,  би  және  дене  жаттығуларымен,  аңдарды  үйрету, 
аңшылқтың күрделі тәсілдері, жер өңдеу түрлері пайда болды. 
Алғашқы  құрылыс  қоғамының  таралу  кезеңінде  тайпалар  арасындағы 
соғыс, күнделікті қарым  – қатынас қалпы болғандықтан жастарды үйретуде 
әскери дене дайындығының элементтері дамыды. 
Алғашқы құрылыс қоғамындағы дене мәдениетінің ерекшеліктері  
1. Дене мәдениеті жастардың жалпы тәрбие жүйесіндегі дене тәрбиесінің 
элементтері  түрінде  қызмет  етті:  тұрмыста,  еңбек  процессінде,  салт  – 
дәстүрлерде,  қоғам  мәдениетінің  мазмұнды  бөлімі  түрінде  іске  асты,  бірақ 
оның басқа бөлімдерінен бөлінбеген. 
2.  Құлиеленушілік  қоғам  пайда  болғанға  дейін  дене  мәдениеті  барлық 
адамдардың жетістігі мен шығармашылығы болды. 
3. Дене мәдениті адамды дайындаудың бір құралы болып саналды, басты 
кейіп еңбек қызметіне дайындау. Өмір сүрудің ақырғы стадияларында алғаш 
құрылыс  қоғамында  әскери д ене дайындығының элементтері шыға бастады.  [4.,55]
 
2.1. Дене мәдениеті тарихының кезеңдері. 
Алғашқы қоғамның дамуына байланысты рулық қоғам пайда болды. Бұл 
алғашқы  қоғамдық  адамдардың  қоғамдық  ұйымның  жаңа  түрі.  Еңбек 
тәжірибесінің  кеңейіп  өндіріс  күштердің  дамып  өзгеруі  дене  тәрбиесінің 
күрделенуіне әкеп соқты. Тәрбие еңбек сияқты ұжымдық сипатта болды. Бұл 
алғашқы  қоғамдағы  адамдардың  өмір  сүруіне  тіршілік  ету  үшін  табиғатпен 
күресуге үлкен көмек көрсетті. Жер бөлісу, мал шаруашылығымен айналысу 
рулық  қоғамда  әскери  ұйымдардың  болуы  үлкен  рөль  атқарды.  Мысалы: 
Австралияның балалары ерте жастан бастап садақ ату, сол сияқты тағы басқа 
да  әр  –  түрлі  құрал  –  саймандарды  қолданудың  әдісін  үйрене  бастады. 
Үлкендермен  бірге  аңға  шықты,  балық  аулады,  жәнеде  әр  –  түрлі  бейнелі 
ойын  сауықтар  өткізу  кеңінен  таралды.  Тәжірибелік  тәрбиеде  бумеранг 
лақтыру, бір топтан екінші топқа қарсы доп лақтыру ойындары т.б. болды. 
Орыс  саяхатшысы  этнограф  Миклука  Маклай  ұзақ  уақыт  бойы  Жаңа 
Гвинея  жерінде  тіршілік  етіп  олардың  ойындарын  былай  атап  өтті,  оның 
бағдарламасында:  
1. Садақтан оқ ату. 
2. Секіру. 
3. Лақтыру. 
4. Түрлі би қимылдарын орындау. 
Американың  алғашқы  адамдары  оның  ішінде  үнді  эскимостары  және 
тағы  да  басқа  тұрғындары  допты  белгілі  жерге  лақтыру,  ұзақ  қашықтыққа 
жүгіру,  ауыр  жүк  көтеру,  тас  көтеру  ойындарымен  белгілі  болған. 
Африканың алғашқы адамдары оның ішіне бушмендер жүгіру жылдамдығы 
мен  және  төзімділігімен  ерекшеленген.  Ер  адамдардың  ойындары 
жарыстарда  би  және  атлетикалық  түрде  өтетін.  Кейбір  тәрбие  түрлеріне 
алғашқы  қауымда  педагогикалық  көз  қарастарда  болған.  Бұл  кез  бір  даму 
кезеңінен келесі даму кезеңіне өту болған. 
Жастарды  бұл  жарысқа  әдейі  үлкендер  дайындайды.  Оның  мақсаты жастардыөз  қатарына  қосу  болатын.  Жастар дайындығының, бағдарламасында суыққа төзу, және тамақ ішуге тыйым салынып аң аулауға  жақсылап дайындалатын.  Қоғамдық  бірлікте  қыз  балаларды  да  дайындықтан  өткізген. Олар  аң  аулау,  әскери  ойындар  мен  бірін  –  бірі  қуу  ойындарына 
үйретілген.  Әсересе  қыз  баламен  әйел  адамды  би  –  билеуге  үйреткен. 
Сондықтан  дене  тәрбиесі  түрлі  ойындарда  жастарды  тәрбиелеудің,  басты 
негізгі  құралы  болды.  Дене  тәрбиесі  әсіресе  еңбекпен  байланыстырылды 
сонымен  қатар  бұл  ежелгі  адамның  мәдениеттік  құрлысшысы  болып 
саналған. 
Ертедегі Рим мемлекетіндегі дене мәдениетінің дамуы: 
Біздің  дәуірден  бұрын  7-8  ғасырғаларға  римдықтар  тарихында  туыстық 
қауымының  біртіндеп  ыдырай  бастағаны,  осы  кезде  патриарыхты  құлдық 
қарым – қатынастар тарала бастады. Тайпаларды көсемдер басқарды. Балалар 
мен  жасөспірімдер  өз  отбастарында  тәрбиеленді.  Қыз  балалар  анасының 
тәрбиесінде,  ұл  балалар  әкесінің  қарамағында,  яғни  қыз  балалар  үй 
жұмысына  қараса,  ұлдар  дала  шаруашылығымен,  дене  тәрбиесі 
жаттығуларымен  айналысты.  Қару  жарақты  ұстау  тәсілдерін  үйренді.  Рим 
тәрбиесі іс тәжірибе бағытында жақсы дамыды. 
Тайпадағы  көзі  ашық  текті  топтар  ат  жарысы,  арба  жарысына  қатынасып 
отырған.  Соның  ішіндегі  көп  сұранысқа  ие  болғаны  троя  ойындары  яғни 
аттылар сайысы болған. Бұл ойындарға көбіне атты әскерлер қатысқан. 
Рим  мемлекетінің  бір  жерінде  байлық  көп  болса,  екіншісінде 
кедейшіліктің көбеюі етек алды. Осы себептердің нәтижесінде рим әскерлері 
нығайып, көбейе түсті. 
Экономикалық  саяси  даму  ерекшеліктеріне  және  әскери  топтарды 
ұйымдастырушылығына  байланысты  Римде  грек  дене  тәрбиесінің  жаңа 
әдістері мен тәсілдері қалыптасты.  [ 1.,6 ]
ІІІ – ІІ ғасырлар б.з.д. рим ағартушысы Катон үлкен жанұялардағы тәрбие 
тәсілдерін  анықтады.  Катон  өз  ұлына  оқу  мен  жазуды  үйретті,  өмір  туралы 
түсініктеме  беріп,  гимнастика  жаттығуларын  жасатты,  қару  –  жарақты 
ұстауға,  найза  қадауды,  ат  үстінде  өзін  ұстауды,  жұдырықтасуды  үйретті, 
аштыққа, суыққа төзімділігін дамытып, суда жүзуді және ағынды жерлерден 
оңай шығу тәсілін үйретті. Осының нәтижесінде Катонның ұлы 17 жасында 
әскери міндетін атқаруға дайын болды. 
Рим  әскерінде  балалар  қатаң  тәртіпте  әскери  даярлықпен  тәрбиеленіп 
отырған.  Ф.Энгельс  “Армия”деген  еңбегінде  римдіктер,  спартандықтарға 
қарағанда  әскери  жауынгерлерді  белгілі  бір  бағытта  тәрбиелей  білді. 
Жауынгерлердің даярлығы өте қатаң және жан – жақты күшін дамыта білді. 
Қару  –  жарақты  қолдана  білуімен  қоса,  олар:  жүгіру,  секіру  биіктікке 
өрмелеу, күресу, жүзу барсында жалаңаш, одан кейін бар қару – жарақтарын 
асынып  киімдерімен  жүгіру  іс  жүзінде  үлкен  жетістікке  жеткізді.  Бұл 
жаттығуларды  тек  жас  өспірімдер  ғана  емес,  сонымен  қоса  жасы  ұлғайған 
әскери жауынгерлер де өздерінің денелерін бір қалыпты ұстау үшін және әр 
қашан осындай тәрбиеге дайын болу үшін жасап отырған. Осы жүйе римдік 
кәсіпті әскерлері қалыптасқан уақытқа дейін созылған. ІІ ғасырдың аяғында 
б.з.д.  әскерлерде  жалдамалы  әскерлер  болғандықтан  балаларымен  жұмыс 
істеу  өзінің  мағынасын  жойып  басқа  бағыт  алды.  Соған  қарамастан  рим 
жастары жаттығулар мен ойындар өткізіп денелерін дамытып отырды. 
Әскери  және  гимнастикалық  жаттығулар  үшін  Марс  алаңында  арнайы 
орын берілді. Бұл алаңда доп ойнап, диск лақтырып, жүгірді. Бұл жаттығулар 
әйгілі  грек  мәдениетінің  дамуына  байланысты  Рим  консулы  Сулла  175-ші 
Олимпиядалық ойындарды грециядан Римге ауыстыруға жарлық жариялады. 
Сулланың осы жарлығы жақсылыққа апармады. Рим халықтарына гректердің  
салты мен дәстүрлері ұнамады. 
1  ғасыр  аяғында  б.з.д.  Римде  әскери  –  құлиелену  диктатурасы 
қалыптасады.  Осыдан  кейін  римдіктерді  екі  топқа  бөлеуге  мәжбүр  етеді 
Римнің  әлеуметтік  саласында  жалдамалы  әскер  болғандықтан  олардың 
әскери даярлығы нашарлай бастады. Олар көбінесе жылы суға түсіп, массаж 
жасатып, жеңіл жаттығулар жасауға көшті. Бұл кезде цирк пен театрларда әр 
түрлі  жарыстар  мен  қойылымдар  көрсетілуі  кең  тараған.  Әсіресе  екі  аяқты 
арба  жарысы,  күрес,  жұдырықтасу  үлкен  сұранысқа  ие  болды.  Осы  мезетте 
кедейленген Римдіктер көрініс ретінде үлкен цирк ғимаратын салуды көздеді. 
1  ғасырдың  б.з.д.  50  мың  көрермен  сиятын  Колизеи  амфитеатры  салынған 
оның қазіргі уақытқа дейін қалдықтары сақталған. Әртүрлі саясатшы топтар 
аз халықты әр түрлі көріністер көрсету арқылы өздерінің мақсаттарына жету 
үшін  пайдаланған.  Әсіресе  Цезарьдің  билікке  ұмтылу  кезінде  көптеген 
қойылымдар,  мерекелер  көп  болған.  Кейін  де  рим  императорлары  халық 
көңілдерін  өздеріне  аудару  үшін  әр  түрлі  көріністер  көрсетіп  тұрған. 
Император  Нерон  60  жылдары  б.з.д.  Нероней  атты  мереке  ұйымдастырды. 
Онда  атлеттер  мен  арбалы  жарыстар  ұйымдастырылды;  86  ж  Дамициан 
Капитолии  ойындары  өткізіледі  деп  жариялады.  Римде  гладиаторлық 
үрыстар  яғни  аңдармен  алысу  кең  етек  алды.  Император  Августин 
ұйымдастырған  жарысқа  19  мың  адам  қатысқан.  Гладиаторлар  көбінесе 
әскери  тұтқында  жүрген  құлдар  болған.  Оларды  дайындайтын  арнайы 
мектептер  болған.  Қиын  жағдайларға  шыдамаған  гладиаторлар  көтеріліске 
шығып тұрған. Құлдардың 74 – 71 ж б.з.д. Спартак бастаған үлкен төңкерісі, 
рим  империясын  дүр  сілкіндірді.  Спартак  көтерілісіне  қару  жарақты  жақсы 
қолдана білетіндер қатысқан. 20 ғасырдың 20 жылдарынан бастап Спартаққа 
арнап  спорт  жарыстарын  –  спортакиада  ұйымдастырылған,  спорттық 
ұжымдарын  Спартак есімімен  атаған. 
Ежелгі  Римде  дене  тәрбиесі  жаттығулары  денсаулыққа  және  дененің 
қалыптасуына  тигізетін  әсері  жайлы  көптеген  пікірлері  ежелгі  Рим 
ғұламалары  квинтилиан,  философ  Сенека,  ақын  Ювенал,  дәрігер  Гален 
еңбектерінде жазылған. 
Дені  саудың  –  жаны  сау,  деген  құлшылық  Римде  тек  жоғары  саналы 
аристократтарға  ғана  айтылған  сөз  еді.  Ал  қарапайым  халық  дене 
шынықтыруды  және  мәдени  дамудың  не  екенін  білмеген  ұзаққа  созылған 
құлшылдық көптеген құлдар көтерілісінің әсерінен әскери ұйымының құлауы 
нәтижесінде құлшылықты жойды.  [2.,46 ]
2.2. Алғашқы қоғамдағы дене тәрбиесінің шығу тарихының мәселелері. 
Метал  өңдеумен  байланысты  өндіріс  күштерінің  дамуы,  жер  өңдеу  мен 
мал шаруашылығы еңбектерінің бөлінуі, жеке меншіктің пайда болуы рулық 
қатардың  бөлінуіне  әкеп  соқтырды.  Әскери-басқарушылар  мен  рулық 
ақсүйектер өз орталарында әскери тәрбиеге көп көңіл аударды. Ф.Энгельстің 
пайымдауынша,  ол  соғыс  кезінде  қажетті  халық  өмірінің  функциясы.  Дене 
тәрбиесі  көбінесе  әскери  бағытта  қамтылды.  Бұл  рулық  ұйым  формалары 
тәрбиелеу мақсатымен дамыды. Мұнда жастарды әскери-тәрбиеге баулу өте 
үлкен орын алды. Мұндай «жастар ұйымы» деген қозғалысқа ие болған тайпа 
руларының  барлық  еркектері  кірді.  Бір  топтан  адам  жасына  байланысты 
екінші  топ  құрылды  оларды  инициация  деп  атады.  Рулық  қатардың  дамуы 
барасында жасырын ұйым рөлі өзгеріп отырды. 
Ол  діни  қауымға  айнала  бастады,  ру  мен  тайпаның  атақты 
басқарушыларын жақтады. Ер мен жастар үйлеріндегі тәрбиенің мәні жоғала 
бастайды.  Әскери  және  рулық  ақсүйектердің  бөлінуі,  дамыған  қарумен 
қарулануы атақтылардың уақытының көп болуы дене тәрбиесінің сословие – 
класқа бөлінуіне әсерін тигізді. Атақтылар өз дәрежесімен билігін өте жақсы 
әскери  дайындықпен  және  жеңіс,  жарыстарымен  нақтылып  көсетті. 
Қарапайым  тайпа  ру  адамдары  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  денені 
тәрбиелеу  және  басқа  да  жаттығулармен  ойындарда  ескерілусіз  қала  берді. 
Олардың  міндеттері  ауыр  қара  жұмыс  пен  ақсүйектерді  қүту  болды.  Бұл 
шартта  дене  тәрбиесі  мен  еңбек  арасындағы  қатынас  өз  күшін  жоғалтады 
делінеді.  Рулық  қатардың  жойылып,  кластық  құлиеленушілік  формацияның 
пайда  болуы  кезінде  дене  тәрбиесі  жаттығулары  мен  ойындары 
ақсүйектердің  әскери  дайындығы  ретінде  қолданылып,  қоғамдық  жарыста 
жиі  көрініс  табатын  болды.  Эгей  теңізінің  жағалауындағы  Крит  аралында 
және  де  Пелопонесса  жағалауының  шығысындағы  Микены  қаласындағы 
қазба  зерттеулер  барысында  әр  түрлі  ойындар  жаттығулар,  жарыстар 
үлгілерінің  көріністері  табылған.  Крит  басшылары  дене  тәрбиелік 
жаттығуларымен  ойындарды  әскери  адамдарды  дайындайтын  күш  ретінде 
қолданылады. 
Гомердің  «Илиада»  және  «Одисей»  атты  эпикалық  поэмаларында  грек 
ақсүйектерінің қоғамдық жарыстары оларда жүгіріс, күрес, қол күрес, найза 
және  диск  лақтыру,  садақ  ату,  атарба  жарысы,  б.з.д.  XII  –  IX  ғасырларға 
қатысты  жағдайлар  өте  жақсы  көрсетілген.  Дәл  осындай  дамуда  ежелгі 
Гермен  және  Океаний  тұрғындарында,  индеец  тайпаларында  (инки,  ацтеки, 
майя)  дене  шынықтыру  жаттығулару  болды.  Майя  тайпасында  каучук 
добымен  ойнайтын  топтық  ойын  өте  атақты  болды.  Бұл  ойында  бір  топ 
каучук  добын  столбадағы  шеңберге  кіргізуге  ұмтылса,  екінші  топ  сол 
шеңберді  доптан  сақтамақшы  болады.  Ежелгі  Перуде  дене  тәрбиесі 
келешекте  әскери  топты  құрайтын  жастар  арасында  кеңінен  тарады  және 
дамыды.  Рулық  қауым  ыдыраған  кезде  дене  тәрбиесі  еңбекпен  қатынасын 
мүлде  үзіп,  әскери  бағытта  дамып,  топтық  бағыт  осы  уақытта  ала  бастады. 
Дене  тәрбиесі  бір  қалыптылығын  жойып  екі  бағытқа  бөлінді:  басқарушы 
класс және халықтық топ болып бөлінді делінеді [3. 28]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан