3. Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары



бет58/61
Дата06.08.2022
өлшемі310.57 Kb.
#278223
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ШПОР
Дәрістер Фонетика, 02.07.20.ПЕДАГОГИКА
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы.

85. «Алпамыс батыр» жырының көркемдік сипаты.


Алпамыс батыр” — қазақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан “Одиссея”, “Манас”, “Калевала”, “Қобыланды батыр” т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. “Алпамыс батырда” халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпик. әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5-7 ғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, 17-18 ғ-ғы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. Зерттеушілер (В.М. Жирмунский т.б.) “Алпамыс батыр” жырында көне дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен. Жыр дәл қазіргідей класик. бүтіндікке замандар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе, жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты ең байырғы туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді. Мыс.: жырда қарт ата-аналардың жаратқаннан перзент тілеп әулиелерге түнеп мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі; жас қаһарманнның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып өзі таңдап жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі; өзіне өмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты өмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тән тұрақты сарындар жырда мейлінше анық және толық көрсетіледі. Алпамыс жау зынданында жатқан кезінде оның қалыңдығы Гүлбаршынды Ұлтақұлдың зорлықпен алуға ұмтылуы, батырдың өз әйелі “тойының” үстінен шығуы бұл эпосты ертедегі гректің “Одиссеясымен” үндестіреді. Әлбетте жырдың ең қызықты тармағы қазақ халқының бертіндегі тарихи өмірінің сипатын беретіндігі. Қазақ халқының 17-18 ғ-да қалмақ жаулаушыларына қарсы күресі көптеген жырларда фабулалық шынайы көрініс береді. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді. Қаһармандардың туып-өскен, өмір кешкен елі — Жиде байсын, нақтылы тайпасының аты — қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан-дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкілқазақтық көлемге көтереді. “Алпамыс батыр” жырының халықтың есінен мәңгілік ұмытылмастай орын алу себебі тарихи әлеум. шындықтың биік көркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін көріністердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән мейлінше етене жәйттер. Байбөрі мен Байсарының бір-бірімен уәде байласып құдандалы болуы, қадым замандағы нағыз қазақтың шындығы. Құдалардың көкпар үстінде бір-бірімен өкпелесіп, Байсарының жат елге көшіп кетуі, барған жерінде зәбір көруі, ақырында Гүлбаршын сұлуды Алпамыс батырдың іздеп тауып, көп қиыншылық, азапты оқиғалардан соң алып қайтуы ұзақ жылдарға созылған жаугершілік заманның елестері. Әлбетте Алпамыс та, Гүлбаршын да мейлінше әсіреленген. Идея, мұрат дәрежесіне көтерілген бейнелер. Батырға тән ерекше қасиеттер: жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқорлық Алпамыстың басынан табылса, әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын ақылдылық, мінезділік, опалылық сынды белгілер Гүлбаршынға тән болып көрінеді. Бұндай бейнелер халықтың ең ізгі адамдар туралы ұғымына, арманына сәйкес келеді. Эпостың қай заманда да халық көңіліне дөп келетін қасиеттері мұнда болғанды ғана емес, болуы мүмкіннің де жинақталып берілуінде. Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жаңсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.
“Алпамыс батыр” жыры ел арасында замандар бойында айтылып келгенімен баспа жүзін алғаш рет 1899 ж. (“Қисса И-Алпамыш”, Қазан) көрген. Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп орысша мазмұнда бастырған атақты фолькоршы Ә.Диваев. Ол бұл жырдың бір нұсқасын қарақалпақ бахшысы Жиемұрат Бермухамедовтан, тағы бірер нұсқасын Шымкент оязының тұрғыны Е.Ақылбековтің қолжазбасынан алған. Кеңес жылдарында өзге де батырлық жырларымен қатар “Алпамыс батыр” сан рет қайта басылды. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды. Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскидің түрік батырлық эпосы туралы монографиясын айрықша атап өтуге болады. “Алпамыс батыр” жырының дүние жүзіне мәлім болуына осы аталған еңбектің пайдасы зор болды. Жырдың аса тартымды, кең танымал болуының тағы бір сыры оның фабулалық желілерінің түрік тілдес халықтарда да ұшырауына байланысты. Қазақ халқының бірнеше ертегілерінде “Алпамыс батыр” жырының оқиғалық сарыны кездеседі. Татар, башқұрт халықтарында бұл тақырып ертегі түрінде айтылады. “Қорқыт Ата кітабы” мен “Алпамыс батыр” жырының тараулары арасындағы ұқсастық тарихтың тағы да бір терең қабаттарына бойлатады. Мұның өзі қыпшақ-оғыз халықтарының бір заманда Сырдария бойларында ұзақ уақыт аралас өмір кешкендігінің де куәлігіндей. Тәуелсіздік туын көтерген көптеген түрік халықтары егемендік алған заманда бұл елдердің ерте кездегі өнер байланысын, тағдырлыстығын, мүдделерінің ортақтығын, көркемдік ойлау мәдениетінің жақындығын көрсететін этник. туыстықты дәлелдейтін нағыз қымбат куәліктің бірі “Алпамыс батыр” жыры болуы оның халықар. деңгейдегі мәнін арттыра түседі. Алпамыс батырдың түп негіздерінің пайда болғанына 1200-1300 жыл толды деп тұжырымдауымызға да осы мысалдар айқын себеп. Жырдың үлкен, көркем поэзиялық нұсқалары туысқан қарақалпақ, өзбек халықтарында да кездеседі. Бұл көрсетілгендер “Алпамыс батыр” жырының көптеген түрік халықтарының бастан кешкен тағдыр-талайын еске салатын жалпы түріктік қасиетінің молдығын аңғартады. “Алпамыс батыр” жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның түрлі нұсқасы көп болуына ықпал етті. Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барша облысында айтып келгені белгілі. Сол нұсқаларда жырдың соны қырлары кездесіп отырады. Әсіресе “Алпамыс батыр” жыры Оңтүстік Қазақстан уәләятында мол таралғаны атап көрсетерлік. Бұл өлкеде осы жырдың түрлі нұсқаларын айтқан С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар өмір кешкен. Әсіресе Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы “Алпамыс батыр” жырлардың ішіндегі ең толық әрі көркем түрі болып табылады. “Алпамыс батыр” күйтабаққа жазылған. Ауыз әдебиеті шығармаларының қымбат қасиетінің бірі жаңа жазба туындылар жасауға негіз болатындығында. “Алпамыс батыр” жырының оқиғалық, құрылыстық және көркемдік ерекшеліктері бірталай авторларды жаңа туындылар жасауға ұмтылдырған. Мысалы: Өзбекстан мен Қарақалпақстан қаламгерлері осы жыр негізінде пьеса жазды. Ал қазақ композиторы Е.Рахмадиевтің “Алпамыс” операсы (Либр. жазған К.Кенжетаев) құндылықтарымыздың қатарына қосылды.
87.Алаш қайраткерлерінің мұрасын оқыту.
Алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы қазақтың ХХ ғасыр басындағы дүрбелең заманын баяндағанда:«...өмірде адам жұрттан, айналасынан көп оқшауланбайды, оның өсуі де, өшуі де қоршаған ортасымен байланыста көрінеді. Олай болса, ендігі жерде сабақтастық, қарым-қатынас, мұрат бірлігі нәтижесіне жіті назар аударған жөн. Бұл күрделі кезеңнің келбетін анық тануға, тұлғалардың мың сан байланысының іргелісін анықтауға мүмкіндік береді» - деп жазады.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушыларының мұралары арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу бүгінгі егемендік алған кезеңде іргемізде бейбітшілік пен ұлттар достығын сақтаудың негізі болып отыр. Қазақ ағартушыларының шығармаларына ғылыми - педагогикалық тұрғыда талдау жасау барысында олардың артына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақтың бойында адамгершілік құндылықтар мен патриоттық рухты қалыптастыруда негізгі орын алады.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушыларының тәлімдік мұралары арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде зерттелген ғылыми еңбектер саралана отырып, негіз етіп алынды.
Негізгі міндеттері:
- ХХ ғасырдың басында өмір сүрген зиялы қауым өкілдерінің мұраларына деген қызығушылықты айқындау.
- Ұлттық рәмізге, елтаңба және әнұранға деген құрметті қалыптастыру.
- ХХ ғасырдың басында өмір сүрген зиялы қауым өкілдерінің мұралары арқылы оқушылардың бойындағы патриоттық қасиеттерді жетілдіру.
- Зиялы қауым өкілдерінің мұраларын оқыту арқылы тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігін, мәдениетін, өнерін, тарихын және ұлтаралық келісімді сақтауға атсалысатын азаматтарын тәрбиелеу.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың соңында басталған қазақ зиялы қауымының шығармашылық-мәдени мұраларын жаппай түрде ақтау үрдістері Қазақстандық қоғамда аса зор рухани өрлеуге жол ашты. Бұған дейін тиым салынған, беймәлім мәселелердің беті ашылып, халықтың еншісіне тие бастады. Қазақ зиялы қауымының ғасыр басындағы шығармашылық-мәдени мұралары негізінен Алаш идеясының төңірегінде топтастырылғаны белгілі. 90-шы жылдары аталмыш салада толымды ғылыми зерттеулерімен әйгілі отандық тарихшы ғалымдарымыздың бірі, "Алаш һәм Алашорда" атты еңбегінің авторы академик К.Нүрпейісов: "Алаштану саласында зиялы қауым бірлесіп зерттейтін ғылыми шешімін күтіп отырған мәселелер жетерлік. Олардың ішіндегі кейбір маңыздылары, меніңше, мыналар, - дей отырып, - Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің көзқарас эволюциясы мен Алаш қозғалысына қатынасушылардың 1920 жылдан кейінгі қасіретінің" де аталмыш мәселеге жататындығына үлкен мән береді. Алаш қозғалысының, жоғарыда айтып өткеніміздей, ұлттың рухани- мәдени деңгейін көтеруге сіңірген еңбегі өте зор. Мәселен, Қазақстандық тарихшылар М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтың ойларынша, Алашорда басшылары, сайып келгенде, екі негізгі мақсатты басты назарда ұстаған. Олар: біріншіден, қазақ елін отарлық езгіден азат ету, ал екіншіден, қазақ халқы мен дәстүрлік қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік- экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу. Бүгінгі күні елімізді білім, ғылым, өнер және экономикадағы тың өзгерістер қарқынды жүзеге асырылып келеді. Білім саласында нақты жаңалықтар, ізденістер сөзсіз жаңа мазмұн мен жаңа үлгі әкелді. Соның ішінде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы еліне еңбегі сіңетін тұлға етіп тәрбиелеуге басты назар аударылып отыр. Қазақстан тарихын оқыту мен насихаттауға үлкен мән беріліп оның оқушы тәрбиесіндегі орнының ерекше екендігіне көзіміз жетті. Осы Қазақстан тарихының айтулы мәселелерінің бірі ретінде Алаштану мәселесін алсақ болады. Жалпы алғанда «Алаштану» курсы мектеп оқушыларының Алаш тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жас жеткіншектің тарихи жадының қалыптасып, өзіндік ой қорыта алуына бұл пәннің қосар үлесі айрықша. Бұған дейін мектеп оқулықтарында алашқа қатысты деректің аздап берілгені белгілі. Өз тарихын танып-білмеген ұлттың болашағы жарқын болмақ емес. Мұны өз заманында Әлихан Бөкейхан «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп айтып кеткен.
88. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
Қазір әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Әсіресе, білім беру жүйесінде халықтық педагогика атау ұғым ретінде ғана емес, білім беру мен тәрбиенің өзекті ұстанымына айналуда.
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор жырлары мен мақал-мәтелдері, Әл Фарабидің ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі тұжырымдары, Ахмет Яссауидың діни тәрбиенің мәні туралы ойлары, Жүсіп Баласағұнидің кемелді болу жолдарын көрсетуі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру үшін істеген әрекеттері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзеуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы халық педагогикасының дамып, қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Халықтық педагогика – халқымызда ертеден жинақталған игі істердің зерделі ұрпақтың болашағына дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт беріп, олардың зиялылар санатына қосылып, әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына септігін тигізетін ежелгі үлгі, қанатты да қадірменді сөз, байырғы қасиетті де киелі дәстүр.
Қазақ халқының өте әріндегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен (Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, жанұя тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру».
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын , сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар , оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде , көбінесе ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен, өлеңмен жасалады.
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі , тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды.Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.
Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма ,онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.Мысалы,Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет етеді. Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы ;Қоянды қамыс өлтіреді , ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары.
Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем шығармаларда да көп қолданылады.Ақын – жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге,сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.
Мақал-мәтелдер-ертек, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.
«Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласың», деп еңбектенудің, алаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жасөспірімдердің сенімін арттырып, өздерін ынталандыра, қызықтыра түседі. Балалардың көңілін серпітіп, қанатына су бүркіп, эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден- бір даналық сөз.
Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған .Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.
«Оқу – білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады. «Ақыл- тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық босымды, мығым болатынын сан рет ескертеді.
Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесінде болатынын ескертеді.
«Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жасөспірімдерге әдейі айтылған.
Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра ,қалайда соның уәдесіне жет , шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең, еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң, өкінішті боласың.
Өкініш естен кетпейді ,бір тойғаның түске жетпейді.Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар,-деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып, дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам болатын баланың талабы, ынтасы жас кезінен танылады.Көпшілікке , оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды.Қоғамшыл, көпшіл бола бастайды. Ақыл- парасатқа бой ұрып, игі жұмысқа тез үйренеді.
«Мақал дегеніміз – тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем…Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер –мағынасы да,тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан, тез өзгере қоймайтын жанр.
Мақал мен мәтел-егіз жанр,туыс жанр.Дегенмен мағынасына ,құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына тұрып та дербес мағына береді.Мысалы:Толмасқа құйма,тоймасқа берме.
Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды,тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін қолданылады,эпитет,теңеу қызметтерін атқарады.Мысалы:Ат қойып,айдар тағып ,көргеннен көзі ақы алған деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жанры жоқ.Ертегі, аңыз әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде, тіпті жұмбақтар мен тақпақтарда дау сөз әрлеу, ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел, айшық ретінде қолданылады.Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің аталған жанрларына материал-кірпіш болып қаланумен бірге,олардан өзі де нәр алады, ойлы, өнегелі сөйлемдер есесінен байып, дамиды.Қорқыт дегенде өстіп Қорқыт деп пе едім дейтін мәтел «Бөдене мен түлкі» әңгімесімен, Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты дейтін мақал жыл туралы аңызбен байланысты шыққан.
Мақал-мәтел халықтың сан ғасырлық көрген білгенінен,бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл ойының жиынтығы, анықтамасы: табиғатта,өмірде үнемі қайталап тұратын уақиғалармен,құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.
89. Әдебиет сабағында ұлттық тәрбие беру
Қазақ әдебиеті сабағында оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру 

Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім беріп, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. 
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін оқу ошақтарында елжандылық тәрбие идеяларын баланың санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше. 
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан 
сөз өз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады. 
Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы» - делінген. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Өйткені ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті, психологиялық, тұғырламалық мәдени-рухани көзқарастарға, құндылықтарға құрылған. Әдебиет пәнін оқыта отырып: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жеткізу. 
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек. 
Әдебиет пәнін оқытудағы мақсат: Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалы, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;оқырмандық тұрақты ынта ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады, көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Әдебиет пәнін оқытуда басшылыққа алатын негізгі міндеттер: 
- Оқушының көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру; 
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем-дағдыларын қалыптастыру; 
- ойын сауатты ауызша айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу. 
Қазір мұғалімдер «оқушылар көркем әдебиет оқымайды» деп зар илейді. Қайдан оқиды, жас ұрпақтың қас дұшпаны - теледидар бар. Одан көрсетіліп жатқан неше түрлі қулық-сұмдық, қантөгіс, триллер т.б. баланың жан дүниесін жаулап алып барады. Оған компьютерді қосыңыз. Эфирден түспейтін даңғаза музыка тағы бар. Жаһандастыру идеясының астарында үстемдік алып бара жатқан осы зұлматқа қарсы қояр не бар? Қандай іс-шара, амал-әрекет жасау керек? Әсіресе қалалық жерлерде. К.Маркс «Сананы тұрмыс билейді» деп өте дұрыс айтады. Бүкіл адамзаттың гуманизм идеяларына негізделген биік мақсат-мұраттардың орнын қайткен күнде де бай болу, қала берсе тоғышарлық ой-сана билеп бара жатыр. Бір араб ғұламасы «бала мінез жағынан тұқымына да, әке-шешесіне де тартпайды, бала заманына тартады» деген екен. Нарықтық заман, капиталистік қоғам құрып бара жатқан жас ұрпақ санасын тек түрмыс билеп кетпеуі үшін оған қарама-қарсы қоятын бір ғана амал бар. Ол - білімді маман ғана емес, жақсы адам да тәрбиелеу. 
Осы айтылғандардың барлығына апаратын алғашқы баспалдақ мектептегі әдебиет сабағында жатыр. Бұл әдебиетке қатысты екі түрлі іргелі мәселеге келіп тіреледі. Біріншісі – әдебиет оқулықтарының жазылуы мен құрылымдық сапасы болса, екіншісі пәнді оқытудың болмыс-бітімі. 
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. 
«Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген болатын әдебиет зерттеуші ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. 
Білім алушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. 
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын, оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. 
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамегршілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолдануы қажет. 
«Әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнына қарай»,- деп А. Байтұрсынов айтқандай қандай әдісті алсақ та баланың шығармашыл, өз ой-пікірі бар, зерттеу қабілеті дамыған, тәжірибеде теориялық білімін пайдалана алатын жеке дара тұлға болып қалыптасуына ықпал тигізуі керек. 
90.Социалистік реализмге қазіргі көзқарас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру