3. Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары


Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты



бет55/61
Дата06.08.2022
өлшемі310.57 Kb.
#278223
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ШПОР
Дәрістер Фонетика, 02.07.20.ПЕДАГОГИКА
81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Қазақ жыраулар поэзиясының хандық дәуірдегі ел өмірінің көркем бейнесі болып табылатынын дәйектейтін сипаттардың бірі – жыр-толғаулардың кейіпкерлері мен қаһармандары. Жыраулардың негізгі қаһармандары – ел, ел билеген хандар және қол бастаған батырлар. Хандар мен батырлардың жыраулар поэзиясында маңызды орын иеленуі де замана тынысымен тікелей байланысты. Ел ішіндегі береке мен жердің бүтіндігіне алаң жыраулар елге тұтқа тұлғалардың ұсақ-ұлаң кемшіліктерінің өзі ел тағдырында зор маңыз алатынын анық түсінетіндіктен, өз қаһармандарының жақсы әрекеттерін халыққа өнеге ете, асқақтата жырласа, көңілге кірбің түсіретін мінездерін аяусыз сынайды және мұндай шығармашылық мінез: «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің. Қымыз ішіп қызарып, Мастанып, қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай Елеуреп неге сөйлейсің?!» – деп айбындана сөйлейтін Асан қайғыдан бастап, бір сәт астамшылыққа бой алдырған ханды: «Ай, Абылай, Абылай, Сен мен көргенде Тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, Әбілмәмбет патшаға Қызметкер болып тұр едің...» – деп сабасына түсіретін Бұқар жырауға дейінгі аралықта бұлжымас дәстүрге айналған тағылымды жол сияқты көрінеді. Жыраулар поэзиясында ел өмірінің алуан мазмұнда көрініс табуы және солардың бәрінде береке-бірлікті ұлағат етуге бағдар ұсталуы – жыраулардың өз дәуіріндегі өмір шындығын алға тарта отырып, елді жақсылыққа бастауды мақсат тұтқан және сол мақсат жолында қызмет қылған қайраткер тұлғалар болғандығының айқын айғағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру