3. Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары



бет52/61
Дата06.08.2022
өлшемі310.57 Kb.
#278223
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ШПОР
Дәрістер Фонетика, 02.07.20.ПЕДАГОГИКА
77. Ертегі жанрын оқыту.
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Ертегі адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Көркемдік жағынан алғанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауызекі айтуға лайық қарапайым, бірақ образдары өткір, дәл, мазмұны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар санаулы, мінез-құлқы көбіне бір қырынан көрініп, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі. Қазақтың төл ертегілері аса мол. Ғалымдар оларды әртүрлі жіктеп, саралайды. Мысалы, қазақ ертегілерін жете зерттеген ғалым-жазушы М.Әуезов қазақ ертегілерін шартты түрде мынадай топтарға бөледі: Қиял-ғажайып ертегілер. Хайуанаттар жайындағы ертегілер. Салт ертегілері. Балаларға арналған ертегілер. Аңыз ертегілер, күй аңызы. Қиял-ғажайып ертегілер. Кейіпкерлері әр алуан ғаламаттар болып келеді. Олар: жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, айдаһар т.б. Қиял-ғажайып ертегілердің бәрінде де ақиқат дүние мен қиял дүние араласып жатады. Соның бәрінде де ой бар. Ол – адамның тылсым табиғат сырларын ашуға, өзін қоршаған ортадан алыстағыны болжап білуге ұмтылуы. Хайуанаттар жайындағы ертегілер. Бұл қазақ фольклорындағы мол саланың бірі. Қазақ тұрмысында үй хайуанаттарының маңызы мен рөлі ерекше. Халықтың күнкөріс кәсібінің, тіршілігінің тірегі болған хайуанаттардың маңызды орын алғанына бұл саладағы ертегілердің мазмұнымен қатар, молдығы да куә. Сондықтан олар жайындағы ертегілерде түйе, ешкі, қой, сиыр қызығылықты суреттеледі. Салт ертегілері.Бұл топқа жататын ертегілер: қиял-ғадайып сарындар араласқан әрі нағыз салт ертегілері болып екіге бөлінеді. Аңшы кейіпкерлердің характері мен тұрмысының реалистік сипаттары мен һиял-ғажайып кереметтердің ерекше оқиғаларға тап болатын хайуанаттардың бейнесі өзара астасып, ұласып жатады. Нағыз тұрмыс-салт ертегілері көшпелі бақташылық тұрмысты суреттейді және арманға толы болып келеді. Сол сияқты мұндай ертегілердің бір тобын үй-ішілік, отбасылық ертегілер құраса, енді бір тобында қатыгез, кекшіл хандар жайы баяндалады. Қалың малға сатылып, сүймесіне еріксіз қосылған әйел тағдыры мен тұрмысы, өгей шешенің қорлығы мен зорлығы сияқты тақырыптағы ертегілер де осы топқа жатады. Балаларға арналған ертегілер. Бұл қиял-ғажайып ертегілердің, тұрмыс-салт ертегілерінің және хайуанаттар туралы ертегілердің жиынтығы сияқты. Олар қызықты әрі күлкілі болып келеді. Кейде оларды өтірік ертегілер деп те атайды. Балаларға арналған ертегілер адам мен оны қоршаған табиғаттың арасындағы шекті елемейді. Оларда адам табиғатпен сіңісіп кетеді немесе соның ішінен ғажайып көрініске түсіп шығады, адамның әдеттегі қалпынан бөлек небір күлкілі күйлерге енеді. Бұл ертегілер баланың ой-санасы оянып, қиялы шарықтап өсуіне әсер етеді. Аңыз ертегілер.Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол – барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Аңыз ертегілерінің бір ерекшелігі – ошл әңгіме етілетін адамның өз өміріндегі шын ісі мен мінезінің суреттелуінен туады. Сондықтан батыр жайындағы аңыз болса, тірліктегі іс-әрекетіне қосымша ұлғайтылып айтылған шығарма болады. Қазақ аңыздар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататындар – Қорқыт, Асанқайғы, Алдарқөсе сияқты адамдар жайындағы аңыздар және Қожанасыржайындағы аңыз анекдоттардың қазақша нұсқалары. Екінші топқа күй аңыздары жатады. Домбыра мен қобызда, сыбызғыда тартылатын күйлер арқылы әр аңыздың мазмұны баяндалады. Қазақта күй өте көп. Солардың бәрінің де ауызша кіріспесі болады.
Ертегілердің қай түрі болмасын оқушылар оны сүйіп, қызығып оқиды. Сондықтан ең бірінші оларға ертегінің мазмұнын м еңгертіп, идеясын ұғындыру керек. Талдау барысында түрлі сабақ үлгілерін қолдануға болады. Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру