3. Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары


С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»)



бет35/61
Дата06.08.2022
өлшемі310.57 Kb.
#278223
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ШПОР
Дәрістер Фонетика, 02.07.20.ПЕДАГОГИКА
40. С.Торайғырұлы поэмаларындағы Алаш идеясы(«Айтыс», «Таныстыру»).
Алаш партиясының ұранын, Алаш үкіметінің бостандық жолымен елді көгерту мақсатын өз жанына жақын санап, бар ықыласымен, құптаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұрасынан ойып орын алатын екі поэмасы «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) пен
«Таныстыру» поэмасына «Алашорда басшыларын дәріптейтін шығарма» деген ат тағылса, «Айтыс» поэмасы байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды жақтары мол деген желеумен жарыққа шығарылмады.Әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар жойылған бүгінгі күн көзқарасымен қарар болсақ, «Таныстыру» мен «Айтыс» поэмалары нағыз ұлттығымызды ұлықтайтын, елдігімізді дәріптейтін, халықтық құндылықтарымызды құрметтеуге бағыттайтын асыл мұралар болып табылады.
«Таныстыру» 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай елінде болған кезде жазылған. Ақпан төңкерісінен кейін Орынборда (1917 ж. шілде) Советтердің Бүкілқазақстандық І съезі, сол жылдың желтоқсанында тағы да Орынборда ІІ съезі өтті. Қазақстан облыстарында қазақ (қырғыз) комитеттерін сайлауға қызу дайындық жүріп жатты. Семей облысы қазақтарының съезі 1918 жылдың 14 наурызына белгіленді. «Төңкерістен кейін елді жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер?» деген сұрақ тұрды. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы тура осы сауалға жауап бергендей еді. Поэманы жазу барысындағы ақынның таңдап алған формасы қызық та тартымды.
Поэманың ұзын арқауы екі адамның диалогы арқылы берілген.Диалогты пайдалану арқылы жеке адамның қоғамдық құбылыстарға деген қатынасын, ой-сезімін анықтайды. Диалог «оқыған», яғни зиялы азамат пен «оқымаған» қара қазақ арасында құрылған. Бір қазақты бұлай бөле-жара қараудың түп негізінде ақиқатқа бастар ақ жолды тану, болашағы бұлдыр қазақ қоғамына дұрыс бағыт-бағдарды анықтау жатыр.
Сұлтанмахмұт суреттеуінде «қара қазақтың» соншалықты қаражаяу емесі байқалады. Ол алашқа белгілі тұлғаларға деген көзқарасын ашық танытып, оқыған қазақтың ойына қосылып қана қоймай, оны толықтырып отырады. Ақын зиялы қауымды таныстыру барысында іштей екіге бөлінеді: ішкі жан дүниесі екіге жарылады, екі түрлі адамның кейпіне енеді. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларына баға бергенде өзі өмір сүріп отырған заманын сараптап, іштей өз-өзімен сөйлеседі, сырласады. Бірақ екі адам кейпінде, екі адам тұрпатында көрініс береді. Сауал тастап отырған «қара қазақ» өзімен жасы шамалас жас жігіт емес, егде тартқан, тіпті қарт адам деуге келеді.
Ақын қаншалықты «қара қазақ» десе де, оның сұрақ қойып, сауал тастауында ойлылық, салмақтылық басым екені аңғарылады. 
Поэманы оқығанда, өлеңмен жазылған мінездемелермен танысып отырғандай әсерге бөленесіз. Есімдері поэмада аталатын қазақ зиялыларының жарқын бейнелері іс-қимылымен, кескін-келбетімен, мінез-құлқымен көз алдыңа келіп тұра қалады. «Бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі – Ай» Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов ел-жұрты тарыққанда жол сілтейтін көсем, халық тағдыры безбенге түскенде көмекейлері бүлкілдеген шешен, тар заманда тәуекелге бел байлайтын перзенттер екендігін қара қазақ айтқызбай-ақ ұғады. Алты миллион қазақты соңдарынан ерте алатындықтарына кәміл сенеді
Поэма арқылы Әлімхан Ермекұлымен, Халел Ғаббасұлымен, Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбайұлы жүздесеміз. Поэмада қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше ілтипатпен, үлкен сый-құрметпен оқырман қуанышына бөленіп жырланады.
С. Торайғыров өмірінің соңында жазып, аяқтай алмай кеткен «Айтыс» поэмасы – ақынның азаматтық рухын, алаштық үнін, ұлтжандылық сезімін танытатын жоғары пафоспен жазылған туынды. Әрқашан ізденгіш, жаңалыққа құштар С. Торайғыров «Айтыс» поэмасын жазуда да төтенше суреткерлік әдісті пайдаланған. Қазақ фольклорындағы көне де құнарлы жанр, айтыс поэтикасына ден қойған. Дала ақыны мен қала ақынын айтыстыра келіп, қоғамдағы, қоршаған ортадағы, өмірдегі сан қырлы әлеуметтік, адамгершілік, этикалық проблемаларды көтерген. Поэмада екі кейіпкер бар – дала ақыны және қала ақыны.
«Айтыс» поэмасы біз өмір сүріп отырған бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғайды. Халық тағдыры таразыға түсіп, жан экологиясы, тіл қасіреті басты проблемаға ұласып, адамгершілікке, имандылыққа жүгіну әрбір саналы азаматтың көкірегіндегі көксеген арманымен тоғысқан беймаза кезеңде «Айтысты» ой жүгіртіп оқу, тереңіне үңілу бүгінгі күндегі кезек күттірмес іргелі істің бірі болуға тиіс. Айтысты бастаған қала ақыны менмендік танытып, білгішсініп:
Сен кімсің толық, семіз тән жағынан,
Өгіздей бар шығарсың әл жағынан.
Көрінген көрнегіңнен, жүрісіңнен,
Топастығың білінген әр жағынан, – деп, дала ақынын менсінбей сөйлейді.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?, – дей келе, дала ақыны шалқып сөйлейді. Сұлтанмахмұт дала ақынының шабытына қанат бітіріп, жырды көсілте, нөсерлете төккізеді. Себебі дала тынысы, дала тірлігі Сарыарқаның төсінде өскен ақынға ыстық, әрі, жақын еді.
С. Торайғыров «Айтыс» поэмасында тіл құдіретіне, тіл тағдырына терең мән берген. Туған тілге перзенттік махаббатын С. Торайғыров мынандай тебіреністі жолдармен жеткізеді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Туған тілді ту ғып ұстап, іштегі бұла сезім өлең-жырға, мақал-мәтелге, шешендік толғауға айналып, Сұлтанмахмұт дала ақынын көсілте сөйлеткен.
Ақын лирикалық қаһармандарының жан дүниесін ақтара ашып, әлеуметтік, адамгершілік проблемаларын бүкіладамзаттық деңгейге көтере қозғады және бұл бағыттағы ізденісі жемісті болды. Ақын көтерген тіл мәселесі, имандылық, парасаттылық, жан экологиясы бүгінгі күнде өз жалғасын табуда.
С. Торайғыровтың «Таныстыру», «Айтыс» туындылары – қазақ поэмасы тарихындағы жаңа беттер ғана емес, әдебиетіміздегі бедерлі белес, үрдісті үлес, шоқтығы биік шығармалар. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Алаш қозғалысы басшыларына өлеңмен берген бағасы қазіргі зерттеуші тарихшылырдың ғылыми-дерек тұрғыдағы пікірлерімен сәйкес келетіндігі.
Ендеше, ұлттық сөз өнерінде соны сүрлеу іздеп, сол ізгі мақсат жолында көзінің тірісінде-ақ «ұлтшыл», «алашшыл», «алашордашыл» атанып, орынсыз сынға ұшыраған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру», «Айтыс» поэмалары, «Алаш ұраны» өлеңі, «Әлиханның Семейге келуі» мақаласы – оның көркем туындыларының ішіндегі ерекше маңызды шығармалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру