3. Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары


Қобыланды жырының әдеби нұсқалары



бет30/61
Дата06.08.2022
өлшемі310.57 Kb.
#278223
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ШПОР
Дәрістер Фонетика, 02.07.20.ПЕДАГОГИКА
36. Қобыланды жырының әдеби нұсқалары
«Қобыланды батыр» –қазақ сахарасында кең тараған және халықтың сүйсініп тыңдайтын жырының бірі.Аталған эпостың кейбір үзінділері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап баспа бетінде жариялана бастады. Жырдың бір нұсқасын 1860 ж атақты Марабай ақыннан жазып алған және оның үзіндісін алғаш рет баспа бетіне шығарған – көрнекті қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин. Ол жырдағы Қобыланды батырдың даңқты тұлпары Тайбурыл аттың шабысын суреттейтін үзіндісін «Киргизская хрестоматия» (1879) атты кітабының бірінші бөліміне енгізген.
Бұған дейін Академик В.В.Радлов Тобыл бойындағы татарлардан жазып алған Қобыланды жайындағы бір қысқа өлеңді өзінің «Түркі тайпалары халық әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын еңбегінің 4-томында (1872) жариялағаны мәлім.
Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың отызға жуық варианты сақтаулы. Олардың арасында Марабай, Дәулетше, Көшелек, Мұсабай, Мергенбай, Айса, Мұрын, Нұрпейіс, Ержан, Әбілқайыр, Құлзақ, Дүтжан, Нұрсейіт, Біржан т.б. ақын-жыраулардың репертуарындағы нұсқалар сақталған. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама берілген.
Осы жыр нұсқаларының ішінде ең көркем үлгілерінің бірі және баспа арқылы ел арасына кең тарағаны Марабай – Мергенбай нұсқасы болып саналады. 
Жырдың сюжеттік нұсқалары қазақтан басқа Қырым татарлары, башқұрт, қарақалпақ халықтарының ауыз әдебиетінде сақталған.
Қазан төңкерісіне дейін В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Бөкейханов; П.А.Фалевтер «Қобыланды батыр» жыры жөнінде пікір айтып, жырдың халық әдебиетінде ерекше орын алатынын көрсеткен.
Аталған жыр туралы зерттеу жұмыстары Кеңестік дәуірде кеңінен жүргізілді. Бұл орайда М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, А.С.Орлов, В.М.Жирмунский, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Ә.Қоңыратбаев, И.Сағитов, Р.Бердібаев, О.Нұрмағанбетова, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбаев сынды көптеген ғалымдардың еңбектерін атауға болады. 
«Қобыланды батыр» жыры Кеңестік дәуірде ең алғаш фольклоршы Әбубәкір Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырып шығарған «Батырлар» деп аталатын топтамасында жарияланды. Бұл нұсқаны фольклоршыға сол кездегі Ақмешіт уезінің қазағы Мұрат Өскенбаев жіберген. Мәтін соңында «1894 жыл, 12 желтоқсан» деген ескертпе бар. 
Кейін осы мәтін С.Сейфуллин құрастырған «Батырлар жырының жинағы» деп аталатын кітапта, С.Мұқановтың, алғы сөзімен жарыққа шыққан «Батырлар» жинағында және оқу құралдары мен хрестоматияларда қайта басылғаны мәлім.
Ә.Диваев нұсқасында өлең мен қара сөз аралас келіп отырады. Жыр Қобыланды мен Қараман екеуінің Қазан ханға аттанған алғашқы жорық сапарынан басталады. 
Жырда айрықша ықыласпен суреттелетін бейненің бірі – Тайбурыл. Жырда батырға сын сағатта көмек беретін Тайбурыл жүйрік ат қана емес, керек кезінде тіл бітетін, ақылшы серік ретінде суреттеледі. Жүйрік аттың осындай сипатта көрінетін тұстарын «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» сияқты қаһармандық эпостарынан және бурят халқының эпосы «Ғэсэрден», тува халқының аңызы «Бокту – Кириш пен Бора Шээлиден», башқұрттың «Заятөлек пен Сусұлу» аңызынан, қалмақтың қаһармандық эпосы «Жәңгірден» кездестіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру