3. Жыраулар поэзиясын оқытудың тиімді жолдары


Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)



бет15/61
Дата06.08.2022
өлшемі310.57 Kb.
#278223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ШПОР
Дәрістер Фонетика, 02.07.20.ПЕДАГОГИКА
Нұржан Наушабайұлы (1859-1919). “Манзумат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) жинақтарын жариялаған Нұржан дәстүрлi өлеңмен-ақ халқын оятуға жұмылды. Ол назым-термелерiнде ислам құндылықтарына қатысты ой-түйiндермен қазақ тұрмысын түсiндiруге талаптанады. Н.Наушабайұлының әдеби-эстетикалық пайымы көбiне дидактикалық пiкiрлерiмен астасып жатады. Ағарып үлгермеген халыққа, сөз жоқ, ақыл-кеңес, насихат керек едi. Сондықтан бұл ақын қаламдастарын “адамның құлқы тегiс дауға айналған” заманда елге қалқан болуға шақырды. Шығармашылықта “ықлас-ниетiңде хаққа бер” деп тұжырымдады.
Діни ағартушылық және әдебиеттегі тұлғатану мәселесі бізде негізсіз көтерілген жоқ. Елді ағарту үшін және дәстүрге сай имандылықпен жаңа өмірге аяқ басу үшін діннің – жүйелі, көшбасшының халыққа адал болмағы қажет-тін. Н.Наушабаев та Шәкәрiм сынды ғылым мен дiндi бiртұтас қарап:
Шарғыны жүргiзуге ғылым керек,
Даһиды, зейiнiңдi бөлу керек.
Мағыналы ұлағатпен тiзiп қойып,
Байлауға сөздi қысқа бiлiм керек,-
дейдi. Дiн мен өмiр байланысы мәселесiнде Нұржан әл-Маржани пайымымен таныс секiлдi. Өйткенi ол: “Ислам жолы түзелмес ыждағатсыз” деп жазады
Ұйықтама, оян, Алашым!
Қолыңда жоқ заманның
Амал қылар құралы,-
деген Н.Наушабайұлы сөзсiз “амал қылар құралды” бiлiм мен бiлiктен iздесе керек. Ақын пайдалы бiлiмге ғана мойынұсынады. Оның тұсында өмiрге жолдама алған жәдит – халыққа төтеден олжа салудың жолы едi.
Жәдитшiлдiктi атын атап, түсiн түстеп қолдаған ақындардың бiрi – Мақыш Қалтайұлы. Ол – дiндар ақын. Бiрақ Мақыш – бiржақты емес, “Ең әуелi ғылым парыз құп бiлiңiз, Ғылымсыз ғибадат та болмайды тез” деген көзқарастағы кемел дiндар.
20. ХІХ ғасыр әдебиетідегі Қоқан езгісіне қарсы күрес сарыны. Абыл – Каспий алқабы, Маңғыстау түбегін жайлаған малшылар семьясынан шыққан, аты әйгілі ақын; Қазтуған,Шалгез, Жиембет дәстүрлерін жалғастырушы, батыл сөзді өжет ақын, импровизатор. Абыл «Қарасай-Қази», «Қырымның қырық батыры» циклдас ескі эпостарды жырлап келген. «Сүйекем сапар шекті...», «Құлбарыққа» толғаулары Қоқан ханы Алақұл барымташыларына қарсы тұрған қазақ батырларының ерліктерін дәріптейтін толғаулар. Бізге бұл толғаулардың үзінділері ғана жеткен. Бұл жырларда ел басына күн туғанда күші басым жауға қарсы түра білген, көзсіз ерлік көрсеткен адамдар ардақталады. Абылдың, Абыл сияқты өткір тілді ақындардың тілдерінен өркөкірек хан-сұлтандар именіп, еріксіз санасып отырады. Қайыпқали сұлтанның бөлініп, Қоқанға бет бұрғанын жақтырмай тілдейді.
Баймағамбет өзіңнен артық десе,
Ұстайды сонда сенің жының тақсыр.
Қолдаған сол сұлтанды губернатор,
Өзгеден артық па еді дінің тақсыр?
Қоқанның қонышына кіріп кеттің,
Бір уыс болмаса еді күнің, тақсыр! Қоқан хандығының тұсында өмір сүріп, үлкен оқиғаларға белсенді түрде араласқан, халық мұңын шерткен жалынды ақынның бірі Жанкісі. Жанкісінің шығармалары – Қоқан әміршілерінің озбырлығын әшкерелейтін, қасірет шеккен халық атынан айтылатын арыз ретіндегі туындылар. Бұл жырларында ақын езілген елді қан жылатып, ауыр салықтар жинап, ешнәрсемен санаспастан талан-таражға салушылардың жүгенсіздігін өткір сөздермен ашына айтып бетіне басады.

Өзіңіз қосқан зекетші,
Біздің елде Жұбай бар.
Жұбайдың жүрген жерінде,
Жылау менен ойбай бар.
Және оның жолдасы
Қаратамыз Дадан бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар,
Төлеген деген жорғасы бар.
Аттарына жемді салуға
Алты еннен тіккен дорбасы бар..
«Келі түсім» деп алады,
«Кеусенім» деп алады,
«Құшақ зекет» деп алады...

Жанкісінің бұл өлеңі тарихи шындықтың бетін ашады. Өктем озбырлыққа душар болған найман елінің ауыр халін сипаттайды. Қоқан ханы таяу елдерден ауыр алым-салық жинап, халықты мықтап күйзелтеді, Ханның салық жинаушы зекетшісі ел-жұртты зар жылатып, малшы және егінші шаруалардың зығырын қайнатады. Ақын қазақ ішінен шыққан жалдаптардың да елді жауға қосыла тонап жатқанын зор күйінішпен баяндайды. Қоқан ханының зұлымдық әрекетін ашына сынайды . Қойдан жуас момындарды бөрідей талап, елді бүлдіріп жатқанын айтады.

Айтайын десе ұрады,
Ұрмақ түгел қырады.
Ел ішінде ажарлы
Қыз, қатынды қоймайды,
Жақсыларды сөгеді,
Ат үстінен тебеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру