3. Жедел гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі

Loading...


Дата12.04.2020
өлшемі22.53 Kb.
Смағұлқызы Мадина 306-А ЖМ

2- тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап



3. Жедел гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі.

Жедел гломерулонефрит-бүйректің екіжакты қабынуымен сипатталатын, клиникада бүйректің өзінің және басқа ағзалар қызметінің бұзылуымен көрінетін сырқат.

Жедел гломерулонефриттің негізгі клиникалық белгілеріне қабақтың немесе бүкіл дененің ісінуі, қанда диспротеинемия, гиперазотемия, несетте протеинурия, гематурия, цилиндрурия дамуы жатады.

Этиологиясы. Гломерулонефриттер инфекциялық-аллергиялық ayрулар қатарына жатады. Олар кейбір инфекциямен ауырған кісілерде 1-3 аптадан соң дамиды.

Гломерулонефриттін негізгі коздырушылары катарына Ь-гемолиздеуші стреттококтар (онын 12-шп түр1) жатады. Сондын жедел гломерулонефрит стрептококтык баспадан соң, фарингитқызамықта көп кездеседі. Одан басқа жедел гломерулонефритті жасыл түске боялупы стрептококтар, пневмококтар, фридлендер таяқшалары, сальмонеллалар, менингококтар, грипп, герпес, жел шешек, Коксаки және В гепатиті вирустары; малерия, истосома және токсоплазма паразиттары, акшыл спирохета, кейбір дәрі-дәрмектер де (Д-пенициламин; алтын және сынап препараттары) туындатады.

Гломерулонефриттің 1/5 белігінін дамуы ревматизмдік сыркаттар тобымен (жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, т.б.) байланысты екенін ерекше атап өту керек. Кейбір қатерлі ісіктер де гломерулонефриттің дамуына алып келеді.

Патогенезі. Қазіргі кезде гломерулонефриттің барлық түрлерінің иммундық негізде туындайтыны анықталған. Көптеген эксперименттерде гломерулонефриттің дамуы аллергиялық реакциялармен байланысты екені көрсетілген. Жапон ғылымы Мазути егеуқұйрықтар бүйрегінен антиген дайындап, оны үй қояндарының канына жіберіп, осы антигенге карсы түзілген антиденелердің (сарысуды) егеуқұйрықтар қанына дарыткан. Эксперимент нәтижесінде гломерулонефриттің морфологиясы бойынша адам гломерулонефритіне ен жакын классикалық үлгісі алынған.

Ал, Кавелти бүйрек антигендерін стрептококк себіндісімен араластыра отырып экспериментте гломерулонефрит шақырған. Бұл кезде сарысуда әрі бүйрекке, әрі стрептококтарға қарсы бағытталған антиденелер түзілетіні анықталған. Кавелтидің ойынша негізгі мембрананың зақымдануы осы антиденелерге байланысты.

Бүйрекке карсы бағытталған антиденелер гломерулонефритпен ауырған адамдардың 70-80%-да табылған, ең қызығы, бүйректің баска ауруларында бұлар кездеспейді.

Стрептококтык инфекцияның гломерулонефрит дамуындағы ерекше рөлі гломерулонефрит туындатушы стрептококпен бүйректің негізгі мембранасының арасындағы антигендік ұқсастықта. Осыған байланысты, организмде стрептококтық инфекцияға қарсы багытталған антиденелер стрептококтармен бір катарда бүйректің негізrі мембранасын да бұрады. В.В. Серовтың пікірінше, осы аймакта антиген-антидене реакциясы жүріп иммундық кешендер шегіп калады.

Осылайша закымданған негізгі мембрана кейін организм үшін аутоантиген рөлін аткарып, оған қарсы аутоантидене түзіледі.

Антиденелер негізгі мембранаға шегіп қалып осы жердегі комплементті белсендіреді, осыған байланысты және сол жерде топталып қалған моноцит, нейтрофилдік лейкоциттер ферменттері әсерімен негізгі мембрана бұзылып, енді осы мембранаға қарсы антидене түзіледі. Осылайша "шықпас шеңбер" түзіліп, гломерулонефрит әрі қарай, өз-өзінен дами береді.



Демек, гломерулонефриттер: 1) антиденелер әсерінде, (антиденелік гломерулонефрит) немесе 2) иммундық кешендерге байланысты (иммундық-кешендiк гломерулонефрит) дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...