Эстафеталық жүгіру бірнеше адымннан құралған команданың жүгіруі. Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру қысқа және орта қашықтыққа бөлінеді: (4х100 м. 4х400 м.) эстафеталық жүгіру жеке жолдармен басқа эстафеталық түрлер жалпы жолдарда өткізіледі. Мұндай эстафета – жүгіруде бірінші бөлігі немесе жартысын әр жолымен жүгіреді., содан кейін жалпылама жолмен жүгіреді.
Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш саусақпен қысып тұрып, үлкен сұқ саусақ сөрелік сызыққа тіреледі. Сөрелік қозғалыс және қашықтықта жүгірудің жәй жүгіру техникасынан айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру ара қашықтығы 20 м. Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру. 4х100м жүгіруде былай беру қолайсыз. 2,03 және 4-ші кезеңдегі жүгірушілер таяқшаны беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және жоғары жылдамдықта қабылдау, бір дегенде жүгіріп өтуге назар аударады. Көбінде эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сөрелік сызыққа оң аяғын қойып, сол аяқ алда, оң қолды жолға тіреп, сол қолды артқа жоғары ұстап тұрады. Осы қалыпта тұрып жүгіруші сол иықтың үстінен келе жатқан командалық әріптесіне қарап тұрады бірінші кезеңдегі жоғары жылдамдықпен жүгіріп қабылдау ара қашықтығына 9-10м қалғанда 2-ші кезеңдегі жедел жүгіруді бастайды жолдың оң жағымен шапшаң жүгіре жөнеледі,таяқшаны беру аралығына 2-3 м қалғанда, 1ші кезеңдегі қуып жетіп таяқшаны нықалақанына салады. Ең әйгілі жел аяқтар осы 20м. Аралықта 2,0с, ал әйелдер – 2,2с көрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ 30м ара қашықтықты, ең жоғарғы жылдамдықты, үдетуге дағдылануы қажет. Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа қозғалып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға даярлайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса жақсы нәтежеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді.