3. Ата-аналарға мектепте оқи бастаған және алғашқы оқу қиындықтарын бастан кешірген балалармен қарым-қатынас орнатуға кеңес беріңіз



бет1/9
Дата20.05.2022
өлшемі132.27 Kb.
#256480
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Практикалық сұрақтар психология


3. Ата-аналарға мектепте оқи бастаған және алғашқы оқу қиындықтарын бастан кешірген балалармен қарым-қатынас орнатуға кеңес беріңіз.
1. Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатса қатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.
2. Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп - бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т. с. с.
3. Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.
4. Ата - ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
5. Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
6. Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
7. Балаңызды жан - жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.


5.Оқу іс-әрекетіндегі психикалық процестердің (есте сақтау, зейін, ойлау) рөлін талдаңыз.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Тұлғаның өз тәжрибесін есте қалдырып,сақтап, қайта жаңғырта алуы ес процессінің мәнін құрайды. Ес адамның икемдері мен дағдыларын, білімін жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, танымдық мүмкіндігін кеңейтеді.
Зейін – сезім мүшелері арқылы пайда болған қандайда бір ақпаратты саналы немесе бейсаналы түрде іріктеп алып қалғандарын елемеуде көрінетін психикалық процесс.
Қандай да бір затқа зейін сала қарауымыздың нәтижесінде санамыз сол затқа не құбылысқа аударылады, ал басқа ақпараттар әлсіз қабылданады.
Зейін біздің іс –әрекетімізді бақылап және қадағалап отырады.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние затары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау адамның әрекетімен тығыз байланысты. Адам шындықты өзі әсер ете отырып таныса, әлемді өзі өзгерте отырып таниды.
Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың жоғары формасы, сөздік-логикалық ойлау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы