3 8 І – бөлім. Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі


Тұлға белсенділігін арттырудағы өзін - өзі тәрбиелеудің маңызы



бет5/24
Дата21.09.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
1.1. Тұлға белсенділігін арттырудағы өзін - өзі тәрбиелеудің маңызы.

ХХ ғасырдың 70 -80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж Бруннер, Ж Ганье, С Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік деген (интенсивтендіру, мығымдық) оқушының іс - әрекеті мен пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды – біліктерін меңгеруі.

Белсенділік дегеніміз – оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұны, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегенің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын, жігерлі, мақсаты бағытталған жүйе.

Белсенділіктің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу – тәрбиенің саласын көтеру.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрект ретінде зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер – сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге «танымдық әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез – келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.

Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. бұны өңдеуге М.А Данилов, Р.Г Лемберг, И.Я Лернер, М.И Махмутов, М.Н Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И Шамова, Г.И Щукина, А.Х Аренова үлестерін қосты.

Оқытудың әдістемелік белсенді негізі болып, танымдық ілімі болып табылады. Танымдықтың мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы белгілі нақтылығында. Тәжірибелік және рухани әректте жеке тұлға өзін қоршаған әлкемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл танымдық процестің ең жалпы үлгісі. алайда, белсенді – танымдықтың ерекшелігінің мәні неде екенін түсіну үшін, субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің көрінісінің екі деңгейінің барын (репродуктивті және продуктивті( бірінен – бірі танымдық процестің жүріп отыру айырмашылығы бар екенін атап кету керек.

Репродуктивті танымдық деңгейінде (оқыту материалы) сырт қаабылдауға күйінше қабылданады. Кейбір зерттеушілер репродукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Білім мен әрекетің әдістерін меңгеруде оқушылардың мақсатты бағытталған әрекеті, оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады. Сонымен бірге әркеттің басқа элементтері болуы мүмкін (Т.И Шамова). Дидактикалық көзқараста бұл әрекет бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануы, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі – бұл продуктивті, белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен , оқытушының оқу материалына деген өзгешелік қатынасы. Осының барысында, тек қана оқыту ықпалы өзгермейді, сонымен бірге, оқыту мақсатына субъект – оқушы да өзгереді. Белсенді танымдық кезінде оқушы оқып үйреніп жатқан материалдың мазмұнына жаңа сұрақтар қояды, оның мәселесін қалыптастырады, оны шешуге жаңа әдістер іздейді. Таным оқушылардың құбылыстар туралы терең білуге ғана емес, оны ерекше ұғынуға, меңгеріп жатқан білімге және танымдық процеске қатынасына бағытталған. Белсенді танымдық әрекетке, яғни, тек білімді, білік пен дағдыны меңгеру қалыптаспайды, сонымен бірге танымның нәтижесі мен құнды қатынастар пайда болады.

Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым – қатынасты шамалы тура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық белсенділік оқытудың интенсивтендіруі мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл құбылыстар (ұғымдар) деген нәрсе емес. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді:


  • оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік;

  • өзіндік әрекетке ұмтылыс;

  • тапсырма орындаудағы саналылық;

  • оқытудың жүйелілігі;

  • жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т.б.

Оқушыларды оқыту мотивациясының тағы бір маңызды жағы белсенділікпен байланыста болады – бұл дербестік. оқыту анықтамасымен байланысқан, әрекет құралдары, үлкендердің және мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өздерінің іске асырылуы. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі ажырамайтын зат: белсенді оқушылар; әдеттегідей көбіне дербес; оқушының жеткіліксіз жекелік белсенділігі оны басқалардан бірте – бірте дербестіктен айырады.

Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігі. Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады. Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. ХVІІ – ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А Коменский, И.Г Песталоцци, Ж.Ж Руссо, А. Дистерверг, К.Д Ушинский және т.б оқытушының негізгі жұмысы – оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамып келе жатқан оқытудың дидактикасын жасаған А. Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді.

Қазақтың ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғамдық қайраткер және педагогтар А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Кеңес әдіскерлері мен психологтары Л.С Выготский, Б.Г Есипов, Л.В Занков, В.В Давыдов, И.Я Лернер, М.Н Скаткин дамып келе жатқан оқытудың танымдық әрекетінің белсенділігіне үлкен, зор үлестерін қосқан.

Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру. Солардың ішінде ең маңыздысына тоқталайық.

1)Әрекеттік жақындасу оқушыларды танымдық әркетке тәрбиелеу.Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетке қалыптасады (бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт – мен ұиытып қаламын; маған көрсет – мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер – мен үйренемін»). оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотиві, мақсаты, мәселелер, мазмұны, құралдары, әдіс – тәсілдері және қорытынды. Бұлай дегеніміз – мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.

Педагогтарға сонымен бірге оқушылар әрекеттернің негізгі түрлерін білу керек: оқыту – танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, талғамдық, денешынықтыру – сауықтыру. Әрекеттіңбарлық осы түрлері оқытушы мен оқушының өзара қатынасынан тұрады. Әрекеттің бұл түрлерін өзара байланыстыру өте маңызды.

2) Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К Роджерс):


  • Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған әрекетті қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды; бұл жекелік әлем - әлі сырттан ешкім танып білмеген.

  • Қоршаған әлемге адам жеке қабылдау және түсіну арқылы қатынас жасайды.

  • Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдаллануға ұмтылады; өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік. тек қарым – қатынас жасау қортыныдысында ғана толық жетеді.

  • Өзіндік жетілу, даму – ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігінің шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік толымдық әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы – нұсқалық жоспарлар, диффериенциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғары сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.

3) Оқыту процесінедеген зерттеушілік өткендегіс - әрекетпен байланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеу үшін әр түрлі іздену әдістері қолданылады. (эврика – іздену): ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім, ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар. Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде қыту жұмысының топтық ізденіс түрлдері, әдісі.

Мәселелеп оқыту – ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы. Мәселелеп оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің оқушыларын қарама – қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді. Мәселелі жағдайда оқушының білімі мен алдына қойғанміндеті арасында қарама – қайшылық туындайды. Мәселелеп оқыту алгоритм мәселені қою және сезіну, жеке шығару, одан әрі қарай мәселені шешудің дұрыстығын тексеруден тұрады. Бұл кезде ізденіс әңгімелері, дискуссия (пікір – талас), мәселелі мазмұндамалар т.б. пайдаланылады.

Оқушылардың белсенділіктерін бір бағыты болып саналады ұжымдық танымдық әрект болып саналады. Педагогикалық әдебиеттерде қарым – қатнас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатнасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық - әрекеті дегеніміз – бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім өзара бөліп сабақта және сабақтан тыс уақытта педагогикалық процесте жүріп отырады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс және сыныпта тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай, оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілетін неғұрлым толық ашу, яғни, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:


  1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай, дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмыстары оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өз жөнінде жағымды көзқарасының қалыптасуына, өзінің күш қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.

  2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

  3. Балада әртүрлі көркемөнер әректтерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс, және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

  4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез – құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық көзқарас арқылы қалыптасады.

  5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер оқушылардың сабақтан тыс белсенді танымдық әрекеті, жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жғдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші роль атқарады. Соған орай, сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез – құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.

Оқытушы оқушының танымдық белсенділігін арттыруда дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың жеке дара қабілетін дамытуды көздейді. Соған орай, баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат етеді. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттыру.

Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, мұғалім «қонаққа барған жағдайда қандай мінез – құлық ережелерін сақтау» қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың «мінез – құлық ережесі» туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни, балада қонаққа барған жағдайда мінез – құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормаларын сақтауға үйрету; «мінез – құлық нормалары» деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын, «мінез – құлық нормаларына» қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттердің түрін белгілейді.

Осы бағыттағы жұмыстың мақсат – міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.

Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым – қатнаста, моральдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай, оқушылардың белсенділігінің ерекшеліктері сипатталады.



  • Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл – ойына әсер етуді көздейді)

  • Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдыны жетілдіруді көздейді) және сыныптан тыс жұмыста немесе сыныпта оқушының танымдық белсенділігін арттырады.

  • Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

  • Төртіншіден, коммуникативтілік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып, ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.)

  • Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

.

Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

«Тәрбие шарасы» топтық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.

«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады. – үлкендердің және тәрбиеленушілердің қазіргі тәрбиені ізгілендіру, метепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек бағыттылығы, мәні және мазмұны өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың танмдық белсендіәрекеттірін нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым – қатнасты дамыту: музыка, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасында таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы, т.с.с. содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды?» - тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек стол, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмысындағы іс - әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.



Оқушылардың белсенді әрекеттері жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда, В.А. Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті». Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы және жекеленген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекеленген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық тудырады. Яғни нысанаға әсер етуге сай, және тәрбиенің бағыты мен міндетіне байланысты топтау ұсынылады. Ол мынандай болады:

  1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру; қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

  2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын – жазушылармен, әріптестерімен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлерімен)

  3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

  4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.

  5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер ұйымдастыру.

  6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

  7. Оқушылармен ток – шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

  8. Спроттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

  9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

  10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып, оқырмандар мәжілістерін өткізіп отыру.

  11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап – тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас техниктер т.б.

  12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

  13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

  14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдарын атап өту.

  15. Сынып жиналыстарын өткізу.

  16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинақтау, оқу - өндірістік алаңын жөндеу, мектеп мңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

  17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

  18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

  19. Оқушылардың қысқы,жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

  20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.

Оқушылардың белсенділігін арттыруда жоғарыда аталған белсенділік әдістерінің маңызы өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар