3 8 І – бөлім. Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі



бет22/24
Дата21.09.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
1 – топқа: Сауысқан.

- қанаттары;

- тұмсығы;

- басы;


- омырауы;

- аяғы т.б.



2 – топқа. Балық.

- терісі;

- құйрығы;

- көзі;


- арқасы т.б.

3 – топқа. Тиін.

- құлағы;

- дене тұрқы;

- құйрығы;

- көзі;

Тапсырманы орындап біткен соң әр топтан бір – бір оқушы шығып, затқа байланысты құрастырған сипаттау мәтінін оқып шығады да, сол бойынша оқушылар суретін салады. Топтың жұмысы ұтымды сөздерді қолдануына, құрастырған мәтіндегі сөйлемдердің өзара байланыстылығына қарай, салған суретінің сөзбен сәйкестендіріліп дәл бейнеленуіне қарай бағаланады.

4. Сипаттау мәтіні бойынша сипаттау өлеңін құрастыру.

«Ақындар» оқыта үйретеді. Үнтаспадан сипаттау мәтіні оқылады да, оқушылар осы мәтіндегі сипаттау сөздерін қатыстырып, өлең құрастырылады. (Э. Қосановтың «Көне құмыраның құпиясы» деген ертегіден алынған үзінді).

Сары сайтан қаласы жал – жал толқындарын аспанға атқан алты мұхиттың арғы жағына орналасқан. Осы тұнжыраңқы да тұманды қалада жүз елуге келген жасы бар, қалтылдаған басы бар, шашы ағарған, өңі сазарған, мұрыны имек, тісі сирек, аузы дорбадай, сөзі жорғадай, қолы ұзын, аяғы қысқа, Уайт – Сайт деген адам тұратын. Ол ұзақ өмірінде бір кісіге де жақсылық жасап көрмеген, дұрыстыққа ермеген, дүниенің бар байлығын бауырыма басып жатсам дейтін, бір күлше нанды он күн жейтін дүникқоңыз болыпты. Байлыққа қолым қалай жетеді деп ұйқысы онға, ойы санға бөлініп, түні бойы сарнап шығатын.

Құрастыратын сипаттау жалпы үлгісі мынадай болады.

Жүзі елуге келген жасы бар,

Қалтылдаған басы бар,

Мұрыны имек, тісі сирек,

Аузы дорбадай, сөзі жорғадай,

Дұрыс жолға ермеген,

Жақсылық жасап кормеген,

Уайт – Сайт деген адам бар.

№ 5. Мақал – мәтел құрастыру. «Ой қозғау» ойыны. 30 секунд ішінде екі әріп тастап отырып, берілген әріптерден бір мақал жазып шығады.

Сабақ соңында әр бір тапсырма бойынша топтың орындаған жұмыстарының ортақ бағасы шығарылады. Мысалы: біріншіден - «4», екіншіден – «4», үшіншіден – «3», төртіншіден – «5», бесіншіден – «5», деген баға алса, топтың ортақ бағасы «4» болады. Сондықтан топтағы оқушылар ортақ мақсатпен жұмыс атқарып, жақсы нәтижеге тырысады. Кез келген ойын оқушыға белгілі бір мақсатқа (жеңіске( жетуге себепші болады және оқушы мақсатқа жетудің жолын саналы түрде ұғынады.

Педагогикада интерактивті оқытудың бірнеше моделі ажыратылады:



  1. пассивті – оқушы оқытудың «нысаны» ретінде көрінеді (тыңдайды, қарайды);

  2. активті – оқушы оқытудың «субъектісі» ретінде көрінеді (өздік жұмыстарды шығармашылық тапсырмаларды орындайды;

  3. интерактивті - өзара әрекетте болады.

Интерактивті оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интерактивті әдістемені сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.

Интерактивті оқыту әдісінде мынадай міндеттер қойылады:



  • оқу үрдісін мәліметтермен барынша жасақталған үрдіске айналдыру;

  • оқушылардың практикалық дағдыға мұқтаждығы секілді мәселені шешу;

  • оқу үрдісінде оқушының жеке тұлғасын шығармашылық, эмоционалдық және танымдық белсенділігін қалыптастыру болып табылады.

Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, оқушы белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп, онда оқушының белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын оқушы мен оқушының арасында болатын интеракцияны әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады:

    1. мақсат қою;

    2. жұмысты жоспарлау;

    3. тапсырманы бөлу;

    4. оқушылар әрекетін бақылау;

    5. бағалау.

Оқушылардың танымдық белсенділігін қарым – қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу – тәрбие жұмысының барысында сана – сезімін ояту, өзбетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті. Өзін - өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл – ой, қылық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. осындай жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс - әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипаты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен – ақ қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана баланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезінеді. Адамның еңбекте және адамдармен қарым – қаптнаста көрсеткен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Бала туралы синтездік, комплекстік ғылым болып табылатын педалогия ғылымының басты «айыбы» - балалар мәселелері мен әр типі мектептердегі шәкірттердің жан жүйесін зерттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс пайдалануы, сондай – ақ осы ғылымының (Бала ой - өрісінің дамуы түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады», - деген тұжырымдарды жалған деп есептелуі. Педалогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогика, физиология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіреді.

Интерактивті әдістерді қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретуде қолдану жолдарын көрсетпес бұрын интерактивті әдістердің кейбір түрлеріне тоқталып өтейік. Соның бірі – « ойынға шабуыл» әдісі. «Ойынға шабуыл» белгілі бір мәселені шешу үшін тез арада жеткілікті мөлшерде ұсыныстар жинауға көмектесетін әдіс. Бұл әдісті шешімін табуды қажет ететін кез келген қиын жағдайда, сол сияқты топты шығармашылықпен ойлауға жұмылдырып, мәселені шешудің сан түрлі жолын табуға болатындығына көз жекізу мақсатында қолдануға болады. Сонымен қатар ол жеке тұлғаның бар білімін ортаға салуға кедергі болатын кейбір келеңсіздіктерден арылтады.

«Ойға шабуыл» әдісін қолдану үш кезеңге бөлінеді:


  • ұсыныстар жинау;

  • жиналған ұсыныстарды бағалау немесе талдау;

  • ұсыныстарды мәселені шешуде пайдалану.

«Ойға шабуыл» әдісі төмендегідей ұстанымдарға сүйенеді.

Ұсыныс, пікірлер сынға ұшырамайды. Ешбір ойдың шеттетілуіне, күлкіге айналуына жол бермейді. Әрбір ойдың өз салмағы бар. Санға баса назар аударылады. Неғұрлым ұсыныс, пікірлер көп болса, соғұрлым мәселені шешу жеңіл болмақ. Басқалардың пікіріне сенуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар