3 8 І – бөлім. Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі


Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі

Loading...


бет20/24
Дата21.09.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
2.3. Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында дұрыс сөйлеуге машықтандыруда, ойын логикалық жүйелі түрде жаза білуге үйретуде оқытудың интерактивті формаларын қолданудың маңызы зор.

Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатысатын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. Мұнда мұғалім бұрынғыдай дайын білімді бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана беріледі. Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті – оқушының ынта ықыласына жағдай туғызу.

Интерактивті оқуту әдістерін соңғы кездері қарқынды оқыту технологиясында кеңінен қолданылуда. Оқушы белсенділігін арттыратын, алған білімін іс – тәжірибесінде қолдануға жағдай жасайтын тәсілдер интерактивті оқыту әдісі жатады. Оқыту үрдісінде бұл әдісті қолдану үшін мұғалім оқушыларды ұжымдық, жұптық топтарға бөліп, өзара септесіп, белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды. Оқушылардың белсенділіктерін бір бағыты болып саналады ұжымдық танымдық әрект болып саналады. Педагогикалық әдебиеттерде қарым – қатнас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатнасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық - әрекеті дегеніміз – бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім өзара бөліп сабақта және сабақтан тыс уақытта педагогикалық процесте жүріп отырады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сыныптан тыс және сыныпта тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай, оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілетін неғұрлым толық ашу, яғни, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруді ойын түрінде ұйымдастыру интерактивті оқыту әдісінің бір түрі болып саналады. Өйткені ойын үстінде мұғалім мен оқушы арасында байланыс пайда болып, оқушылардың ұжымдық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік ашылады. Ойын оқушы белсенділігін арттырумен бірге олардың танымдық қабілетін жетілдіріп, шығармашылық белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Кез келген қажеттілікті қанағаттандыру жағымды эмоциямен, көңіл күймен байланысты. Сондықтан оқушылардың танмдық белсендіәрекеттірін нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым – қатнасты дамыту: музыка, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасында таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы, т.с.с. содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды?» - тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек стол, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмысындағы іс - әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.Оқушылардың белсенді әрекеттері жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда, В.А. Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті». Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы және жекеленген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекеленген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне мүмкіндік туғызып және соған байланысты атқарылады.

Ойын технологиясы жөнінде Б.П Никитин, З Фрейд, К. Гросс, Л.С Рубенштейн т.б. ғалымдардың маңызды ой – пікірлері бір идеяға, оның пайдалылығы мен тиімділігіне тоғысады. Американдық философ Гербарт Спенсер ойын әрекеті баланың бойында жиналған қуатты сыртқа шығару тәсілі деп санаса, атақты австрия психологі З Фрейд баланың сыртқа шықпай қалған баланың ішкі арманын қанағаттандыру тәсілі деп түсіндірген. Совет психологі Л.С Выготский ойын әдісі баланың ақыл – ойын дамыту құралы деп санаған. Ойын әдісін қолданғанда Ахмет Байтұрсынұлының «... баланы ойынға үйрету қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасын басшылыққа алуымыз керек.

Мысалы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда қазақ тілі сабағында жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді ойын түрінде ұйымдастырудың бір үлгісін қарастырайық. Сабақтың тақырыбы: «Сипаттау мәтініә (4 – сынып).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...