3 8 І – бөлім. Белсенділік оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі


Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру

Loading...


бет13/24
Дата21.09.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
1.3. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу – танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы. оқыту уақытының үнемделуі.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет.

Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері – олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасында олардың өз еркімен амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми – шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай – ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез – құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты – аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.

Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайға сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.

Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, өзгелердің ісінен сабақ алуға, танымдық, әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері қалыптсады.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:



  • өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

  • пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

  • өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

  • жолдасының жауабына пікір айту;

  • сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

  • үлгерімдері нашар сыныптастарын оқыту мен айналысу;

  • үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

  • өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;

  • танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

  • өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

  • танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқлы орындау.

Оқушылардың белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу – танымдық тапсырмалард орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрект тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәржірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, бірлігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:



  • оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;

  • шығармашылық ой - өрісі артады;

  • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

  • ұжымдық ой – пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

  • мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасы ынтымақтасттықта болып, сенімділктері артады;

  • оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

  • білімін жүйелі түрде толықтыруға;

  • өз әрекетін сын тұрғысынан қарауға;

  • тұжырым жасап қортындылауға үйренеді;

  • оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.

Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерінің негізгі міндеттеріне тоқталсақ:

  • білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру;

  • білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;

  • оқу тапсырмасын орындау процесесінде операцияларды қолдаунға (талдау – синтез, салыстыру, жинақтап қорыту) үйрету;

  • оқытудың ғылымилылығын арттыру;

  • ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т.б.

Шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық іс - әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттырудағы мектеп лекциясының төмендегідей түрлері бар:



  • нұсқама лекция;

  • лекция – диалог;

  • ғылыми – құрылымдық лекция;

  • теория құрастыру лекциясы;

  • визуальды лекция;

  • проблемалы;

  • ақпаратты;

  • пресс – конфернеция лекциясы;

  • алдын ала қателігі жоспарланған лекция;

  • телелекция;

  • әдіснамалық лекция;

  • жалпы пәндік лекция

  • жалпылау лекциясы т.б.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке – ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әр түрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.

Осындай жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың арасындағы дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.

Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өздік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетінде керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өздік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өздік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Өзбетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау менмеңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғышарты болып табылады. Шығармашылық, дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Оқудағы дербестілік оқып – үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болумен, назар мен ой – сана әрекетінің бағыттылығымен «талдау мен жинақтау, салыстыру мен салмақтау т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.

Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық - ой, пәндік апталықтар, ғылыми – шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдау мен ұсныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай – ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:



  • шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

  • шығармашылық тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

  • кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

  • білім мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

  • тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

  • оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін, дамытатындай дәрежеде болуы керек.

Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейілінше белсенділікті, ынталылықты, ізденімпаздықты, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Шығармашылық – оқушының танымдық қабілеттерне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс - әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс - әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.

Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі керек. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігі көрсетеді.

Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келеді:


  • қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

  • оқу – танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

  • білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

  • оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;

  • жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

  • жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой - өрісін кеңеюі;

  • тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс - әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы (зейінерік) байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...