3. 7-үлестірме материал Зерттеу –сабағының мақсатын тұжырымдау



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.06.2022
өлшемі219.31 Kb.
#267356
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
3.7-үлестірме материалы Жоспарлау тәсілі
19.01.22 9-с алг, 3-күн. Бағалауға арналған тапсырма


3.7-үлестірме материал 
 
Зерттеу –сабағының мақсатын тұжырымдау. 
 
Зерттеу-сабағын жоспарлау тәсілдері. 
Табысты жоспарлау үшін ұсынымдар. 
 
1. Зерттеу-сабағы тақырыбының тұжырымы. 
1 цикл Сабақты зерттеу келесі кезеңдерден тұрады: зерттеу-сабағын жоспарлау, зерттеу-
сабағын бақылау, оқушылармен сұхбат, зерттеу-сабағын талқылау (П. Дадли "Lesson Study: 
теория және қолдану тәжірибесі", Астана, 2013). 
Зерттеу-сабағын жоспарлаудың сапалық тәсілі оның мақсатын тұжырымдаудан 
басталады. 
Сіздерге зерттеу-сабағының мақсатын тұжырымдау тәсілдерінің бірін ұсынамыз. Бұл 
тәсілді шартты түрде "пәндік білім + дағдылар" деп атауға болады.
Пәндік білім зерттеу-сабағының мақсатын анағұрлым нақты және пәнге бағдарлайды, ал 
дағдылар пәннен тыс зияткерлік қабілеттерге қол жеткізуге шоғырланады. 
Ауқымды мақсат өзге көзқарасқа төзімділік, табандылық, креативтілік, метаптану немесе 
ынтымақтастық сияқты қасиеттерді қамтуы мүмкін. Осылайша, зерттеу-сабағының мақсаты 
шартты түрде 2 бөлікке бөлінеді: бірінші бөлім тікелей пәнге (оқу бағдарламасын) қатысты, 
екінші бөлім пәнаралық дағдылар мен дағдыларға қол жеткізуге негізделеді. 
 № 1 мысал: 
Биология сабағы: ауқымды мақсат (пәннен тыс) - ғылыми ойлау дағдыларын дамыту; 
шағын мақсат (пәндік бағдарланған) мейоз және митоз туралы білім.
Қорытынды мақсат: Оқушылар мейоз бен митоз процестерін ғылыми ойлау дағдыларын 
пайдалана отырып салыстыра алады. 
Ауқымды мақсат тек "биология" пәні үшін ғана өзекті емес, өйткені ғылыми ойлау 
дағдыларын дамыту кез келген басқа пән үшін аса өзекті болып табылады, өйткені бұл дағдылар 
пәннен тыс болып табылады. Бірақ пәнге бағдарланған компонент (мейоз және митоз туралы 
білім) биология бойынша зерттеу-сабағы мен оқу бағдарламасын байланыстыра отырып


қойылған мақсатты анағұрлым нақты етеді. 
№ 2 мысал: 
Әдебиет сабағы (мәтінді талдау): ауқымды мақсат (пәннен тыс) - сыни ойлауды дамыту; 
шағын мақсат (пән бойынша оқу бағдарламасымен байланысты): көркем мәтін негізінде әртүрлі 
жағдайларда адамдардың мінез-құлқын талдау қабілеті.
Қорытынды мақсат: оқушылар сыни ойлау дағдыларын пайдалана отырып, әртүрлі 
жағдайларда адамдардың мінез-құлқына негіздеме беруге қабілетті.
Зерттеу-сабағының мақсатын тұжырымдаудың мұндай тәсілі шығармашылық топқа 
кіретін мұғалімдер әртүрлі пәндерді оқытқан жағдайда ерекше өзекті болып табылады.
Осылайша, келесі схеманы ұсынуға болады:
1 бөлім –сабақтың мақсаты нақты пәнге бағытталған,
2-бөлім – кең ауқымды пәнаралық дағдыға бағытталған.
Мақсатты тұжырымдау кезінде Сіздің шығармашылық тобыңызға, зерттеу сабағының 
мақсатын анықтауға көмектесетін бірқатар сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз: 
1. Сіздің оқушыларыңызда оқу бағдарламасының қандай мақсаттары ерекше қиындық 
тудырады? (немесе осы мақсаттарға қол жеткізу одан әрі табысты оқыту үшін өте маңызды). 
2. Сіз оқушылардың қандай пәннен тыс дағдылары мен іскерліктерін дамытқыңыз келеді?
Сіз қандай құралдардың (тәсілдердің, стратегиялардың) көмегімен осы дағдыларды дамытуды 
жоспарлайсыз? 
3. Сіз сабақта бағдарламалық мақсатқа жету, сондай-ақ пәннен тыс дағдыларды дамытуды 
қалай құрастыра аласыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы