3-6 І. Пысықтауышты оқыту


Бастауыш мектептерде оқытылатын грамматиканы меңгертудің



бет8/16
Дата11.04.2022
өлшемі349.5 Kb.
#220139
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Дип.-Пысықтауышты-оқыту

1.1. Бастауыш мектептерде оқытылатын грамматиканы меңгертудің

әдіс-тәсілдері.

Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі -грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой - өрісін сауаттылығын, тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты - оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепке орындала қоймайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқылады.

Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақалауға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.

Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатақ, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және оқуға, жазуға үйренеді, дұрыс, саналы, мәнерлеп, шапшаң оқуға, сауатты жазуға дағдыландырады. Морфология саласынан сөздердің жасалуын, морфологиялық құрылысын, сөз таптарын және олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.



Бағдарламаның «түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік принциптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматикалық мағлұматтарды және сөйлем біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын материалдарды, сондай-ақ орфография және пунктуация бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын дамытатындай материалдарды қамтитындағы байқалады.

Бастауыш мектептегі әдістеме тарихында 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған «Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетілген:



  1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.

  2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.

  3. Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.

Онан кейінгі кездерде дидактик-ғалымдар мектептерде оқытудың алуан түрлі әдістерін ұсынады. Біз осы кітаптың 14-бетінде көрсетілгендей, оқыту әдістерін Ю. К. Бабанскийше топтау қолайлы деп есептейміз.

Өйткені, I топтағы әдістердің өзі қабылдау, есте сақтау, ойлауға негізделетін сөздік, көрнекілік, практикалық, хабарлау, әңгіме, салыстыру, жинақтау, жалпылау, топтау, тақтылау, дерексіздендіру, ассоциациялық, аналогия әдістері мен ойша қорытудың индуктивтік, дедуктивтік т.б.с. көптеген әдісті қамтиды.



  1. топтағы «оқу-таным әрекеттеріне қозғау салу (мотивация)» сезімге
    негізделетін әдістерді: оқушылардың зейінін жинақтау, қызығу мүддесін тұғызу,
    жауапкершілігін күшейту т.с.с. қамтиды.

  2. топтағы қиялға, ерікке негізделетін әдістер мұғалімнің көмегімен немесе
    оқушылар мүлде өздіктерінен орындайтын жұмыстарда пайдаланылады.

Бұл көрсетілгеннен басқа тіл сабақтарында коммуникативтік әдістер қолданылады.

Осы әдістердің кейбіреулерінің қолданылуы жолына мысал келтіретін болсақ, былайша көрсетеміз.



Хабарлау әдісі бойынша мысалы, грамматика сабактарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұндай әдіс оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз өтетін түрлі құралдар қолданылады.

Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйені ашық көрсетуге тырысады: айталық, түбірлес сөздік белгілері, зат есімнің септелуі т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте - бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.

Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда сиректеу қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуге кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ - жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі -«эврика» - таным) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.

Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қайылады, оны оқышылар өздері иілмеуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалады т.б. табу керек.)

Міндет - сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық ситуациялар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы олардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім граматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазуша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарды ұзақ болмауы керек және көлемі жағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II - сыныпта 3-5 минут, III - сыныпта 5-10 минут, IV - сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б.

Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де колданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай корытылуға болатынын ойлануда тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.

Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл - ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар анализ жасаса, екіншіде оны синтездейді. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетика – графикалық (дыбыстық - әріптік), морфолоргиялық, синтаксистык, орфографиялық, пунктуациялық анализ жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырылып, синтез жасайды.



Синтез балалардың алған білімдерін байланыстырып жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сүрақтарына жауап береді, септемді, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырылады.

Әдетте анализ немесе синтез бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушылар зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сан есіммен, етістікпен немесе керісінше т.с.с). Міне мұнда анализ де синтез де қолданылады. Жұмыстың мүндай тәсілдері талдау - жинақтау (аналитико - синтетикалық) әдісі деп аталады.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке - жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда екінші жағдайда (дедуктивті әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдау) ұсынады, өздеріне мысал келтіріледі. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады. Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң «үстеу» сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сан есіммен, етістікпен байланысын келетінін айтады.

Ал осы тақырыпты дедуктивтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеудің табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.

Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінен ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа «зат есім», «сан есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т.б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуынің мәні себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыпшаны аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануға соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрыстырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардың қалай ерекшеленеді -осылар ашық көрсетілуге тиіс.

Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттын атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз топтарынан айырмашылығы т.б. балаларға ұғындырылады. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықттарды анықтама ретінде беріледі («Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т.б.). Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысын сол анықтама күйінде жаттатпай, оларды талдап, таратып түсіндірген жөн. Мысалы, сыныптағы бір оқушыға: - сенің атың кім? - менің атым Қайрат... - Ал «атың» дегенді сол сияқты басқа қандай сөзбен айтуға болар еді?

Есімің кім? деуге болады.

Ия, сенің есімің кім? деп сұрауға да болады.

Міне, сонда зат есім дегеніміз «заттың аты»да тен ұғым екен - ал енді қоршаған мына дүниеде, айналада қандай заттар бар? Әдемі, осы сыныпта қандай заттар бар, солардың аттарын атайық? - мынау - парта, мынау - терезе, мынау -тақта т.б.


  • Ал енді далаға қараңдар. Онда қандай заттар көрінеді? Аттарын атаңдар!
    Машина, ағаш, үй т.б.

  • Ал далада, өрісте нелер жайылып жүр?

  • Мал жайылып жүр. - Олардың аттары қалай?
    Сиыр, қой, түйе, жылқы, т.б.

Жерде жыбырлап жүретін жәндіктердің аттары қалай? - құрт, құмырсқа, жылан, қоңыз, т.б.

- Ал ұшып жүретін нелер? Олардың қандай түрлері болады? Аттарын


атаңдар...

Осылайша жан-жануарлардың, өзен-көлдің, музыкалық аспаптардың т.б.с.с. айналадағы заттар мен құбылыстардың аттары балалардың өздеріне айтқызылады (қиналған жерінде мұғалім көмектеседі).

Сөйтіп, мұғалім балаларға осы, заттар мен құбылыстардың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайтынын ұғындырады. Оларға тағы да мысал келтіріліп, ондағы зат есім сөздерді тапқызып, оның неге зат есім болып тұрғаны дәлелдетіледі.

Грамматикадағы анықтама - ережелердің негізгі белгілері мынадай:

1. Әрбір анықтаманың ішінде оның термині болады (мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сан есім, түбір терминдері). Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл
басты, негізгі белгі аркылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді.
(мысалы, сын есімде сынын, түбірде сөздің өзгермейтін бөлшегін т.б.)-


  1. Кейбір анықтамаларды түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны
    көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, түбір сөзде
    жалғанатындарды қосымша дейміз т.с.с).

  2. Анықтамаларда әрбір категорияның негізі мағыналарынан басқа
    формалық белгілеріде көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін
    жасау үшін анық түбіріне - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер жалғаулары
    жалғанады т.б.). мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер
    анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған
    оқулықтарды көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты
    белгілері ретінде көрсетіледі.

Формалық белгілерді жинақтап, топтап, синтездеп, сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларды айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «аяқталған ойда білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл - сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір - бірімен байланыста болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады, әр сөйлемнен кейін тыныс белгісі қойылады т.с.с.) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де мұғалімнің көмегімен меңгереді. Олар сондай - ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.

Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.

Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғәлім:


  1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюменен
    қанағаттанбай, өз ойылан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан
    ойланып, мысал айтуын талап етеді.

  2. Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде
    анықтама бойынша қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін тапқызады.
    Кейде баланың өзі ойлап тапқан мысалдарын талдау арқылы да пікірлерін
    дәлелдеуді талап етуге болады.

  3. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап көруді
    ұсынады.

  4. Анықтамалар мен ережелерді дәл, толық айтуға үйретеді (мысалы, III
    сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат
    есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады). Сонымен, қорыта келгенде,
    балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім, сөз табы т.б.)
    дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы таман
    бойынша) тұжырымдауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір
    анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар,
    грамматикалық тапсырмамен берілген мазмұндама, шығарма жаза
    алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге
    болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді - екілі сабақта
    орындалуы тиіс дегең ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығудың, бірнеше
    сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана
    қалыптасады.

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте калдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады.

Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілдерін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «С» мен «Ш», «Р» мен «Л», «Ж» мен «3» сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.

Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың қателері, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.



Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі - түбір, жұрнақ, жалғау

- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп,


сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра
білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер
жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талартар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туында түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі; 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.



Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский: «Баланың тілі шығып, сына - сезімі өсе келе, ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер, күнделікті тәжірибе, үлгі арасында
өздігінен - ақ грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың
міндеті - сол тәжірбе нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйелеп беру», болатын.

Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, олардың жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орында қолдана алады.

Сөз тобы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру; 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі-қызметін байқату; 4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту; 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау; 6) ұқсас сөздерді топтату; 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке - жеке корытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.

Синтаксистік жатгығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып түсіндіру.

Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:


  1. Белгілі бір жаттығу орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды
    орындарлық білімі болуы шарт.

  2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы
    барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп
    орындағанда ғана белгілі бір білік, дағды қалыптасады.

  3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ақыласын арттыруға тиіс. Ол
    үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарында жаттығу
    оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.

  4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып
    отырылуы шарт.

  5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ған өтілген материалдарға негізделмей,
    бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы мүмкін.

  6. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы
    неғурлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де,
    үнемі жиі - жиі қайталауға негізделеді.

  1. Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.

  2. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

  3. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико - синтетикалық
    болған жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері,
    сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастык пен
    ережеліктерді табу, топтау, өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен
    жалпы қорытынды шығаруға білгізу т.б.

  4. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері
    бекіл, өз беттерімен жұмыс жасауға қалыптасады (яғни зейін қойып
    тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар бойынша сөздерді
    құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелеріне талдау, сұрақ қоя білу, қажетті
    деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба алу).

Грамматикалық жаттығулардың ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.

Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай - ақ ауызша да жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқығандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе олардың айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т.б.

Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық, синтаксистық немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.



Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып кояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Сөздердегі жеке - жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.

Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, санын, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазуша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғазу, олардың сүрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (жекеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады.

Морфологиялық талдауда жазбаша жұмысын түрліше жүргізуге болады:



  1. Сөздің бір формасын теріп жазады не астын сызып қояды, немесе кандай
    сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да
    болады (зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирек сызықпен, етістіктің
    астын екі сызып көрсетеді). Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де
    көрсетеді. Оған түсті қарандаш қолданған қолайлы.

  2. Берілген мәтіннен ең әдемі зат есімдерді, сонан кейін сын есімдерді т.с.с.
    теріп жазады.

  3. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица
    бойынша айырып жады. Мысалы, «Балалар өзеннің жағасына келді»
    сөйлемінен зат есімге жататын сөздерді тапқызуға тиіс болса:


Сөз табы

Сөйлем мүшесі

Сұраулары

Жекеше,

Септік










көпше




Балалар

Бастауыш

Кімдер

Көпше

Атау

өзеннің

толықт.

Қайда

Жекеше

Ілік

жағасына







Жекеше

Барыс

4. Талдауды толық жүргізгенде сөздерді бағанаға жазады да әрқайсысының тұсына формасын жазады, немесе сөйлемдегі сөздерді схема бойынша жазады. Мысалы: «Біздер қалаға машинамен тез жеттік» деген сөйлемді балалар былайша жазады: Біздер - жіктеу есімдігі, I жақ, көпше, бастауыш. Қалаға - зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Машинамен - зат есім, жалпы есім, жекеше, көліктес септік, толықтауыш. Тез - үстеу, пысықтауыш. Жеттік - етістік, өткен шак, I жақ, көпше, баяндауыш, схема бойынша:



Сөздер

Сөйлем мүшесі

Сөз табы

Сұрауы

Жекеше,

Септік

Шағы

Жагы













көпше










Біздер

Бастауыш

Есімдік

Кімдер?

Көпше

Атау

-

-

Қалаға




Зат есім

Қайда?







-

-

Машина-







Немен?

Жекеше

Барыс

-

-

мен

Толықтауыш

Үстеу
















Тез




Етістік

Қалай?




Көлік







Жеттік

Пысықтауыш




He істеді?







Өткен

I жақ



















шақ




Сөздердің морфологиялық құрамы жай бөлшекпен көрсетілуі де мүмкін. Мысалы, Біз - дер, қала - ға т.б. немесе схемамен көрсетіледі:

Сөз

Түбір

Жалғау

Жұрнақ

Біздер қалаға

Біз

Қалаға


Дер Ға

-

Синтаксис талдау да балалар оқу - жазуға үйренгеннен кейін - ақ басталады. Белгілі бір мәтінде неше сөйлем бар екені, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрі (хабарлы, сүраулы, лепті) анықталады. Тиісті сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.



Жазбаша талдауда оқушылар бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екі сызады. Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп жазады, берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне жазады, мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді теріп жазады, сөйлемнің бір түрін баска түрге айналдырады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді схемамен көрсетеді. Мысалы, өрік, алма жидек пісті. Райхан үйді жинады, сыпырды.

өрік алма жидек

(баст.) (баст.) (баст.)

пісті (баян.)

Райхан жинады (баян.)

(баст.) сыпырды (баян.)

Талдау үнемі тек фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне, мақсатына қарай, тоқырыптың сипатына сай, талдау аралас та қолданыла береді. Талдау әсіресе балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі түбір, сонан соң қосымша, оның ішінде жүрнақтары мен жалғаулары анықталады. Ал сөз табы жағынан сөйлемдегі сөздер бірінші сөзден бастап соңғы сөзге дейін ретімен талданады. Сөйлем мүшелерше қарай талданған әуелі түрлаулы мүшелер (баяндауыш, бастауыш), олардың сұраулары, сонан кейін бастауышпен байланысатын тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрайтынын ескертіп отырған жөн, мысалы: құстар жылы жаққа үшып кетті дегенде, құстар ұшып кетті - сөйлем, ал жылы жаққа - сөз тіркесі болады.

Талдауға берілген сөйлемдер, мәтіндер құрылысы жағынан да, мүшелерінің (сөздерінің) формасы жагынан да әр сыныпта бағдарламаға сай болуы кджет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан