3-6 І. Пысықтауышты оқыту



бет7/16
Дата11.04.2022
өлшемі349.5 Kb.
#220139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дип.-Пысықтауышты-оқыту

І. Пысықтауышты оқыту

Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.

Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастанған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларді, тілге үйрету нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактиканың көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.

Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.

Оқытудың міндеті жаңа тақырыпта түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамалары, ережелерді балалардың есіне берік сақтап, тұрақтындыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай да болмасын бір құбылысына немесе жазу заңдығылына түсінбесе, онда ол сол мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр болады.

Дидактика талабы түрғасынан алғанда оқушыларға тіл үйретуге олардың зейін қою, есте сақтау, ойлау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдерінің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар, өз күшінен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай, берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс.

Дидактиканың күрделі бір шарты - мектептегі оқытудың жүйелігі мен сабақтастығы. Заттармен кұбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстарын қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстар ішінде, солармен байланысты, сабастас түрде карастырған жөн.

Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс - тәсілдер тақырыпта оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан - жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Біліктілік пен дағды әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қатып; соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында анық айтқан, көрсеткен тәсілдерін біліктілікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.

Грамматика мен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс - тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес барасында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы