3-6 І. Пысықтауышты оқыту


Грамматика сабақтарының түрлері



бет11/16
Дата11.04.2022
өлшемі349.5 Kb.
#220139
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дип.-Пысықтауышты-оқыту

2.1. Грамматика сабақтарының түрлері.

Қазақ тілінен бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі.

Педагогиканың үйретүі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардың білімін бекіту сабағы, 3) оқыған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың білімін, білігін, дағдасын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.

Сабақтың кең тараған түрі біріккен сабақ болғандықтан, аз - кем тоқталып өтелік:


  1. біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жылдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас
    сабақ болып етеді;

  2. мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді;

  3. сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан - жакты толық
    дайындалады;

  4. сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады;

Біріккен сабақ бірде үй тапсырмасын қайталап, өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жұмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардыц білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бұл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабак сайын колданыла бермеді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп сыналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне карай әр сабаққа пайдаланылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: «Бір буынды және көп буынды сөздерден ажыратады, көп буынды сөздерді буынға бөлу. Мақсаты - бір буынды сөздерді коп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету арқылы оқушының ерікті зейінін, бақылампаздығын жетілдіру және мысалдар мен жаттығулардың тәрбиелік жағына баса назар аудару».

Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнін көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындагы байланыстарды анықтайды т.б. Мысалы, I сыныпта «Әліппедегі» сұрақтарды көрсетіп, жемістердің атын аттады. «Қарақат» сөзін буынға бөлгізеді, онда үші буын бар екені анықтлған соң, әр буын сұралады, әр буында кірістіріп, сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, карақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында «Біздің бақта» мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақаттар да бар. Қара қарақат та бар. Қаракат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз).

Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін.

Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, «Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде.бір сөз бірнеше түрге енеді; 2) мүнда оған бірнеше сұрақ қойылады; 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттык касиетінен айырылмайды, 4) олар заттың атын білдіреді; 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? Деген сұраулар қойылады деген сияқтьі түрғыда түжырым жасайды.

Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның шартын оқиды, сонан соң мұғалім: «ал сонымен жаттығудағы басым нәрсе не болады?» деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол жаттығуды қалай орындайтындықтарын сұрауға да болады.

Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл - мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты. Алайда жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі мүмкін.

Сабақтың қай түрі болмасын, барлыгында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуға тиіс:



  1. Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың тақырыбы мен максатына оқушылардың анық түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе, оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының жұмысында қате бар, оны қалай табуға болады? Дұрысы қалай болар еді? Сияқты сұрақтарды шешу проблемасын да қоюға болады. Сабақтың соңында сол күнгі оқушылардың білген жаңалықтары, оны білу не үшін керектігі анықталады.Ол оқушылар ана тілінен алатын білім, білік, дағдының әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін білсе, жұмысты ынталына орындайды.

  2. Материалды түсіндіруде жаңа материал өтілген материалдармен
    байланысты және оған негізделіп келуі шарт; білімділік, дамытушылық,
    тәрбиелік маңызы күшті мысалдар іріктеліп алынып, балалардың белсенділігін арттыру, өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту, қорытынды шығару, дәлелдету сияқты жұмыстар кеңінен қолдануы қажет.

  3. Жаттығудың формасы мен түрлері мейлінше түрлендіріліп отырылуға тиіс (сан алуан грамматикалық жұмыстар, көшіру, диктанттар. сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма т. б.).

  4. Әр сабақта өтілген материал қайталанады. Ол үй тапсырмасын гексеру
    кезінде болсын, түрлі жаттығулар, арқылы жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар қайта жаңгырығады, беки түседі. Оқу жылының барысында немесе тоқсан аяғында, кейде бір үлкен тақырыпты аяктағанда, жоғарыда көрсетілгендей, тұтас сабақ - өтілген материалды қайталауға арналады.

  1. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын
    ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады. (Мұғалімнің түсіндермесі, қысқа, анық, конымды, тартымды болуы керек.
    Жаттығу тапсырмалары анық, оқушылар қайта - қайта сұрап, бір - бірінің
    зейінін болмайтылдей болғаны жөн). Оқушылардың тілін дамыту жұмысы негізгі, басты міндет ретінде іске асырылады. Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем, мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың ойын оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған жөн.

  2. Қазақ тілі сабақтарында таблица, схема, дидактикалық материал. суреттер, заттар т. б. түрлі көрнекі құралдар кең қолданылады.

  3. Балалардың барлығына бірдей талап қоймай, жеке ерекшеліктеріи есепке
    алып, нашар үлгеретіндерге ерекше көңіл бөліп отыруды кам ғамасыз
    ететін әдіс - тәсілдер таңдалуы қажет.

Шағын комплектілі мектептерде мұғалім бір кезде бірнеше сыныппеп жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай мектептердегі балаларды алғашкы күннен бастап тапсырманы өз беттерімен орындауға үйретуі тиіс. Ол үшін мыма сияқты жұмыс түрлерін ұтымды болады. 1) түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды көшіру, 2) жазбаша талдау жасау, 3) сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер құрастырып жазу, 4) мәтіннен қажетті сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді тауып жазу, 5) мәтінді бөлімге бөлу. 6) катемен жұмыс (мұғалімнің көрсетуі бойынша). Сабақтың соңында балалардың тапсырманы қалай орындағандарын тексеріп, бағалайды.

Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті - балалардың анық естіп. қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сәйлегенін естіп қабылдайды.

Сабақтарда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе анық бөлшектерін (әріптерді, буындардағы морфемаларды) анық көретін болуға тпіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолда қозғау көрнектілігі қажет.

Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздері анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуде де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптердегі жазуларды да қамтиды.

Әдетте көрнекілік деп грамматикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптен немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады, екі асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншісінде қосымшасы).

Мұндай тәсілдер жазылғандарды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан таблица т. б. жасау үшін материалдар жан - жақты ойластырылып, тандалып алынады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұксас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды ығарып, бслгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет. Мысалы, «й», «и» әріптерінің жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына сияқты сөздерді бағана етіп жазады.

Киін - кейін Ки - қой

Жина - жайна Сиыр - сойыл

Биле - бейне Түйе - түйме т. б.

Мұнда «и», «й» әріптерін қызыл түспен жазуға да болады. Бірак негізгі әдіс -бірінші бағанадағы сөздерді екінші бағанадағы сөздермен салыстыру. Бұл сөздердің жазылуын салыстыра отырып, балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табады, «и» әріпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын анықтайды. «И» - дің дауыссыздардан, «й» әріпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері айтады. Бұған мысалдар келтіреді, берілген создерден, сөйлемдерден, мәтіннен құрамында «й», «и» әріптері бар сөздерді тауып, олардың қандай дыбыстардан кейін келіп тұрғанын айтады. Мұғалім өзі бірнеше сөз беріп (мысалы, көбей, секемді, мұхит, айқай т.б.), онда «и» мен «й» - дің қайсысын, не себепті жазу керектігін сұрайды; «и» - дің сөздің басында, ортасында. аяғында жазылатынын, ал «й» - дің сөздің басында жазылмайтынын, бірақ сөздің орғасында да, аяғында да келе беретінін байқатып, «и» мен «й» - дің ұқсастық қасиеггсрі (екеуі де «ый»дыбысының таңбаса, екеуі де сөздің ортасында, аяғында келеді) жлне бір -бірінен ерекшеліктерін («и» - дауысты дыбыстардан кейін келмейді, «й» - дауысты дыбыстардан кейін келеді, «и» - буын құрайды, «й» - буын құрай алмайды, «и» -дауысты дыбыс, «й» - дауыссыз дыбыс, «и» - сөздің басында келеді, «й» - сөздің басында келмейді) көрсетеді. Сөйтіп, әр әріптің жеке қасиеттерін анықтау арқылы қорытынды шығарылады.



Көрнекі құрал ретінде қандайда болмасын грамматикалық және
орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады.

Мұнда оқушылар тіліміздегі жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.



Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін схемалар екі түрлі: аналитикалық және синтетикалық. Мысалы, қалың орманның ішінен тәтті жидектің иісі аңқиды сөйлеміне аналитикалық схема жасасақ

Исі аңқиды

Ненің? Қайдан?



Жидектің орман ішінен

Қандай? Қандай?

Тәтті қалың

Осы сөйлемдерді синтетикалық схема жасасақ:

Қалың —► орман —► ішінен —► жидектің —► исі —► аңқиды.

Бұл схемалардың екеуінде де сөздердің арасындағы байланыс корсетілді. Біріншісінде сөздердің сұрақтар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіишісінде сұрақсыз сызықтар стрелкамен көрсетілген. Бірінші схемада сөздердің қайсысы қайсысымен байланысып тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған. Ал. екінші схемада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде. Бұл схемалардың екеуін де (біріншісін III сыныпта, екіншісін IV сыныпта) қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы