29. Көсемшенің жіктелуін көрсет



Дата18.03.2023
өлшемі19.63 Kb.
#502832
Байланысты:
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі


29. Көсемшенің жіктелуін көрсет
Негізгі қимылды білдіретін, сондай- ақ негізгі қимылды көрсететін, қосымша қимылды айқындайтын етістік түрі КӨСЕМШЕ ДЕП АТАЛАДЫ. Мысалы: Әркім өз ойын айтып жатыр. Келісімге келген соң Гүлжан үйге жинала бастады.
Бұл сөйлемдегі негізгі етістіктер (айтып, жинала) көсемше жұрнақтарымен жасалған. Мысалы: Әкесіне мақтана қарады. Көршісі де жүре тыңдады. Сөйлемдегі қарады, тыңдады етістіктері қосымша қимылды білдіріп, негізгі қимылдың қалай жасалғанын көрсеткен.
Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану аркылы жасалады:

1. а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, кул-е, сөйле-й, қара-й т. б.


2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б.
3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, кет-келі т. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.
Көсемшенің жіктелуі.
1-ж. мен жаза-мын, сөйлей-мін, барып-пын, келіп-пін.
2-ж. сен жаза-сың, сөйлей-сің, барып-сың, келіп-сің, сіз жа-за-сыз, сөйлей-сіз, барып-сыз, келіп-сіз
3-ж. ол жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті
1-ж. біз жаза-мыз, сөйлей-міз, барып-пыз, келіп-піз
2-ж. сендер жаза-сыңдар, сөйлсй-сіңдер, барып-сыңдар, келіп-сіңдер. сіздер жаза-сыздар, сөйлей-сіздер, барып-сыздар, келіп-сіздер.
3-ж. олар жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті.
Көсемше тұлғасына мынадай жіктік жалғаулары жалғанады. І-жак жекеше -а, -е, -й тұлгасынан кейін -мын, -мін, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -пын, -пін, көпше -мыз, -міз және -пыз, -піз, ІІ-жақ жекеше анайы. Екеуінде де -сық, -сіқ, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сындар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, Ш-жақ жекеше де, көпше де -а, -е, -й тұлгасынан кейін -ды, -ді, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -ты, -ті болып жалғанады.

30. Ол ауылға жиі баратын. Морфологиялық талдау жаса
Ол-есімдік
Ауылға-түбірі ауыл-з.е, ға-барыс септігінің жалғауы
Жиі- Үстеу
Баратын- бар етістік, атын есімше жұрнағы

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет