22 Практикалық жұмыс. 1- тапсырма Сәйкестендір

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі146.15 Kb.
Мекемелердегі құжаттар айналымын ұйымдастырудың жалпы ережелері. Келетін құжаттарды қабылдау және өңдеу.

22 Практикалық жұмыс.



1- тапсырма Сәйкестендір.

графа-баған

график-кесте

гриф-белгі-мөр

гуманитарная помощь-ізгілік көмек

Дебитор-борышкер,қарыздар

действенность-пәрменділік

действующее законодательство-қолданылып жүрген зандар

доверенность-сенімхат

договор-шарт

докладная записка-баяндау хат

документация-құжаттану

документирование-құжат ресімдеу

дословно-сөзбе-сөз

досрочно-мерзімінен бұрын

доставщик-жеткізіп беруші

достижение-жетістік

достоверный-сенімді,шек келтірмейтін

достояние-игілік

доход-пайда,табыс

дочернее предприятие-еншілес кәсіпорын

2- тапсырма Берілген құжатты толтыру

Құжат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер


Құжаттаманы басқару құжаттарды есепке алу, қозғалысқа келтіру, жедел сақтау, іздестірілуін қамтамасыз ету және құжаттық ақпараттарды пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін қамтиды. Құжаттаманы басқару ісінің құрамдас бір бөлігі құжат айналымы болып табылады.

Құжат айналымы деп ұйымдағы құжаттардың жасалған немесе әр түрлі технологиялар арқылы алынған сәтінен бастап орындалғанға немесе жөнелтілгенге дейінгі қозғалысын айтады.

Құжат айналымы мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:

1) құжаттардың бағдарлы қозғалысы (құжаттар төте жолмен орындаушылар қолына келіп түседі, құжаттардың кері қозғалысы мейлінше азайтылуы тиіс);

2) құжаттардың қызметкерлер арасында лауазымдық нұсқаулықтарға немесе функционалдық міндеттерге сәйкес нақты бөлінуі;

3) құжаттар қозғалысы технологиялық схемасы мен сол бойынша атқарылатын технологиялық операциялардың бірыңғайлығы, әр операцияның бір реттен ғана орындалуы;

Ұйымның құжат айналымы мынадай ағымдардан тұрады:

1) келіп түсетін (кіріс) құжаттар;

2) жөнелтілетін (шығыс) құжаттар;

3) ішкі құжаттар (ұйым аясындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар, яғни, хаттамалар, актілер, түсіндірме хаттар, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, жеке құрам бойынша бұйрықтар, өкімдер т.б.).

Құжат айналымының көлемі белгілі бір мерзімдегі: ай, тоқсан, жыл  ішіндегі кіріс, шығыс және ішкі құжаттар қосындысынан тұрады. Құжат айналымының көлемін анықтау кезінде есепті мерзім аралығында әзірленген құжаттар көшірмелерінің саны бөлек есептеледі.

Құжат айналымының жылдық көлемі құжаттама орнына қажетті қызметкерлер санын айқындауда, құрылымдық бөлімшелер мен жеке қызметкерлерге жүктелетін міндеттер көлемін анықтауда, ұйымдық және есептеу техникаларына қажеттілікті нақты белгілеуде, құжаттар қозғалысының неғұрлым тиімді және оңтайлы жүйесін таңдауда бастапқы негіз болып табылады.

Ұйым Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі «Мемлекеттік аппарат жұмысын жақсарту, төрешілдікпен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» № 427 Жарлығына сәйкес құжат айналымын қысқартуға байланысты тұрақты түрде шаралар қолданып отыруы тиіс. Осы мақсатқа орай құжат жіктеуіштер әзірленіп, құжат түрлерін бір ізге түсіру жұмыстары жүргізіледі, құжаттардың тұрпатты формалары мен трафареттік мәтіндері қолданылады.

Құжат айналымын қысқартуға ықпал ететін жәйттер мыналар:

1) құжаттарды сапалы жасау және дұрыс ресімдеу. Бұл құжатта көрсетілген жекелеген нұсқау, ережелерді түсіндіру туралы ұйымға жолданатын жазбаша сұраулардың кері ағынын тоқтатуға мейлінше ықпал жасайды;

2) құжаттың дер кезінде    орындалуын қамтамасыз ету. Бұл қосымша ескертпелерді, түсініктемелерді, рекламацияларды, наразылықтар мен өзге де жазбаша кіріс-шығыс қатынас хаттарын азайтуға септігін тигізеді;

3) түпкілікті емес және екінші кезектегі мәселелерді жедел түрде шешіп отыру есебінен құжаттар санын азайту;

4) іскерлік қажеттіліктерден тыс жасалатын бастамалық ішкі құжаттар мен сыртқа шығатын сондай құжаттар санын азайту;

5) құжаттарды өткізудің айқын жолға қойылған технологиясы;

6) құжаттардың орындалуын тиімділікпен бақылау;

7) құжаттар көшірмесінің жұмысқа қажетті қолайлы мөлшерін анықтау;

8) қағаз негіздегі құжаттар мен сол құжаттар бойынша электрондық нұсқалардың айналымда қатар жүруін болдырмау;

9) құжаттар көшірмелерінің физикалық көлемін кішірейту.

Электрондық құжат айналымы жүйесін іске қосу үшін мыналар қажет:

1) мәліметтерді компьютерлік өңдеудің бағдарламалық және техникалық құралдарын, электрондық құжат үлгілері мен электрондық почтаны басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану;

2) электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық құжат пен лауазымды тұлғаның қолы қойылған қағаз негіздегі құжаттың заңдық күші бір екенін мойындау;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаның сенімділігін ақпараттық жүйеде сол қолтаңбаның сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар болғанда ғана мойындау;

4) құжатты жүйеге ендіргеннен бастап іске салғанша үзіліссіз жұмыс істейтін технологияның болуы.

Кез келген ұйымның жұмысы іс құжаттары нысанында ұсынылған басқару құжаттарын өңдеумен байланысты. Алайда кәсіпорын қаншалықты ірі болса, оны тарату жолдары соншалықты бейберекет болуы мүмкін. Ұйымдағы құжаттың оны алғаннан немесе жасағаннан бастап орындалу аяқталғанға немесе кәсіпорыннан тысқа жөнелткенге дейінгі қозғалысы  құжат айналымы деп аталады.

Ұйымдағы құжат айналымы мыналардың арасындағы құжат ағыны түрінде іске асады:

1) ақпаратты талдайтын немесе шешім қабылдайтын адамдар арасында (кәсіпорынның немесе бөлімшелердің басшылары, мамандар және білікті қызметкерлер) және

2) кәсіпорындардағы құжаттарды техникалық жағынан өңдейтін адамдар арасында (басшының хатшысы, кеңсе, экспедиция, көбейту қызметі, мұрағат).

Құжаттар қандай кезеңдерден өтетініне қарай құжат айналымының үш негізгі ақпарат ағынын бөлеміз:

1. Ұйымға келіп түскен құжаттардың құжат ағыны (хат, шарт, жарнама хабарландырулар, ведомостволық өкім, нұсқаулықтар т.б.). Басшының хатшысы (кеңсе) өңдейтін келіп түскен құжаттардың көпшілік бөлігі басшының атына (сараптау бағасы бойынша кәсіпорынға келетін бүкіл құжаттың 85-90 пайызы), ал 10-15 пайызы басшының орынбасарының атына, құрылымдық бөлімшелер басшыларына және нақты орындаушыларға келеді.

2. Ішкі құжаттардың құжат ағыны, яғни ұйымның ішінде жасалып, бір бөлімшеден басқасына берілетін құжаттар (бұйрықтар, өкімдер, басшылықтың нұсқаулығы, қызметтік жазбалар және т.б.).

3. Жіберілетін құжаттардың  құжат ағыны – сыртқы әлемге жіберілетін ақпарат (хаттар және хаттарға жауаптар, шарттар, есептер, келісім-шарттар, баспасөз-релиздері т.б.).

Кәсіпорынның іс қағаздарын жүргізу қызметінің міндеті құжаттардың қозғалу барысында жоғалмай кезекті өңдеу пунктіне дер кезінде түсуін қамтамасыз ету. Басқару шешімдерінің дер кезінде және дұрыс қабылдануының өзі оның қозғалысының нақтылығына байланысты. Бұл міндет құжат айналымының көп жылдық тәжірибесі және құжат айналымы жүйесінің нормативтік құжаттарда белгіленген стандарттары негізінде жүзеге асады. Бұл Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі деп аталады.

Іс құжаттарының ағыны мол болатын ірі кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді және құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырумен арнайы бөлімше – кеңсе айналысады. Атқаратын жұмыстарының сипатына қарай кеңсе қызметкерлері екі санатқа бөлінеді: мамандар және техникалық орындаушылар.



Мамандар – бұл референттер, мұрағат меңгерушісі, редактор, корректор, экспедиция (тасымалдау) меңгерушісі және т.б.

Техникалық орындаушылар – бұл хатшы-стенографистер, іс қағаздарын жүргізушілер, экспедиторлар, курьерлер және т.б.

Кәсіпорын кеңсесі мынадай негізгі функцияларды орындайды:

1) құжаттарды қабылдау және тіркеу (есепке алу);

2) құжаттарды бөлу және оларды орындаушыларға жеткізу;

3) жіберілетін құжаттарды ресімдеу және жөнелту;

4) құжаттарды стенографиялау және басып шығару;

5) құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау;

6) істерді қалыптастыру және оларды мұрағатқа тапсыру;



7) мұрағаттағы құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және пайдалануды қамтамасыз ету.

1- тапсырма.Сәйкестендір.

графа

сенімді,шек келтірмейтін

доход

-еншілес кәсіпорын

гуманитарная помощь-

ізгілік көмек

дочернее предприятие

Пайда ,табыс

гриф

баған

докладная записка

құжаттану

достоверный

құжат ресімдеу

доставщик

сөзбе-сөз

досрочно

жеткізіп беруші

достижение

баяндау хат

дословно

мерзімінен бұрын

документирование

жетістік

документация

шарт

действенность

игілік

Дебитор

қолданылып жүрген зандар

договор

сенімхат

доверенность

борышкер, қарыздар

график

кесте

действующее законодательство-

белгі-мөр

достояние

пәрменділік

2- тапсырма Құжатты қабылдау,толтыру.

Кәсіби тәжірибені өткізу туралы

келісім шарт
Нұр-Сұлтан қ. «____» _______________2020 ж.

Бірінші тараптан, білім беру қызметтерін жүргізу құқығына ие, мемлекеттік лицензиясы 12022597 0162287, жұмыстарын Жарғы негізінде атқаратын, әрі қарай «Колледж» деп аталатын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледж» МКҚК, басшысы Малгельдинов С.Е, екінші тараптан жұмыстарын Жарғы негізінде атқаратын, әрі қарай «Кәсіпорын» деп аталатын _____________________________________________________________________________________________________ басшысы __________________________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

және үшінші тараптан, әрі қарай «білім алушы» деп аталатын, азамат (ша) ___________________________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

___________________________________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, келесілер туралы осы келісім шартын жасады:

І. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Білім беру мекемесі, 2017 жылы оқуға түскен білім алушыларға, ҚР БҒМ № 0162287 білім бағдарламасы бойынша 1201000 – Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы ,1201072 - Автокөлікті жөндеу слесарі біліктілігі бойынша білім беруді іске асырады.

1.2. Кәсіпорын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес, білім алушыны кәсіби тәжірибе базасымен қамтамасыз етеді.

1.3. Білім алушы өндірістік қызметтер мен міндеттердің білікті орындалуына мүмкіндік беретін басты және кәсіби біліктілікті алу мақсатында білім беру бағдарламасын меңгереді.



2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Білім беру мекемесінің міндеттері:

2.1.1. академиялық күнтізбеге сәйкес технологиялық тәжірибеден өту үшін, күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларын 1201000 – Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы, 120107 2 - Автокөлікті жөндеу слесарі біліктілігі бойынша кәсіпорынға жіберу.

2.1.2. білім алушыны осы Келісімшартта көрсетілген міндеттерімен және жауапкершіліктерімен таныстыру.

2.1.3. кәсіби тәжірибенің бағдарламасы мен кәсіби тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесін жасау және кәсіпорынмен келісу;

2.1.4. кәсіби тәжірибеге екі апта қалғанға дейін, кәсіпорынға келісу үшін бағдарламаны және білім алушылардың саны көрсетілген кәсіби тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесін жеткізу;

2.1.5. білім беру мекемесінің бұйрығымен, білім беру мекемесінің мамандықтарына сәйкес оқытушылар қатарынан тәжірибе жетекшілерін тағайындау;

2.1.6. осы кәсіпорынның жұмысшыларына міндетті еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін білім алушылардың сақтауын қамтамасыз ету;

2.1.7. білім беру бағдарламасына және академиялық күнтізбеге сәйкес, білім алушының кәсіби тәжірибеден өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылау жасау;

2.1.8. кәсіпорын қызметкерлеріне кәсіби тәжірибені ұйымдастыруына және өткізуіне әдістемелік көмек көрсету;

2.1.9. қажет болған жағдайда кәсіпорынға білім алушының оқудағы жетістіктері туралы мәліметтер беру;

2.1.10. білім алушының тәжірибеден өту барысында орын алған бақытсыз жағдайларды тергеуге қатысу;

2.1.11. білім беру мекемесі таратылған жағдайда немесе білім беру қызметтерін тоқтатқан жағдайда кәсіпорынды хабардар ету және білім алушыны оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру мекемесіне ауыстыру шараларын жасау;

2.1.12. тәжірибе базасы білім алушының тұратын жерінен алыс болса, білім алушыға тұрмыстық және басқа жағдайларын жасау мүмкіндігін қарастыру.



2.2. Білім беру мекемесінің құқықтары:

2.2.1. білім алушы өздігінен оқуға келмей қалған жағдайда, қайта оқу үшін орнында қалып қойғанда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген ережелерге сәйкес оқудан шығарылғанда Келісімшартты біржақты бұзуға құқылы.



2.3. Кәсіпорынның міндеттері:

2.3.1. жұмыс орнында білім алушыны қауіпсіз жұмыс жасау жағдайларымен қамтамасыз ету (техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқаулықтарды өткізу) және қажет болған жағдайда білім алушыны қауіпсіз еңбек ету әдістеріне үйрету;

2.3.2. бос орын бар болған жағдайда мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау үшін, білім беру гранты бойынша оқыған түлектердің кандидатурасын қарау;

2.3.3. білім алушыларды кәсіби тәжірибеден өткізу үшін білім беру мекемесіне академиялық күнтізбеге сәйкес бос жұмыс орындарының тізімін алып келу;

2.3.4. осы келісімшарт талаптарына сәйкес, білім алушыны жолдама бойынша кәсіби тәжірибеге келесі мамандықтардың бірі бойынша қабылдау: ағаш шебері, сылақшы, электромонтажник шәкірті, электрдәнекерлеуші шәкірті, сантехник;

2.3.5. жұмыс кәсіптері бойынша (ағаш шебері, сылақшы, электромонтажник шәкірті, электрдәнекерлеуші шәкірті, сантехник) тәжірибеге қабылданған білім алушыны өзге қызметтерге, тәжірибе бағдарламасында көрсетілмеген және білім алушының мамандығына қатысы жоқ жұмыстарға пайдалануға жол бермеу;

2.3.6. білім алушының бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтарда, зертханаларда, т.б.) кәсіби тәжірибесіне басшылық жасау үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету;

2.3.7. білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны туралы білім беру мекемесін хабардар етіп отыру;

2.3.8. білім алушының жұмыс орындарында кәсіби тәжірибе бағдарламасын орындауына жағдай жасау, білім алушының кәсіби тәжірибе бағдарламасын сәтті меңгеруі және олардың жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажет зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттамаларды пайдалану мүмкіндіктерін беру;

2.3.9. кәсіби тәжірибе біткеннен кейін білім алушыға жұмысы туралы мінездеме беру және тәжірибеден өту сапасына баға қою.



2.4. Кәсіпорынның құқықтары:

2.4.1. жаңа технологияларға және өндірістік үдеріс жағдайларының өзгеруіне сәйкес, кәсіби тәжірибенің білім бағдарламасын жасауға қатысуға;

2.4.2. кәсіпорынның талаптарына сәйкес курстық және диплом жұмыстарының тақырыптарын ұсынуға;

2.4.3. білім алушының қорытынды аттестациясына қатысуға;

2.4.4. білім алушының ағымдағы үлгерімі туралы ақпараттарды сұратуға;

2.4.5. білім беру мекемесінен білім алушыға, жұмыс берушінің күтілімдеріне сәйкес, сапалы білім беруін талап етуге құқылы.



2.5. Білім алушының міндеттері:

2.5.1 кәсіби тәжірибеден өтетін жерде кәсіпорын жұмысшылары үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігі ережелерін және өндіріс тәртіптерін сақтау;

2.5.2 кәсіпорыннның құрал-жабдықтарына, аспаптарына, құжаттамаларына және басқа мүліктеріне ұқыптылықпен қарау;

2.5.3. тәжірибе бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау;

2.5.4. тәжірибеден өтуге кәсіпорынға белгіленген мерзімде келу;

2.5.5. тәжірибеден өту барысында және ол аяқталғаннан кейін кәсіпорын туралы құпия ақпараттарды таратпау.


2.6. Білім алушының құқықтары:

2.6.1. кәсіпорын тағайындаған тәлімгердің келісімімен қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалануға, оқу мақсатында оқу қорын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, кітапхана мен оқу залдарының базасын, зертхана базаларын, компьютерлерді және басқа техникаларды еркін пайдалану;

2.6.2 кәсіби дайындықтан өту барысында денсаулыққа келтірілген зиянды өтету;

2.6.3 кәсіби дайындық аяқталғаннан кейін және қорытынды аттестациядан өткеннен кейін, бос орын бар болса алған біліктілігі бойынша жұмысын жалғастыру.



3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

3.1. Осы Келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда, немесе дұрыс орындамаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап береді.


4. ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ РЕТІ

4.1. Осы Келісімшартты орындау барысында орын алған ала ауыздықтар мен даулы мәселелер, өзара құптауға болатын шешімдерді қабылдау мақсатында, тікелей тараптардың қатысуымен шешіледі.

4.2. Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешілмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес шешіледі.
5. КЕЛІСІМШАРТ МЕРЗІМІ, ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ РЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

5.1. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ол толығымен орындалғанға дейін қолданылады.

5.2. Осы Келісімшарттың талаптары, тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертіледі және толықтырулар енгізіледі.

5.3. Осы Келісімшарт әрбір тарап үшін бір данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде, бірдей заңдық күшіне ие үш данада жасалады.

5.4. тараптардың заңдық мекен-жайлары және банк реквизиттері.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК

БЖН: 700840000014

БЖК HSBKKZKX

ИЖК: KZ1060101110005443

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Нұр-Сұлтан қ. Өндіріс ж.м, Ақжол көш. 30б

«Құрылыс – техникалық колледжі» МҚКМ директоры_________________Малгельдинов С.Е

( қолы)

« ____» _________ 2020 ж



КӘСІПОРЫН:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________

директоры______________ ________________

( қолы) (т.а.ә)

«____» ___________2020ж



Білім алушы_______________________________

(Т:А.Ә.)


__________________________________________

__________________________________________

(Жеке куәлігінің №)

__________________________________________

(Мекен-жайы)

__________________________________________






________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:

Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...