Бегімай: Онша үлкен болмаса көлемі
Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Ойын: «Хан талапай».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
Даяна: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Ханшайым:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Арсен: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Дос болайық бәріміз!»
Қорытындылау:Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
«Көк тудың желбірегені»хор
Достарыңызбен бөлісу: |