24.Әрекетпотенциалы, оның кезеңдері Жасушаның қозуы кезіндегі МП-дың осындай қысқа мерзімді өзгерісі – әрекет потенциалы (ӘП) деп аталады. Табалдырықты немесе табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштің әсерінен жасуша мембранасының өткізгіштігі иондар үшін әртүрлі дәрежеде өзгереді. Мысалы, Na+ иондары үшін 400-500 рет жоғарылайды, градиенті тез өседі, K+ иондары үшін 10-15 рет қана, ал оның градиенті баяу дамиды. Осының нәтижесінде, Na+ иондары жасуша ішіне кіреді де, K+ иондары сыртқа шығады, жасуша мембранасы бетінің зарядтары алмасады. Мембрананың сыртқы беті теріс, ішкі беті оң зарядталады. ӘП-ның құрамбөліктері немесе кезеңдері: жергілікті жауап (потенциал); 1) жоғары вольтті шыңдық (спайк) потенциал: а) деполяризация; б) реполяризация; Жасуша деполяризациясы Ек жеткенде, мембрананың өткізгіштігі Na иондарына күрт жоғарылайды – көп мөлшерде қосымша Na-каналдарының m-қақпалары ашылып, Na иондары жасуша ішіне лек-легімен кіреді. Осының нәтижесінде ӘП-ның келесі кезеңі – жоғарывольтті шыңдық (спайк) потенциал дамиды. Оның екі сатысы бар: 1) өрлеу бөлімі – деполяризация; 2) құлдырау бөлімі – реполяризация. Қозу кезіндегі Na+ иондарының көп мөлшерде жасуша ішіне енуі, мембрана потенциалының өзгерісіне келтіреді. Жасушаға Na+иондары қанша көп енсе, сонша көп белсендіруші қақпалар ашылып, мебрананың деполяризациясы сонша жоғары деңгейде болады. 1мс ішінде ашық бір Na+- каналы арқылы 6 мыңға жуық иондар өтеді. Осы кезде біртіндеп мембрана заряды ауысады (ішкі жағы – оң, сырты – теріс). 2) Іздік потенциалдар: а) теріс іздік потенциал; б) оң іздік потенциал. Реполяризацияның аяқталуы кезінде жасуша мембранасында іздік потенциалдар (оң және теріс) пайда болады. Жасуша мембранасындағы теріс іздік потенциал кезінде, Na+иондары үшін мембрананың өтімділігі күшейеді де, реполяризация тежеліп, іздік деполяризация байқалады. Ал оң іздік потенциал кезінде, Na+/ K+ -тартқышы қызметі мен К+ иондарының жасушадан көбірек шығуы нәтижесінде мембранада іздік гиперполяризация дамиды. Біртіндеп мембрананың өтімділігі бастапқы қалпына қайтып келеді (натрий хәне калий қақпалары да бастапқы жағдайына қайтады), ал МП жасушаның қозуға дейінгі қалыпты деңгейінде болады.