23.Вегетативті жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері.
Вегетативтік жүйкелер эфференттік жүйелер;
эффекторлы (қозғалғыш) нейрондар вегетативті жүйке өрімдерінің тораптарында (орталық жүйке жүйесінің шегінен тыс) орналасқан;
мидан органдарға дейін екінейронды эфферентті жүйке жолы;
Қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне қарағанда төмен, және қозу өте баяу өтеді.
1. Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегетативтік жүйкелер ішінде 10%- тей афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза қабылдағыштарынан орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер). 2. Вегатативтік жүйке жүйесінің қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне (С ЖЖ) қарағанда әлдекайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы - 3-8, ал СЖЖ хронаксиясы - 0,04 0,75 с. ВЖЖ-нің лабилдігі - 10-15 гц, ал СЖИК-де 1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезен ВЖЖ-де өте ұзақ. 3. ВЖЖ талшыктары аркылы козу өте баяу өтеді. "В" тобына жататын миелиндi талшыктарынын козу өткізу жылдамдығы секундна 3-18 мс, ал миелинсiз талшыктар "С" тобын құрады, олардын қозу өткізу жылдамдығы 0,5-3 мс 4. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстык қоздыру потенциалы ұзаққа созылмайды (50-80 мс). Денелiк жүйке жүйесінде потенциал 15- 20 мс-тай. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперполяризация фазасы өте созылыңқы келеді ( 300-1000 мс). 5. Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу: біріншіден, жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден, түйіспелерде меднатор жәй бөлінеді және холиностеразаның белсенділігі төмен болғандықтан келесі қозу кеш туады. 6. Вегетативтік жүйке талшықтарының үшынан медиаторлар - ацеилхолин не адреналин болінеді. Медиатордың түріне қарай вегетанитки жүйкелер холинергиялық (ацетилхолин бөлетін) және адренер- нлқ (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топка бөлінеді. Хоинергиялық жүйкелер тобына: 1) парасимпатикалық және симпати- калық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер; 3) симпатикалык постганглийлік тер бездерінің жүйкелері қатады, Адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық постганлийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық посттанглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергиялық жүйкелер саны дренергиялық жүйке- лер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер үшынан мүлде басқа медиаторлар (серотонин, гистамин, АҮФ, ГАМҚ б.) бөлінуі мүмкін.