22.Бұлшық еттің жиырылуының түрлері. Бұлшық еттің жиырылу механизмі.
Қалыпты жағдайда бұлшық ет жұлынның вентральдық мүйізінде немесе ми жүйкелері ядросында орналасқан қозғағыш нейрондардан келген импульстердің әсерімен қозады. Жүйке талшықтары тармақталу дәрежесіне қарай не көп, не аз ет талшықтарымен түйіседі. Мотонейрон, оның ұзын өсіндісі (аксон) және осы аксонмен түйісетін ет талшықтарының тобы әрекет бірлестігі немесе нейромоторлық бірлестік деп аталады. Бұлшықет неғүрлым кушті маманданса, соғұрлым нейромоторлық бірлестікке енетін ет талшықтарының саны аз болады. Кіші әрекет бірлестігінің құрамына бар болғаны 3 — 5 ет талшығы енсе (мысалы, көз алмасы-ет- тері), үлкен әрекет бірлестігі құрамында (тұлға мен аяқ еттері) бірнеше мың талшық болады. Әрекет бірлестігі тек оның құрамына енетін ет талшықтарының санымен ғана емес, нейрондар мөлшерімен де ерекшеленеді. Үлкен әрекет бірлестігі құрамына жуан аксонды ірі нейрон кіреді. Нейромоторлық бірлестік біртұтас жүйе ретінде қызмет атқарады, ет талшықтары мотонейрондардан келген импульстер әсерімен іске қосылады.
Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекетті болып бөлінеді. Шапшаң әрекетті немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық тор жақсы Дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Олардың түсі ақ, талшықтары ірі және ұзынырақ құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады. Мұндай талшықтар қан тамырларымен нашар жабдықталады, жиырылған соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Баяу әре- кетті, немесе тонустық талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары, құрамында миоглобин көп, гликоген аз. Шапшаң әрекетті еттер белгілі мерзім ішінде АТ.Ф-ті көп шығындайды жэне тонустық жиырылу кезінде қуатты аз үнемдейді. Осыған байланысты статикалық жұмыс атқарғанда (мысалы, дененің кеңістіктегі жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу эрекетті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл үшін баяу әрекетті ақ тал- шықтарды пайдаланады. Алғашқы жағдайда бұлшық ет қажетті қуатпен тотығу процесінің жоғарылауы жэне липидтер алмасуының күшеюі арқылы қамтамасыз етіледі. Ал, шапшаң, бірақ қарқынды қимыл әрекет кезінде аэробты гликоге-нолиз барысында босаған қуат пайдаланылады
Бұлшық ет жиырылуының: изотониялық, изометриялық жэне ауксотони-ялық деген үш түрі болады. Изотониялъщ (грек тілінде isos — бірдей, тең, tonos — ширығу, деген мағына береді) жиырылу (ширықпай жиыры- лу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзын- дығы қысқарады. Тэжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшау- ланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.
Изометриялық жиырылу (грек тілінде isos — бірдей, mews — өлшем) жағдайында бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады (қысқармай жиырылу). Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.
Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді. Денеде бүлшық еттің екі үшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе кереғар еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, эрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады әрі қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |