21-билет Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі


Қиял туралы түсінік, оның түрлері: ырықты қиял, ырықсыз қиял. Қиялдың жасалу жолдары: аглютинация, гипербола, типтік образ жасау



бет2/3
Дата09.06.2022
өлшемі16.99 Kb.
#267297
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
21билет
«Жариялық» және «қайта құру» кезеңіндегі Қазақстан Орындаған Джанзакова Б., «Жариялық» және «қайта құру» кезеңіндегі Қазақстан Орындаған Джанзакова Б., АКТ 2 апта үй тапсырмасы, температура, География 14-20 сливтар, срсп физика, Махсут Нурила ФКО-102.тарих-СӨЖ 9, Антибиотикопрофилактика, 7 ҚҰПИЯ, Гоха 160-179
Қиял туралы түсінік, оның түрлері: ырықты қиял, ырықсыз қиял. Қиялдың жасалу жолдары: аглютинация, гипербола, типтік образ жасау.

Қиял – нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
Пассивті (ырықсыз) қиял – қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қиынсыз шым-шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда – сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі – ырықты (активті) қиял. Активті қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырдың жолдары бар. Олар – қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез əдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тəсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы əдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады. Агглютинация əдісі ежелгі Мысыр елінде, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын əдістердің бірі – гипербола.
Гипербола деп нəрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мəнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп колданылады.
Мысалы: «7 басты (жылан) айдаһар». Кеміте көрсету «бармақтай бала».
Қиял образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз – түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру