2022 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында «Мен Оффлайн» акциясының жоспарына сәйкес 5-9 сыныптар аралығында «Мен offline» тақырыбында эссе байқауы өтті



Дата11.04.2022
өлшемі224.26 Kb.
#220386
Байланысты:
офлайн эссе
Бала мінез-құлқының бұзылу себептері, сыбайлас хаттама

Хабарлама
2022 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында «Мен Оффлайн» акциясының жоспарына сәйкес 5-9 сыныптар аралығында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Мақсаты : Бір күн болса да компьютерден балалардың көңілін бөлу. Интернетке тәуелділіктің алдын алу, және кәмелетке толмаған жастардың интернет белсенділігін бақылауға қатысты интернет қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернетті пайдалану мәдениетін артыру.

Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...

Дегенмен, әр нәрсенің шегі болу керек. Бұл сөздер ғаламторға да қатысты. Себебі бір нәрсе іздеп отырып, басқасын көзін шалып қалып, қызықтың жетегіне еріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Ал сол уақытты отбасыңмен немесе достарыңмен өткізіп, пайдалы іспен айналысуға болады. Қазір байқасаңыз жиын – тойларда, достардың кездесуінде жастар бір – бірімен сөйлесіп, әңгімелесудің орнына телефондарына үңіліп отырады. Бұл да ғаламтордың кері әсері деп білемін. Сондықтан ғаламторды тек қажетті уақытында пайдаланып, бос уақытты өзіңізге, отбасыңызға арнаған дұрыс деп есептеймін. Себебі айналаға қарасаңыз қызықты істер жетерлік: отбасылық кештер, таза ауада серуендеу, достармен кездесу, түрлі ойындар, жиындар, концерттер... Бір күнді ғаламторсыз, яғни оффлайн өткізіп байқап көріңіз.




Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Р.Е.Мәжитова

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан