2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата14.09.2022
өлшемі1.01 Mb.
#290154
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
17. ӘНХ Көркем еңбек

3.5 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру 
Отбасы мен мектептің өзара байланысы 
Отбасы мен мектептің педагогикалық өзара әрекеттесуінің мақсаты – 
баланың жайлы, қуанышты, бақытты өміріне, оның жеке басының дамуына 
жағдай жасау. 
Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің мәні ең алдымен: 
- отбасындағы тәрбие жағдайларын зерттеу; 
- ата-аналармен жеке және топтық жұмыс жүргізу; 
тақырыптық ата-аналар жиналыстары
- ата-аналарды оқудан тыс қызықты, мазмұнды іс-шараларды


55 
ұйымдастыруға тарту; 
- баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау. 
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы білім алушының электрондық
күнделігі, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, әңгімелесу, жеке 
консультациялар, сынып ата-аналар жиналысы, ашық сабақтар, ашық есік 
күндері, сыныптан тыс іс-шаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер, 
экскурсиялар, сапарлар, саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін 
ресімдеу (суреттер, аппликациялар) және т. б. арқылы жүзеге асырылады. 
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар: 
- Ата-аналар жиналысында балалардың оқудағы қателіктері мен
сәтсіздіктерін емес, ата-аналарды сындарлы және ағарту жұмыстарын жүргізу 
керек. 
- Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы 
тиіс. 
- Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек:
жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б. 
- Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен немесе айыптаумен 
айналыспауы тиіс. 
Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру 
Қамқоршылық кеңестің мақсаттары: 
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды 
орындау; 
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті 
жағдайлар жасау; 
білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық-
техникалық базаны нығайту; 
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу. 
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген 
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру 
ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі. 
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар 
комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік 
органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл 
жасайды. 
«Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: қызмет ету ерекшеліктері» 
тақырыбында әзірленген әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясының сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz). 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде