№
|
Іс – шаралар атауы
|
Бағасы (балл бойынша )
|
Толық орындалуы - 1
|
Жартылай орындалуы - 0,5
|
Толық
орындалмауы
- 0
|
1
|
Қарым- қатынас орнату дағдысын қолдана отырып: пациентпен сәлемдесу; өзін таныстыру, рөлін атап өту; пациентпен танысу немесе пациенттің аты-жөнін айту; көзбен байланыс жасау; пациент үшін қолайлы ара қашықтық сақтау; пациенттің қал-жағдайын білу; медициналық құжатты алу; пациенттен аты-жөнін сұрап, тағайындау парағымен салыстыру; оған майлы клизманы жасалуы қажет екенін хабарлау; бұрын осы процедураны жасалдыма соны сұрау; пациентке процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз , болатын жағымсыз сезімдер туралы ескерту; осы манипуляцияны жүргізуге келісімін сұрау, ақпараттық келісім алу.
|
|
|
|
2
|
Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, , кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз, пациентті кермемен қоршаңыз. Түсіндіру дағдыларын қолдана отырып, пациентті сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.
|
|
|
|
3
|
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киініз.
|
|
|
|
4
|
Бикстан жел шығаратын түтікті алып лотокқа салу. «Су» моншасында t0 - 38 0C дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприңіне сорып алып лотокқа саламыз. Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.
|
|
|
|
5
|
Анальды тесік аумағын қарсы көрсетілімдердің болуына қарап шығыңыз. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз. Түсіндіру дағдыларын қолдана отырып, сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
|
|
|
|
6
|
Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприңіне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз. Жел шығаратын түтіктің сыртқы үшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.
|
|
|
|
7
|
Жане шприціне немесе алмүрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.
|
|
|
|
8
|
Түсіндіру дағдыларын қолдана отырып , пациентке ыңғайлы жағдай жасап, жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. Алдынан артқы бағытқа қарай теріні дәкемен сүртіңіз. (шат аралықтан тік аналь тесігіне қарай) .
|
|
|
|
9
|
Пациентке ынғайлы жағдай жасап және терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде дене жағдайын өзгертіуін сұраңыз.
|
|
|
|
10
|
Қолғапты, масканы, дәкелерді арнайы контейнерге тастаңыз. Қолды жуып,құрғатыңыз.
Пациенттің жағдайын сұрап, қоштасу.Қарым – қатынасты тоқтату.
|
|
|
|
|
|