Коммуникативті дағдылармен бірге машықтану шараларын орындау біліктілігін бағалау чек парағы
Студенттің аты-жөні _____________________________________________̥̥_______
Топ __________________________________________________________________
Мамандығы ____________________________________________________________
Станция нөмірі _________________________________________________________
Сифондық клизмасын қою технологиясы
№
|
Іс – шаралар атауы
|
Бағасы (балл бойынша )
|
Толық орындалуы - 1
|
Жартылай орындалуы - 0,5
|
Толық
орындалмауы
- 0
|
1
|
Қарым- қатынас орнату дағдысын қолдана отырып: пациентпен сәлемдесу; өзін таныстыру, рөлін атап өту; пациентпен танысу немесе пациенттің аты-жөнін айту.; көзбен байланыс жасау; пациент үшін қолайлы ара қашықтық сақтау.пациенттің қал-жағдайын білу; медициналық құжатты алу ; пациенттен аты-жөнін сұрап, тағайындау парағымен салыстыру; оған тазарту клизмасын жасалуы туралы хабарлау; бұрын осы процедураны жасалдыма соны сұрау; пациентке процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз , болатын жағымсыз сезімдер туралы ескерту; осы манипуляцияны жүргізуге келісімін сұрау, ақпараттық келісім алу.
|
|
|
|
2
|
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
|
|
|
|
3
|
Кушетка үстіне клеенканы төсеп легенге қарай салбыратыңыз,оның үстінен жайманы жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін легенді қойыңыз. Пациентті шымылдықпен оңашалаңыз.
|
|
|
|
4
|
Түсіндіру дағдысын қолдана отырып, пациентке ыңғайлы жағдай жасап, кушетканың шетіне пациентті сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек. Анальды тесік аумағын қарсы көрсетілімдердің болуына қарап шығыңыз. Жүйені дайындаңыз. Зондтың саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
|
|
|
|
5
|
Түсіндіру дағдысын қолдана отырып, сол қолдың І және II саусақтарымен бөксесін ашып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен зондтың саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.
|
|
|
|
6
|
Шұңғыманы зондқа жалғастырыңыз, шұңғыманы еңкейткен қалыпта пациенттің бөксе деңгейінде ұстаңыз.Дайындаған шұңғыманы 1 литр сумен толтырыңыз.
Түсіндіру дағдысын қолдана отырып, шұңғыманың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), шұңғыманы жаймен жоғары көтеріңіз.
|
|
|
|
7
|
Шұңғыманы кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, оймышты қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты легенге құйыңыз.
|
|
|
|
8
|
Түсіндіру дағдысын қолдана отырып, шұңғыманы қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.Шұңғыманы шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын легенге 10-20 минутка салып койыңыз. Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, зондты ептеп шығарып алыңыз.Анус тесігі айналасын тазартыңыз.
|
|
|
|
9
|
Сифон клизмасына арналған жүйені зарарсыздандыру ерітіндісіне салып қойыңыз.
|
|
|
|
10
|
Қолғапты шешіңіз , алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Пациенттің жағдайын сұрап, қоштасу.Қарым – қатынасты тоқтату.
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |