№
|
Іс – шаралар атауы
|
Бағасы (балл бойынша )
|
Толық орындалуы - 1
|
Жартылай орындалуы - 0,5
|
Толық
орындалмауы
- 0
|
1
|
Қарым- қатынас орнату дағдысын қолдана отырып: пациентпен сәлемдесу; өзін таныстыру, рөлін атап өту; пациенттің өзін қалай сезінуін анықтау ; тағайындау парағымен салыстыра отырып пациенттің аты, жөнін, тегін сұрастыру ; пациентке алда тұрған іс- шараның мақсаты мен орындау барысын түсіндіру және келісімін алу.
|
|
|
|
2
|
Маска киіп, қолды сабынды сумен жуып, құрғатып, тері антисептигімен өңдеп, стерильді қолғапты кию;
|
|
|
|
3
|
Флакондағы инсулиннің сапасына бақылау жүргізу,яғни 1мл ерітіндіде қанша Б инсулин болуын анықтау. Инсулиннің белгісін және шприцті ұқыптап тексеру. Шприцтің бір бөлшегінде ерітіндінің концентрациясына байланысты қанша бірлік инсулин болатынын нақты есептеп алу.
|
|
|
|
4
|
Инсулин флаконын жылы суда 360- 370 С дейін жылытады.Қораптағы инсулин шприцін алыңыз. Жарамдылық мерзімін, қораптың бүтіндігін тексеру. Қорапты ашып, шприцті жинау.
|
|
|
|
5
|
Пинцетпен флаконның темір қақпақшасын ашу.Флаконның резеңке қақпақшасын спиртті мақтамен екі рет өңдеу. Флаконды шеткері қойып, спирттің құрғап кебуін тосу. Қолға инсулин шприцін алу, қанша мөлшерде инсулин қажет, сонша мөлшерге дейін поршенді кері тартып, ауа сорып алу.Сорылған ауа мөлшері қажет инсулин мөлшеріне тең болады. Сорып алынған ауаны инсулин флаконына енгізу.
|
|
|
|
6
|
Пациенттің кушеткаға жатуын немесе отыруын ұсыныңыз.Пациентке ыңғайлы болуына назар аударыңыз. Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен ылғалданған мақта шаригімен екі рет өңдеңіз: алдымен үлкен алаң, екінші рет- кіші алаңды. Терінің құрғап, кебуін тосыңыз.
|
|
|
|
7
|
Шприцті оң қолыңызға алыңыз. Терінің өңделген жерін сол қолдың І және ІІ саусақтарымен жинап ұстаңыз, үшбұрыш пайда болады. Ақпараттандыру, түсіндіру дағдыларын және пациентке эмпатия элементтерін қолдана отырып жылдам қимылмен 300– 450 бұрышта ұстай отырып тері асты май қабатына иненің 2/3 бөлігін үшбұрыштың негізіне енгізіңіз,иненің саңылауы жоғары қарап тұруы керек. Сол қолыңызды босатыңыз.Иненің қан тамырына түспегеніне назар аудара отырып, инсулинді баяу қимылмен енгізіңіз.
|
|
|
|
8
|
Инені теріден тез суырып алыңыз, инъекция орнына құрғақ мақта шаригін орналастырыңыз.
|
|
|
|
9
|
Шприцті инесімен бірге және мақта шариктерін ҚЖҚ салыңыз(инеге қалпақшасын кигізуге болмайды). Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
|
|
10
|
Орындалған іс- шара жайында медициналық құжаттарға тіркеңіз.20-30 минуттан кейін тамақтануы керек екендігі ескертіледі. Ақпараттандыру, түсіндіру, кері байланыс , жоспарлау және жинақтау дағдыларын қолдана отырып пациентпен қоштасады. Қарым қатынас аяқталады.
|
|
|
|
|
|