2016 – 2017 ОҚу жылындағы облыстық олимпиада географиядан теориялық тур тапсырмалары

Loading...


Дата10.02.2020
өлшемі22.41 Kb.



2016 – 2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ

9 СЫНЫП

Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут



  1. Келесідей ұғымдарға анықтама беріңіз: цирк, рельеф, дренаж, аккрекция, целлюлоза. (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан.) Барлығы 10 ұпай.




  1. «Менің өңірімдегі туризмнің дамуы» атты тақырыпқа эссе жазыңыз. (10 ұпай).




  1. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.)

1. Сулы ортада белсенді қозғала алмайтын теңіз суындағы микроорганизмдердің жиынтығы

А. нектон

В. планктон

С. бентос

D. балықтар

Е. теңіз өсімдіктері

2. Нұра өзені қандай көлге құяды?

А. Теңіз

В. Шалқар

С. Балқаш

D. Арал теңізі

Е. Каспий теңізі

3. Мақта мен картоптың отаны

А. Африка, Эфиопия қыраты

В. Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізінің жағалауы

С. Орталық Азия, Әмудария және Сырдария өзендерінің атырауы

D. Оңтүстік-Шығыс Азия

Е. Оңтүстік Америка, Анд таулары

4. Аталған өзендердің қайсысы толығымен Қазақстан аумағында орналасқан

А. Ішім

В. Шу


С. Іле

D. Тобыл


Е. Нұра

5. Қазақстан географиясы бойынша алғашқы ғылыми еңбек «Орынбор топографиясының» авторы

A. С.У. Ремезов

B. П.И. Рычков

C.И.И. Лепехин

D. П.С. Паллас

E. Ш.Ш. Уалиханов

6. Қазақстанда жақында салынған суқойма

А. Шардара

В. Көксарай

С. Кеңгір

D. Сергеев

Е. Бөген

7. Жиынтық күн радиациясы

А. Күннің бетінен Жер бетіне тік түсетін күн радиациясы

В. тік және шашыранды күн радиациясының жиынтығы

С. атмосферада шағылған күн радиациясы

D. шашыранды күн радиациясы

Е. ондай түсінік жоқ

8. Ең ұсақ масштабты көрсетіңіз

А. 1:500

В. 1:50 000

С. 1: 25 000

D. 1: 100 000

Е. 1: 5 000 000

9. Бразилиа және Гвиана таулы қыраттарының өзендеріне тән:

A. Шоңғалдар мен сарқырамалардың болуы

B. Қату


C. Қыста су деңгейінің көтерілуі

D. Суалып қалу (тартылу)

E. Шоңғалдар мен сарқырамалардың болмауы

10. Каспий теңізінің орташа тұздылығы, ‰

A. 2

B. 8


C. 12

D. 20


E. 28

11. Дүние жүзінің екінші биік шыңы (8611 м)


A. Канченджанга

B. Чогори

C. Дхаулагири

D. Аннапурна

E. Макалу


12. Ұлы Каньон қандай өзенде орналасқан

А. Колорадо

В. Миссисипи

С. Шарын


D. Амазонка

Е. Ніл


13. Бұл дақылдың отаны Эфиопия, бірақ ол Оңтүстік Америкада үлкен сұранысқа ие болды. Дақылды атаңыз.

А. какао


В. шай

С. апельсин

D. кофе

Е. лимон


14. Гавай аралдарында қайтыс болған саяхатшыны атаңыз

А. Х.Колумб

В. Миклухо-Маклай

С. Р.Пири

D. Ф.Магеллан

Е. Дж.Кук

15. Азияның қандай аймағына өзендердің гидрологиялық режимінің муссондық типі тән.

А. Кіші Азия

В. Иран таулы қыраты

С. Аравия түбегі

D. Үндістан түбегі

Е. Малай архипелагы

16. Альпідегі фён желі қай бағытта соғады?

А. Таулардан жазықтарға қарай

В. Тау мұздықтарының бойымен

С. Көлдерден тауларға қарай

D. Тау мұздықтарына қарама-қарсы

Е. фён желі Альпіде соқпайды

17. Том Сойер мен Геклькберри Финнің хикаялары қандай ірі өзенде болды?

А. Миссисипи

В. Маккензи

С. Колорадо

D. Рио-Гранде

Е. Юкон


18. Австралия материгінің алғашқы атауы қандай болды?

А. Жаңа Бавария

В. Жаңа Голландия

С. Жаңа Португалия

D. Жаңа Англия

Е. Жаңа Земля

19. Аталған вулкандардың ішінен Жер бетіндегі ең биік вулканды атаңыз, егер етегінен шыңына дейін есептесе биіктігі 9 км-ден астам.

А. Тахумулько

В. Фату-Хива

С. Мауна-Кеа

D. Тахуата

Е. Кракатау

20. 1469 жылы Афанасий Никитин Үндістанға Үнді мұхитының қандай теңізі арқылы жүзіп келді?

А. Андаман

В. Араб

С. Қызыл


D.Арафур

Е. Жерорта

21. Үнді мұхитының солтүстік бөлігі оңтүстік бөлігіне қарағанда тұщырақ, не себепті?

А. Мұнда антарктикалық айсбергтер ериді

В. Мұнда суы мол өзендер құяды

С. Мұнда үнемі жаңбыр жауады

D. Мұнда булану мөлшері аз

Е. Мұнда булану мөлшері жоғары

22 . Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі жойқын тропиктік құйындар қалай аталады?

А. Цунами

В. Торнадо

С. Тайфун

D. Муссон

Е. Пассат

23. Еуропадағы мұздану аумағы үлкен тау жүйесі

А. Альпі


В. Пиреней

С. Орал


D. Скандинавия

Е. Кавказ

24. Оңтүстік Америкада Экваторлық Анд тауларында 4000 метр биіктіктегі биік таулы шалғындар қалай аталады?

А. жайлау

В. пуна

С. тераи


D. пампа

Е. парамос

25. Оңтүстік Американың қандай ландшафттарына баобабтар тән

А. Гилеялар

В. Ылғалды саванналар

С. Шөлденген саванналар

D. Пампа

Е. Ешқайсысына

26. Сауыр жотасының биіктігі (м):

A. 3134.


B. 4506.

C. 6995.


D. 5556.

E. 3816.


27. Шеткі нүктелері барлық төрт жарты шарда орналасқан материк

A. Африка

B. Оңтүстік Америка

C. Солтүстік Америка

D. Евразия

Е. Австралия

28. Қазақстанның қай жерінде мангр ормандары өседі?

А. Каспий маңы

В. Арал маңы

С. Балқаш маңы

D. Қорғалжын көлі

Е. Еш жерде

29. Оңтүстік - Торғай алабының ең ірі мұнай-газ кен орындары:
А. Қашаған
В. Кеңқияқ
С. Теңіз
D. Құмкөл
Е) Қаламқас

30. Көмір өнеркәсібі базасы негізінде құрылған Орталық Қазақстанның аумақтық өндірістік кешені:


A) Өскемен
В) Маңғыстау
С) Павлодар-Екібастұз
D) Қарағанды-Теміртау
Е) Қаратау - Тараз

БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...