2 Негізгі бөлім 1 Элитаның түсінігі мен қызметі

Loading...


Дата09.04.2020
өлшемі26.79 Kb.
Жоспар

1 Кіріспе

2 Негізгі бөлім

2.1 Элитаның түсінігі мен қызметі

2.2 Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі

2.3 Моска мен Парето зерттеулеріндегі саяси элитаның

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси элита “Элита” термині сөзінен француздың “еlite” деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.



Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды.

Гаэтано Моска (1854—1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

Ал элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді.

\

Негізгі бөлім



Элита теориясы - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Эрих Фромм, Г.Лассуэлл) әрбір адамның психологиялық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық теорияларда (Дж.Бернхэм, Дж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады

Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр. Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді. Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болдетініңы. “Алаш” қозғалысының бағдарламасын құрамында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Е.Омаров, Е.Тұрмұхаметов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов бар ұйытқы топ жазып, “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 21 қарашасындағы 251-нөмірінде жариялады. Нақ осы ұйытқы топтың санатынан қозғалыстың орталық комитеті сайланып, төменгі буындағы органдары құрылды. Егер “Алаш” қозғалысының пайда болуы патша өкметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті ұйымдастыру қажеттігіне әрі сахарадағы әлеуметтік қарым-қатынастарды өзгерту талабына байланысты дейтін болсақ, онда бұл, шын мәнінде, Қазақстанның ұлттық, патриоттық көңіл-күйдегі саяси элитасының алғашқы адымы ретінде бағалануға тиіс. Қалыптасқан мұрат пен мүдденің өзі сол кезеңнің элитасы аңсар тұтқан және қозғалыс бағдарламасында бекітілген саяси құндылықтардан айқын көрінеді. Онда тең құқылық (“дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан,адамдар тең құқылы...”); жеке басқа тиіспеушілік (“мемлекет шенеуліктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды...”); тұрғын үйге тиіспеушілік (“мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз кімнің болса да үйіне кіре алмайды... ”)кінәсіздік презумпциясы (“соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды...”) сөз, ождан бостандығы(“жиналыстар өткізу,бірлестіктер құру,сөз сойлеу, газеттер шығару, кітаптар басу бостандығы”) тәрізді демократиялық құндылықтар көрініс тапқан. Көріп отырғанымыздай, XX ғасыр басында қазақтың саяси элитасының басшылыққа алған мұраттары демократиялығымен, ұлттық-саяси мәселелерді жоғары ізгілік еремен түйсіне білгендігімен ерекшеленеді. Ал, ұлттық мүдделерге заңдық-құқықтық пішім бітіріп, бұқараны күрестің ұйымдық, партиялық пішімі деңгейіне дейін көтеру, халықтың саяси тұрғыдан оқытып-үйрету істері сол дәуірдің талаптарына жауап бере алатын саяси элитаның болғандығын дәлелдейді. “Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымы: - шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы) /2/ - жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар /3/ - билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді /4/ Бұл анықтамалардың қай-қайсысында билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік , өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған. “Саяси элита” ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды. Кез-келген қоғамдағы саяси элита қалай қалыптасады? Саяси элитаның құрамына кім кіреді? Саяси элита қандай қызмет атқарады? Саяси элитаның қызметіне азаматтық қоғам тарапынан бақылау орнатудың қандай тәсілдері бар? Осы сауалдар төңірегінде зерттеу жүргізу белгілі бір шамада саяси элиталардың қызмет атқару ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Элиталардың мемлекеттік саясатты жүргізудегі айқындаушы рөл атқару мүмкіндіктерін саясаттанушылар олардың негізгі өндірістік құралдарды, қоғамды басқарудың саяси тетіктерін иеленген үстемдік етуші таптың еркін білдіріп, елеулі дәрежеде қалыптастырумен, іске асыруымен байланыстырады /5/. Саяси элитаның өзі қалай қалыптасады? Моска оның сапына енетін жеке тұлғалар өздері өмір сүріп жатқан қоғамды ардақ тұтып, аса қастерлейтін белгілі бір қаделі қасиеттерді иеленуге тиіс деп пайымдайды. Бұл қасиеттер тарихи дәуірлерге орай өзгеріп отырады. Заманауи жағдайларда саяси элитаны қалыптастырудың кейбір өзіндік ерекшеліктері бар, олар қоғамдағы саяси, экономикалық қарым-қатынастардың сипатымен айқындалады.

2.1 Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртка ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге койылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тұр кеңтараған.

Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып саналады.

Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның ар- тықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.

Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэффициентін” шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді кабылдаушыларды айтады. Олардың катарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялык немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашык және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.

Индия саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары кызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар. Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере койған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекетгік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.

Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылык. Олар қаржы-каражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді.

Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол “сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көп партиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.

Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін аза

2.2 Моска мен Парето зерттеулері



Моска мен Парето қойған “элитаның жаңару және ауысу үрдісі қалай жүреді, элита қаншалықты демократияшыл, яғни басқару функциясын табысты атқару қабілеті танылған жаңа адамдардың оған кіруіне жол ашық па?” деген сауалдардың да мәні зор. Элитаның өзі бірегей мүдделері бар біртұтас топ ретінде қарастырылмайтындығын айтуға тиіспіз. Элитаның ішінде де өзара бәсекеге түскен әрқилы топтардың барын байқауға болады. Ең абзалы, лидер басымдыққа жеткен элиталық топтың, немесе қандай да бір саяси топтың мүддесін қорғауға тиіс емес, оның міндеті- бәсекелесуші элиталар үшін тепе-тең жағдай орнықтыру. Әдетте, саяси лидерлер өзі шыққан топтағы белгілі бір саяси элитаның мүддесін қуаттайтын элитадан жоғары тұратын билік мәртебесін иеленеді. Моска саяси топты нығайтып, жаңартатын үш тәсілді: мұралауды, сайлауды және кооптацияны атап көрсете отырып, солардың ішінен тек біріншісіне ғана назар аударады. Бір жағынан, “де-юре” болмаса, “де- факто” деген сыңаймен элитаның бәрі мұрагерлікті қолай көреді. Осы тенденциялардың қайсысы басым түсетіндігіне байланысты саяси топ не “жабылып” қалады, не азды-көпті жаңару жолына түседі. Моска алғашқы тенденцияны-аристократтық, екіншісін- демократиялық деп қарастырады. Сөйтіп, аристократиялық және демократиялық тенденциялар теңдігі тән болатын қоғам түріне іш тартады. Парето ұсынған сұлба көпшілікке онша белгілі емес (ол қарауындағыларды бағындыру үшін негізінен материалдық күшті пайдаланатын үкіметті, және де негізінен қулық пен өнерді пайдаланатын үкіметті бөліп қарауды ұсынады.) Р.Михельс “олигархияның темірдей заңы”басымдыққа ие тапсыз бірде-бір қоғамның өмір сүре алмайтындығын түсіндірді. Г.Моска басқарылатын әлдебір ұйымдасқан көпшіліктің және басқаратын әлдебір ұйымдасқан азшылықтың болатындыңына ден қойды. Элитаның заманауи тұжырымдамаларындағы басым бағыт институционалдық тәсіл болып табылады. Айқындаушы бағыты-елеулі салдарлары бар шешімдер қабылдау мүмкіндігі. Элитаның институционалдық түсінігінің бірінші артықшылығы оның эмпирикалық сәйкестендірудің ұсынықты базасын беретіндігінде. Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Осыған орай элита топтары: (басқарушы да, оппозицияда жүргендерді де), экономикалық және әскери болып бөлінеді. Ақпараттандырылған қоғамда масс-медиа мен ғылыми, академиялық элита айырықша орын алады. Элитаны институционалдық түсінудің екінші артықшылығы оның мәселеге қатысты таза бағалау тәсілінің назариялылық контра-пункті ретінде қызмет ететіндігі. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті: 1) республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді; 2) экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған. Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан экономикалық элитаның өкілдері биліктің барлық “тармақтары” мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі. Бұл үрдістің тарихи тамыры барын айтуға тиіспіз: бұрынға коммунистік елдердің барлығында жеке меншік иеленушілер табының пайда болу процесі қалыптасқан билік жүргізуші құрылымдарға арқа сүйеді. Социологиялық зерттеудің мәліметтері бойынша үкіметтік құрылымдардың 75 проценті, ал бизнестегілердің 61 проценті бұрынғы кеңестік номенклатураның сапынан шыққандар екен /6/. Осыған ұқсас үрдістерді посткеңестік республикалардың басқаларынан да байқауға болады. Іс жүзінде мемлекетті партиялық номенклатура жекешелендіріп алды. “Коммунистік олигархияның өзі өз жүйесінің көрін қазушы болды, тіпті, өзінің жаназасында баюға, дәлірегі , өз жүйесінің жаназасын өзінің одан арылып, жаңа, тағы да номенклатуралық жүйені тудыруға үміт кеткен есепқор, әрі пайдакүнем көр қазушы болды”,- дейді Е.Гайдар/7/. Бұл күндердегі түбегейлі өзгерістердің бірі-элитаның жекелеген топтарының “дүниеге келуі”, нәтижесінде, олардың іштей жіктелуі, саралануы. Социализм кезінде экономикалық элита туралы тек шамамен, долбарлы түрде ғана айтылатын, өйткені: “меншік иесі- мемлекет” еді. Қазір экономикалық элита жеке меншік иелеуші ретінде дүниеге келіп жатыр десек, артық айтқандық емес.Посткоммунистік даму кереғарлықтарының бірі – экономикалық элитаның елден жырақ қонып, өмірден шет қалуы.Тап осы кереғарлықты былайша жатық түсіндіруге болады: яғни, посткоммунистік қоғам өзінің өмір сүріп, салтанат құруының негізгі ұстынын, атап айтқанда: “билік дегеніміздің өзі- басты экономикалық ресурс”деген принципті қолдан жасап шығарады. Осы болжам екі бағытта зерттеу жүргізуде: жаңа экономикалық элита капиталының қай бөлігі бұрынғы номенклатура капиталының сарқыты болып табылғанын; жаңа саяси элита иеленген саяси капиталын экономикалық капиталға айналдыру үшін ең қолайлы мүмкіндіктер туғызатын экономикалық өзгерістерге қарқын мен қарым бітірерлік-тей өзінің билік ресурстарын қалай пайдаланатыны зерделеуді міндеттейді.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) “Билеуші элита” атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер “Абсолюттік құқық” деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті калыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.

Сонда коғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

Әдебиеттер

1. Арынов Е.М. Тулегулов А.К. Шоманов А.Ж. Элита Казакстана о будущем страны // Саясат, 1997, №8 С. 12-15 Илеуова Г. Смена политических элит в постсоветском пространстве // Поиск, 1997, №3. С. 31-33 ;Тулегулов А.К. Рекрутирование политической элиты Казахстана: вчера и сегодня // Саясат, 1997, №11.С. 17-20. 2. Оболонский А.В. Постсоветское чиновничество, квазибюрократический правящий класс //Общественные науки и современность, 1996, № 5.С.5. 3. Крыштановская О. Трансформация старой номенклатуры в новую российскую элиту // Общественные науки и современность, 1995, №1.С.62. 4. Ашин Г.К. Основы элитологии. Алматы, 1996.С.144.

Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/1742

© e-history.kz

Қорытынды

Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Сонда коғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).



Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...