2. жаңа формациядағы мұҒалім ролі



бет2/8
Дата09.06.2022
өлшемі72.56 Kb.
#267257
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаңа формациядағы мұғалім курсавой
Күнделік -1
Зерттеу нысаны Қазіргі заманға сай жаңа формациядағы мұғалімнің сипаты, мақсат, міндеттері
Зерттеу мақсаты Жаңа формациядағы жаңашыл мұғалімнің моделін қалыптастыру, мақсат, міндеттерін айқындау
Зерттеудің міндеттері

  • қазіргі заман талабына сай білім беру мазмұнындағы жаңашыл мұғалім моделін қалыптастыру

  • мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу

  • Жаңа формациядағы жаңашыл мұғалімнің кәсіби сипатын анықтау

Зерттеу әдістері ақпарат жинақтау, талдау, сараптау, зерделеу
Зерттеу пәні Педагогика
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІ
1.1.Заманауи мектепте – заманауи мұғалім тұлғасы
Қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған, жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектепте мұғалімдерге қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізгі талаптарды толықтыра отырып, жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз себептігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекетті субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушы және іске асырушы жеке тұлға бұл мұғалім болып табылады. Ол тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске асырады, оқушылардың жан-жақты жеке тұлғалық сапаларды дамыту мен қалыптастыруға бағытталған, белсенді оқу-танымдық, спорттық сауықтыру және көркемдік-эстетикалық қызметін ұйымдастырады.
Білім беру мен тәрбие берудегі мұғалімнің шешуші қызметін мектеп тәжірибесінен алынған көптеген мысалдар мен белгілі педагогтардың айтқан қағидалары дәлелдейді.
Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің ролін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес».
Қазақ халқының белгілі ағартушы –педагогі, қазақ топырағында тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың кіріспесінде мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы- мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»- деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады.
Мұғалім- арнайы мамандығы бар және педагогикалық қызметпен кәсіби айналысатын адам. Кәсіби емес педагогикалық қызметпен барлық адамдар айналысады, ал тек ғана мұғалімдер педагогиканың заңдылықтарына сәйкес шәкірттерді қалай, қайткенде дұрыс тәрбиелеуге болады, өзінің кәсіби борышын сапалы орындау жауапкершілігін белгіленген тәртіппен алып жүруге болатындығын біледі. Мұғалімдік мамандық әрбір шәкірттің, жас жеткіншек ұрпақтың, қоғамның және мемлекеттің тағдырына жауапкершілікпен сезінумен сипатталады.
Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің тәртібінде тұрған күрделі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім.
Қазақ педагогикасының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұғалім туралы былай деген болатын-ды: «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, педагогикалық-психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелілік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға бейім мұғалім қажет.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу міндеті тапсырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы